Қолдану көрсеткіштері
- шеткері нейропатияда
- шеткері нейропатияда
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары
Мекобаламин жүрек-қантамыр ауруларына шалдыққан пациенттерге сақтықпен қолданылуы тиіс. Коронарлық стенттеуден кейін вена ішіне фолий қышқылының, В6 дәруменінің және В12 дәруменінің жүктемелік дозасын, кейіннен күнделікті пероральді қолдану рестеноз қаупін арттыратыны (қантамырлардың қайта тарылуы) айқындалған. Сондықтан, потенциалды қаупіне байланысты, дәрумендердің мұндай біріктірілімін коронарлық стент қойылған пациенттерге ұсынуға болмайды.
Артериялық қысымы жоғары пациенттерге препаратты сақтықпен пайдалану керек, өйткені гидрокобаламинді вена ішіне енгізгеннен кейін қан қысымының жоғарылағаны хабарланған.
Хлорамфеникол
Кейбір клиникалық жағдайларда пациенттерде B12 дәруменін қосымша қабылдағанда хлорамфеникол ретикулоциттік жауап реакциясын кідіртуі немесе тоқтатуы мүмкін екендігі байқалған. Сондықтан осындай біріктірілімді болдырмау мүмкін болмаса, қан көрсеткіштерін мұқият бақылау қажет.
Сіңуі
Келесі аталған препараттар: аминосалицил қышқылы, антибиотиктер, колхицин, холестирамин, Н2-блокаторлар, метформин, неомицин, азот тотығы, пероральді контрацептивтер, фенитоин, фенобарбитал, примидон, протонды сорғы тежегіші, зидовудин B12 дәруменінің сіңірілуін төмендетуі мүмкін.
Арнайы сақтандырулар
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүкті немесе бала емізетін әйелдер үшін ұсынылған дозаларды пероральді қабылдау қауіпсіз болып табылады. Дәруменді ондай қабылдаудың қауіпсіздігі әзірше белгісіз болғандықтан, жоғары мөлшерде қабылдау ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Анықталған жоқ.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүкті немесе бала емізетін әйелдер үшін ұсынылған дозаларды пероральді қабылдау қауіпсіз болып табылады. Дәруменді ондай қабылдаудың қауіпсіздігі әзірше белгісіз болғандықтан, жоғары мөлшерде қабылдау ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Анықталған жоқ.
Дозалау режимі
Ересектерге арналған әдеттегі дозасы тәулігіне 3 рет 1 таблетканы құрайды, клиникалық әсерге қол жеткізу үшін дозасы тәулігіне 1500 мкг құрайды. Ең жоғарғы дозадан асатын дозалар кезінде қандай да бір елеулі емдік артықшылықтары айқындалмаған.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдауға арналған.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Емі симптоматикалық және демеуші болуы тиіс.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
Емі симптоматикалық және демеуші болуы тиіс.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
10 таблеткадан ПВХ/ПВДХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған күңгірт, қызыл түсті пішінді ұяшықты қаптамада.
3 немесе 10 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.