Қолдану көрсеткіштері
В1, В6 және В12 дәрумендерінің тапшылығы расталған, тамақ өнімдерімен толықтыру мүмкін емес айқын жүйелі неврологиялық ауруларды емдеу
В1, В6 және В12 дәрумендерінің тапшылығы расталған, тамақ өнімдерімен толықтыру мүмкін емес айқын жүйелі неврологиялық ауруларды емдеу
әсер етуші заттарға немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
қалпына келмейтін жедел жүрек жеткіліксіздігі, жүрек өткізгіштігінің бұзылуы
жүктілік және емшек емізу кезеңі
12 жасқа дейінгі балалар
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Мильгамма® препараты тек бұлшықет ішіне ғана енгізіледі (б/і), ешқандай жағдайда да вена ішіне (в/і) қан ағымына енгізілмейді, себебі препараттағы лидокаин мөлшері жүрек аритмиясына әкелуі мүмкін. Кездейсоқ венаға түскен кезде пациентті дәрігер бақылауы тиіс немесе симптомдардың ауырлығына байланысты ауруханаға жатқызылуы тиіс.
Препарат алты айдан астам ұзақ қолданғанда нейропатияны тудыруы мүмкін.
Доза бірлігіне арналған препарат (2 мл) құрамында 1 ммольден кем (23 мг) натрий бар.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
В1 дәрумені. Тиамин құрамында сульфит бар ерітіндіде толығымен бұзылады. В1 дәруменінің ыдырау өнімдері бар жерде басқа витаминдердің белсенділігі жойылады (темір иондарының төмен концентрациясы осындай белсенділігі жойылуын болдырмауы мүмкін).
Тиамин тотықтырушы заттармен, сынап хлоридімен, йодидпен, карбонатпен, ацетатпен, темір сульфатымен, танин қышқылымен, темір аммоний-цитратымен, сондай-ақ натрий фенобарбитонымен алымен, рибофлавинмен, бензилпенициллинмен, глюкозамен және метабисульфитпен үйлесімсіз. Мыс тиаминнің ыдырауын жеделдетеді; одан басқа рН (3 көп) мәні артқан кезде тиамин өзінің әсерін жоғалтады.
В6 дәрумені. В6 дәруменінің емдік дозалары леводопаның тиімділігін әлсіретуі мүмкін, сол сияқты леводопа В6 дәруменінің емдік дозаларының әсерін төмендетеді. Өзара әрекеттесулер изониазидпен, D-пеницилламинмен және циклосеринмен, Д-пеницилламинмен, адреналинмен, норадреналинмен, сульфонамидтермен байқалады, ол пиридоксин әсерін төмендетеді.
В12. дәрумені. Цианокобаламин тотықтырғыш заттармен және ауыр металл тұздарымен үйлесімсіз, тиаминнен туындаған аллергиялық реакцияларды күшейтуі мүмкін. Рибофлавин, әсіресе жарықтың әсерінен деструктивтік әсер етуі мүмкін. Никотинамид фотолизисті күшейтеді, ал сол уақытта антиоксиданттар бұл үдерісті тежейді.
Лидокаинді парентеральді енгізгенде эпинефринді немесе норэпинефринді бір мезгілде қабылдау жүрекке жағымсыз әсерді күшейтуі мүмкін.
Сондай-ақ, сульфонамидтермен өзара әрекеттесу байқалады.
Жергілікті анестетиктермен артық дозаланғанда эпинефринді немесе норэпинефринді қосымша енгізуден аулақ болу керек.
Арнайы ескертулер
Ампула ашылғаннан кейін микробиологиялық тұрғыдан препарат дереу енгізілуге жатады. Мильгамма® тек бұлшықет ішіне ғана енгізіледі (б/і).
Алты айдан астам ұзақ қолдану нейропатияны тудыруы мүмкін.
Мильгамма® доза бірлігіне (2 мл) құрамында 1 ммольден кем натрий (23 мг) бар.
