daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Lucetam Таблеткалары 400 Мг №60 | Эгис ОАО

Таразе қаласындағы Lucetam Таблеткалары 400 Мг №60 | Эгис ОАО
Сипаттама:

Иісі жоқ, таблетканың бір жағында Е 241 бедері, ойығы бар, сопақша пішінді, екі беті дөңес, ақ немесе ақ дерлік түсті қабықпен қапталған таблеткалар (400 мг доза үшін). Иісі жоқ, таблетканың бір жағында Е 242 бедері, ойығы бар, екі жағында сызығы бар, сопақша пішінді, екі беті дөңес, ақ немесе ақ дерлік түсті қабықпен қапталған таблеткалар (800 мг доза үшін). Иісі жоқ, таблетканың бір жағында Е 243 бедері, ойығы бар, сопақша пішінді, екі беті дөңес, ақ немесе ақ дерлік түсті қабықпен қапталған таблеткалар (1200 мг доза үшін).

Халықаралық атауы:

Пирацетам

Өндіруші:

Эгис ОАО

Өндіруші ел:

Венгрия

Белсенді ингредиент:

бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (терминальді сатысы) геморрагиялық инсульт Гентингтон хореясы жүктілік және лактация кезеңі. Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары Сақтықпен: Гемостаздың бұзылуы, ауқымды хирургиялық араласулар, ауыр қан кетулер, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (СБЖ, креатинин клиренсі (КК) 20-80 мл / мин). Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі Фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер Басқа дәрілік заттардың әсерінен пирацетам фармакокинетикасының өзгеру мүмкіндігі өте төмен, өйткені 90% пирацетам өзгермеген күйде бүйрекпен шығарылады. In vitro жағдайларында пирацетам 142, 426 және 1422 мкг/мл концентрацияларда Р450 цитохромының бауыр изоферменттерін (CYP 1A2, 2B6, 2C8, 2C9, 2C19, 2D6, 2E1 және 4A9/11) тежемейді. 1422 мкг/мл концентрациясы үшін CYP 2A6 (21%) және 3А4/5 (11%) өте аз тежелуі байқалды. Алайда, осы екі изоферменттің тежелуін көрсететін тежелу константасының (Ki) мәндері 1422 мкг/мл-ден әлдеқайда жоғары болуы ықтимал. Осылайша, пирацетамның басқа дәрілік заттармен метаболизмдік өзара әрекеттесу ықтималдығы аз. Қалқанша без гормондары Қалқанша без гормондарымен (T3+T4) бір мезгілде қолдану орталықтық әсерлерді (ашушаңдық, ұйқының бұзылуы, сананың шатасуы) күшейтуі мүмкін. Эпилепсияға қарсы препараттар Препаратты тұрақты дозада қабылдайтын эпилепсиясы бар пациенттердің Луцетамды тәулігіне 20 г дозада 4 апта бойы қабылдауы, эпилепсияға қарсы препараттардың (карбамазепин, фенитоин, фенобарбитал, натрий вальпроаты) ең жоғары және ең төмен концентрацияларын өзгертпейді. Алкоголь Луцетам препаратын (1,6 г) этанолмен бір мезгілде қолдану пирацетамның сарысудағы концентрациясына ықпал етпейді, ал этанолдың сарысудағы концентрациясы 1,6 г пирацетамды қабылдаған кезде өзгерген жоқ. Аценокумарол Ауыр, қайталанған веналық тромбозы бар пациенттерде қарапайым (жеке-дара) жасырын зерттеудің нәтижелері бойынша пирацетам жоғары дозаларда (тәулігіне 9.6 г) ХҚҚ (халықаралық қалыптастырылған қатынасқа) 2,5 – 3,5 жетуге қажетті аценокумарол дозаларына ықпал етпеді. Алайда, тек қана аценокумаролды қолданумен салыстырғанда, тәулігіне 9,6 г дозада пирацетамды қосу тікелей емес антикоагулянттардың тиімділігін статистикалық маңызды түрде жоғарылатты (тек аценокумаролды қолданумен салыстырғанда тромбоциттер агрегациясы деңгейінің, b-тромбоглобулин босап шығуының, фибриноген деңгейінің, Виллебранд факторларының (YIII: C; VIII: vW : Ag; VIII: vW : RCo), қан мен плазма тұтқырлығының біршама айқынырақ төмендегені байқалған). Арнайы сақтандырулар Тромбоциттер агрегациясына ықпалы Пирацетамның тромбоциттер агрегациясына ықпал етуіне байланысты, препаратты гемостаздың ауыр бұзылуы, ауыр қан кету симптомдары немесе қан кетудің жоғары қаупі бар (мысалы, асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасы) пациенттерге, қанның ұюы бұзылған пациенттерге, геморрагиялық инсультті бастан өткерген пациенттерге, алда тұрған хирургиялық араласу алдында (оның ішінде стоматологиялық), антикоагулянттарды немесе тромбоциттер агрегациясын тежейтін препараттарды, оның ішінде ацетилсалицил қышқылының төмен дозаларын да қабылдайтын пациенттерге тағайындаған кезде сақ болу керек. Бүйрек жеткіліксіздігі Пирацетам организмнен бүйрекпен шығарылады, препаратты бүйрек функциясы бұзылған адамдарға тағайындаған кезде осыны ескеру керек. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде ұзақ ем кезінде дозаны өзгерту қажет болуы мүмкіндігіне орай креатинин клиренсін жүйелі бақылау қажет. Емдеуді күрт тоқтату Кортикальді миоклонияны емдеген кезде емдеуді күрт тоқтатпауға тырысу керек, өйткені бұл препаратты тоқтатудан туындайтын кенеттен қайталануды немесе құрысу талмаларын тудыруы мүмкін.

