Қолдану көрсеткіштері
Жедел және созылмалы тыныс алу жолдарының аурулары кезінде сұйылтатын, муколитикалық дәрі
Жедел және созылмалы тыныс алу жолдарының аурулары кезінде сұйылтатын, муколитикалық дәрі
препарат құрамына кіретін әсер етуші затқа немесе қандай да бір қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
белсенді пептикалық ойық жара
метионин метаболизміне өнімнің ықпал етуіне байланысты, Муцитус® бауыр циррозынан және цистатион-синтетазасы ферментінің тапшылығынан зардап шегетін пациенттерге қолдануға болмайды
креатинин клиренсі <25 мл/мин бүйрек жеткіліксіздігі немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер жайында деректер болмағандықтан, эрдостеинді бұл пациенттерге пайдалануға болмайды
балалар және 18 жасқа дейінгі жасөсірімдер
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Эрдостеинді жөтелге қарсы препараттармен бір мезгілде қабылдауға болмайды, себебі бронхта сұйық сөл жиналуы және суперинфекция немесе бронхтың түйілуінің даму қауіпі артуы мүмкін.
Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде метаболиттер жинақталуы мүмкін. Бауыр функциясының бұзылуы айқын болған кезде жартылай шығарылу уақыты артуы мүмкін. Егер 5 күн ішінде оң динамика болмаған кезде немесе жағдай нашарласа, емдеуші дәрігерге жүгіну қажет.
Қапсула қабығының құрамына бриллиантты көк (Е133), кармоизин (Е122), хинолинді сары (Е104) бояғыштар кіретіндігі ескеріліп, препарат 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге тағайындалмайды.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік препараттармен өзара байланысу жөнінде хабарлар болған жоқ, сондықтан препаратты антибиотиктермен және бронходилататорлармен (жөтелге қарсы препараттар, теофиллин немесе бета2-миметиктер және т.б.) бірге қолдануға болады.
Арнайы ескертулер
Жүктілік немесе лактация кезеңі
Жүктілік немесе емшек емізу, жүктілікті болжамдау немесе жоспарлау жағдайында бұл дәрілік препаратты пайдаланар алдында дәрігеріңізден немесе фармацевтен кеңес алу керек. Жүктілік және емшек емізу кезеңінде эрдостеин қауіпсіздігі анықталмады, сондықтан оны қолдану ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Муцитус® көлік құралын басқару немесе механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне әсер етпейді

Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.