Педиатрияда қолдану. Қатысы жоқ.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік кезінде В1 дәруменін қолданудың ұсынылатын тәуліктік дозасы екінші триместрде 1,2 мг, үшінші триместрде 1,3 мг; төртінші айдан бастап В6 дәрумені - 1,9 мг; В12 дәрумені – 2,6 мкг құрайды. Жүктілік кезінде көрсетілген дозалардың артуы B1 және B6 дәрумендерінің ауыр тапшылығы расталған жағдайда ғана мүмкін.
B1, В6 және В12 дәрумендері емшек сүтіне өтеді.
В6 дәруменінің жоғары дозалары сүт өндіруді тежеуі мүмкін.
Жүктілік кезінде және лактация кезеңінде препаратты қолдану туралы шешімді В1, В6 және В12 дәрумендерінің ауыр тапшылығы жағдайында емдеуші дәрігер ғана және пайдасы мен қаупі мұқият бағалағаннан кейін қабылдайды.
Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Мильгамма® көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді. Ерекше сақтық шаралары қажет емес.

Дозалау режимі
Ересектер
Қандағы препараттың жоғары деңгейіне жылдам қол жету үшін айқын және жедел ауырсыну синдромы жағдайында емді тәулігіне бір бұлшықетішілік инъекциядан (2 мл) бастайды, күн сайын 5-10 күн бойы. Ауыру синдромын жойғаннан кейін және аурудың жеңіл түрінде сирек инъекцияға (2-3 апта бойы аптасына 2-3 рет) ауысады.
Кейіннен инъекция арасындағы үзілістерде және жеңіл түрінде тәулігіне 3 рет 1 таблетка Мильгамма тағайындалады.
Апта сайын дәрігерлік тексеруден өту ұсынылады.
Ішке қабылдауға арналған дәрілік түрмен емге ауысуды мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүзеге асыру ұсынылады.
Ең жоғарғы бір реттік доза: 2,0 мл инъекция,
Ең жоғарғы тәуліктік доза: 2,0 мл инъекция,
Енгізу жиілігі: тәулігіне бір рет.
Енгізу әдісі және жолы
Инъекцияға арналған ерітінді (2 мл) бұлшықетке терең енгізіледі. Препаратты вена ішіне енгізуге болмайды (в/і), өйткені препараттағы лидокаин құрамы жүрек аритмиясына әкелуі мүмкін.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Емді тәулігіне 1-ші инъекциядан (2 мл) бастайды, күн сайын, 5-10 күн бойы жалғасады.
Емдеу ұзақтығы
Ауыру синдромын жойғаннан кейін және аурудың жеңіл түрінде одан әрі қарай ішке қабылдауға арналған дәрілік түрмен емге ауысады, болмаса тым сирек инъекцияларға (2-3 апта бойына аптасына 2-3 рет) көшу керек, әрі қарай емдеуді ішке қабылдауға арналған дәрілік түрімен мүмкіндігінше жалғастыру керек.
Апта сайын дәрігерлік тексеруден өту ұсынылады.
Ішке қабылдауға арналған дәрілік түрмен емге ауысуды мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүзеге асыру ұсынылады.
Егде жастағылар
Қолда бар деректер негізінде егде жастағы пациенттерде ұсынылатын дозада препаратты қолдану бойынша қандай да бір шектеулер жоқ.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде препарат әдеттегі дозада қолданылуы мүмкін.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде препарат әдеттегі дозада қолданылуы мүмкін.
Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар
Симптомдары: бас айналуы, аритмия, құрысулар.
Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем.
Симптомдар пайда болған кезде ем тағайындау үшін дәрігерге бару керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Қажет болған жағдайда емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
Қоңыр гидролитикалық I класты шыны ампулаларда 2 мл-ден.
Поливинилхлоридтен (ПВХ) жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 5 ампуладан және 5 немесе 10 ампуладан бөлгіші бар картон тұғырға салынады.
ПВХ жасалған 1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан немесе 2 картон тұғырдан (5 ампуладан) немесе 1 картон тұғырдан (10 ампуладан) медицинада қолданылуы жөнінде қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Тоңазытқышта (2 - 8°С), жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.