Белсенді заттың дозасы:

400 мг

Дәрілік түрі:

Қабықпен қапталған 400 мг, 800 мг, 1200 мг таблеткалар

Қаптамадағы саны:

60 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 400 мг, 800 мг, 1200 мг пирацетам

қосымша заттар: магний стеараты, повидон (К-30)

қабық: макрогол 6000, дибутилсебакат, титанның қостотығы (E 171), тальк, этилцеллюлоза (сулы дисперсия түрінде), гипромеллоза.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Иісі жоқ, таблетканың бір жағында Е 241 бедері, ойығы бар, сопақша пішінді, екі беті дөңес, ақ немесе ақ дерлік түсті қабықпен қапталған таблеткалар (400 мг доза үшін).

Иісі жоқ, таблетканың бір жағында Е 242 бедері, ойығы бар, екі жағында сызығы бар, сопақша пішінді, екі беті дөңес, ақ немесе ақ дерлік түсті қабықпен қапталған таблеткалар (800 мг доза үшін).

Иісі жоқ, таблетканың бір жағында Е 243 бедері, ойығы бар, сопақша пішінді, екі беті дөңес, ақ немесе ақ дерлік түсті қабықпен қапталған таблеткалар (1200 мг доза үшін).

Қолдану көрсеткіштері

Кортикальді миоклонияда моно- немесе кешенді ем ретінде.

Қарсы көрсеткіштер

белсенді затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (терминальді сатысы)

геморрагиялық инсульт

Гентингтон хореясы

жүктілік және лактация кезеңі.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Сақтықпен:

Гемостаздың бұзылуы, ауқымды хирургиялық араласулар, ауыр қан кетулер, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (СБЖ, креатинин клиренсі (КК) 20-80 мл / мин).

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер

Басқа дәрілік заттардың әсерінен пирацетам фармакокинетикасының өзгеру мүмкіндігі өте төмен, өйткені 90% пирацетам өзгермеген күйде бүйрекпен шығарылады.

In vitro жағдайларында пирацетам 142, 426 және 1422 мкг/мл концентрацияларда Р450 цитохромының бауыр изоферменттерін (CYP 1A2, 2B6, 2C8, 2C9, 2C19, 2D6, 2E1 және 4A9/11) тежемейді. 1422 мкг/мл концентрациясы үшін CYP 2A6 (21%) және 3А4/5 (11%) өте аз тежелуі байқалды. Алайда, осы екі изоферменттің тежелуін көрсететін тежелу константасының (Ki) мәндері 1422 мкг/мл-ден әлдеқайда жоғары болуы ықтимал. Осылайша, пирацетамның басқа дәрілік заттармен метаболизмдік өзара әрекеттесу ықтималдығы аз.

Қалқанша без гормондары

Қалқанша без гормондарымен (T3+T4) бір мезгілде қолдану орталықтық әсерлерді (ашушаңдық, ұйқының бұзылуы, сананың шатасуы) күшейтуі мүмкін.

Эпилепсияға қарсы препараттар

Препаратты тұрақты дозада қабылдайтын эпилепсиясы бар пациенттердің Луцетамды тәулігіне 20 г дозада 4 апта бойы қабылдауы, эпилепсияға қарсы препараттардың (карбамазепин, фенитоин, фенобарбитал, натрий вальпроаты) ең жоғары және ең төмен концентрацияларын өзгертпейді.

Алкоголь

Луцетам препаратын (1,6 г) этанолмен бір мезгілде қолдану пирацетамның сарысудағы концентрациясына ықпал етпейді, ал этанолдың сарысудағы концентрациясы 1,6 г пирацетамды қабылдаған кезде өзгерген жоқ.

Аценокумарол

Ауыр, қайталанған веналық тромбозы бар пациенттерде қарапайым (жеке-дара) жасырын зерттеудің нәтижелері бойынша пирацетам жоғары дозаларда (тәулігіне 9.6 г) ХҚҚ (халықаралық қалыптастырылған қатынасқа) 2,5 – 3,5 жетуге қажетті аценокумарол дозаларына ықпал етпеді. Алайда, тек қана аценокумаролды қолданумен салыстырғанда, тәулігіне 9,6 г дозада пирацетамды қосу тікелей емес антикоагулянттардың тиімділігін статистикалық маңызды түрде жоғарылатты (тек аценокумаролды қолданумен салыстырғанда тромбоциттер агрегациясы деңгейінің, b-тромбоглобулин босап шығуының, фибриноген деңгейінің, Виллебранд факторларының (YIII: C; VIII: vW : Ag; VIII: vW : RCo), қан мен плазма тұтқырлығының біршама айқынырақ төмендегені байқалған).

Арнайы сақтандырулар

Тромбоциттер агрегациясына ықпалы

Пирацетамның тромбоциттер агрегациясына ықпал етуіне байланысты, препаратты гемостаздың ауыр бұзылуы, ауыр қан кету симптомдары немесе қан кетудің жоғары қаупі бар (мысалы, асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасы) пациенттерге, қанның ұюы бұзылған пациенттерге, геморрагиялық инсультті бастан өткерген пациенттерге, алда тұрған хирургиялық араласу алдында (оның ішінде стоматологиялық), антикоагулянттарды немесе тромбоциттер агрегациясын тежейтін препараттарды, оның ішінде ацетилсалицил қышқылының төмен дозаларын да қабылдайтын пациенттерге тағайындаған кезде сақ болу керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Пирацетам организмнен бүйрекпен шығарылады, препаратты бүйрек функциясы бұзылған адамдарға тағайындаған кезде осыны ескеру керек.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде ұзақ ем кезінде дозаны өзгерту қажет болуы мүмкіндігіне орай креатинин клиренсін жүйелі бақылау қажет.

Емдеуді күрт тоқтату

Кортикальді миоклонияны емдеген кезде емдеуді күрт тоқтатпауға тырысу керек, өйткені бұл препаратты тоқтатудан туындайтын кенеттен қайталануды немесе құрысу талмаларын тудыруы мүмкін.

Арнайы нұсқаулар

Тромбоциттер агрегациясына ықпалы

Пирацетамның тромбоциттер агрегациясына ықпал етуіне байланысты, препаратты гемостаздың ауыр бұзылуы, ауыр қан кету симптомдары немесе қан кетудің жоғары қаупі бар (мысалы, асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасы) пациенттерге, қанның ұюы бұзылған пациенттерге, геморрагиялық инсультті бастан өткерген пациенттерге, алда тұрған хирургиялық араласу алдында (оның ішінде стоматологиялық), антикоагулянттарды немесе тромбоциттер агрегациясын тежейтін препараттарды, оның ішінде ацетилсалицил қышқылының төмен дозаларын да қабылдайтын пациенттерге тағайындаған кезде сақ болу керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Пирацетам организмнен бүйрекпен шығарылады, препаратты бүйрек функциясы бұзылған адамдарға тағайындаған кезде осыны ескеру керек.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде ұзақ ем кезінде дозаны өзгерту қажет болуы мүмкіндігіне орай креатинин клиренсін жүйелі бақылау қажет.

Емдеуді күрт тоқтату

Кортикальді миоклонияны емдеген кезде емдеуді күрт тоқтатпауға тырысу керек, өйткені бұл препаратты тоқтатудан туындайтын кенеттен қайталануды немесе құрысу талмаларын тудыруы мүмкін.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Препаратты дәрігердің тағайындауымен ғана қабылдау керек!

Дозаны аурудың ауырлығына, сондай-ақ препаратқа реакциясына сәйкес әркімге жеке таңдау қажет.

Әдеттегі ұсынылатын доза тәулігіне 30-160 мг/кг (тәулігіне 3-12 г ) құрайды. Жедел жай-күйлерде, сондай-ақ препаратты ішке қабылдау қиын немесе мүмкін болмаған кезде Луцетам препаратының инъекцияға арналған ерітінді түрін қолдану ұсынылады. Тәуліктік дозаны 2-4 қабылдауға бөлу керек.

Ұсынылатын дозалары:

Кортикальді миоклония

Бастапқы доза - тәулігіне 7,2 г, содан соң қажет болса дозаны 4,8 г-ден 3-4 күндік аралықпен тәулігіне 24 г ең жоғары дозаға дейін арттыруға болады. Тәуліктік дозаны 2-3 қабылдауға бөлу керек.

Кортикальді миоклонияны емдеген кезде басқа миоклонияға қарсы препараттарды әдеттегі дозаларда тағайындау керек. Кортикальді миоклонияда емдеуді аурудың бүкіл кезеңі бойы жалғастырады. Әрі қарай, пациенттің жай-күйінің жақсаруына байланысты, басқа миоклонияға қарсы дәрілердің дозасын төмендету мүмкіндігін қарастырған дұрыс. Пирацетаммен емдеуді аурудың бүкіл кезеңі бойы жалғастырады. Жедел жағдайларда кейбір пациенттерде уақыт өте келе жағдайының өздігінен жақсаруы байқалады, сондықтан, әр 6 ай сайын дозаны азайтуға немесе препаратты күрт тоқтатудан туындайтын кенет қайталанулардың немесе құрысулардың алдын алу мақсатында дозаны әр 2 күн сайын 1,2 г-ге біртіндеп қысқарта отырып (және Ланс-Адамс синдромында әр 3 - 4 күн сайын) емдеуді тоқтатуға әрекет жасау керек.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттер

Бүйрек функциясының бұзылуы бар болғанда дозаны түзетеді.

Егде пациенттерде ұзақ ем кезінде дозаны өзгерту қажет болуы мүмкіндігіне орай креатинин клиренсін жүйелі бақылау қажет («Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер» бөлімін қараңыз).

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Тек бауыр функциясының бұзылуынан ғана зардап шеккен пациенттерге дозаны түзету қажет емес.

Бүйрек және бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге дозаны түзету ұсынылады («Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер» бөлімін қараңыз).

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Мұндай пациенттерге бүйрек функциясына байланысты, төменде келтірілген кестеге сәйкес дозаны әркімге жеке түзету қажет. Кестені пайдалану үшін кретинин клиренсінің (КК мл/мин) мәнін анықтау керек, ол сарысудағы креатинин концентрациясына байланысты (мг/100 мл) мынадай формула бойынша анықталады:

Артық дозалану

Симптомдары: пациент 75 г пирацетамды ішке қабылдаған ең жоғары артық дозалану жағдайы белгілі. Пациенттің іші ауырып, қан аралас іш өтуі болды, бұл сорбиттің көп мөлшерде болуының әсері деп түсіндірілді.

Пирацетамның артық дозалануына байланысты жағымсыз реакциялар дамуының басқа жағдайлары туралы хабарланған жоқ.

Емі: пирацетамның елеулі мөлшерімен жедел артық дозаланғанда құстыруға немесе асқазанды шаюға болады. Арнайы антидоты жоқ. Артық дозалануға күдік туған жағдайда симптоматикалық емдеуді қолдану қажет. Пирацетам экстракция тиімділігі 50-60 % диализ көмегімен шығарылуы мүмкін.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар

Егер Сізде осы препаратты пайдалану туралы қосымша сұрақтар туындаса, дәрігеріңізге жүгініңіз

Шығарылу түрі

60 (400 мг доза үшін), 30 (800 мг доза үшін) таблеткадан қатпарлы амортизатормен жабдықталған және алғашқы ашылуы бақыланатын FG-15 полиэтилен қақпағы бар күңгірт шыныдан жасалған шыны құтыларға немесе немесе 20 (1200 мг доза үшін) таблеткадан алғашқы ашылуы бақыланатын G-15 полиэтилен қақпағы бар күңгірт шыныдан жасалған шыны құтыларға салынған. Құтыларға өздігінен желімденетін қағаздан жасалған заттаңбалар жапсырылған. 1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыLucetam таблеткалары 400 мг №60 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube