daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Ампуланың Никотин Қышқылы 1% 1 Мл №10 | Химфарм АО

Таразе қаласындағы Ампуланың Никотин Қышқылы 1% 1 Мл №10 | Химфарм АО
Сипаттама:

Мөлдір, түссіз сұйықтық

Халықаралық атауы:

Никотин қышқылы

Өндіруші:

Химфарм АО

Өндіруші ел:

Республика Казахстан

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, инъекцияға арналған су Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Мөлдір, түссіз сұйықтық

Белсенді заттың дозасы:

1%

Дәрілік түрі:

Инъекцияға арналған ерітінді 1%,1 мл

Қаптамадағы саны:

10 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

1.0 мл препараттың құрамында

белсенді зат - никотин қышқылы 10,0 мг

қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, инъекцияға арналған су

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Мөлдір, түссіз сұйықтық

Қолдану көрсеткіштері

- пеллаграның (РР авитаминозы) профилактикасында және емдеуде

Кешенді ем құрамында:

аяқ-қол қантамырларының түйілуінде (облитерациялайтын эндартериит, Рейно ауруы)

бет жүйкесінің невритінде

ми қанайналымының ишемиялық бұзылуларында

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

артериялық гипертензияның ауыр түрлері

атеросклероз (венаішілік инъекция үшін)

асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы (өршу сатысында)

бауыр функциясының айқын бұзылуы: гепатит, бауыр циррозы

анамнездегі шеткері қантамырлар қарсыластығының кенеттен төмендеуі

жуырда бастан өткерген миокард инфарктісі

декомпенсацияланған қант диабеті

подагра және гиперурикемия

жүктілік, лактация кезеңі

15 жасқа дейінгі балаларға

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесу қажет.

Ұзақ уақыт қолдану бауырдың майлы дистрофиясына алып келуі мүмкін болғандықтан, соңғысының профилактикасы үшін пациенттердің диетасына метионинге бай өнімдерді қосады немесе метионинді, липой қышқылын тағайындайды. Емдеу үдерісінде бауыр функциясын бақылауда ұстау қажет. Препаратқа жоғары сезімталдық пайда болса (тамырды кеңейткіш дәрі ретінде қолданылған жағдайларынан басқа), никотинамидке алмастыруға болады.

Препаратты гиперацидті гастритте, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруында (өршу сатысынан тыс) сақтықпен қолданады.

Препаратты қолдану қант диабеті бар пациенттерде инсулинге қажеттіліктің артуына алып келуі мүмкін. Қант диабеті бар пациенттерде дислипидемияны түзету үшін қолдану керек емес.

Глюкозаға төзімділіктің төмендеу мүмкіндігіне байланысты глюкозаға, сондай-ақ ұзақ емдеу нәтижесінде жоғарылау мүмкіндігін ескере отырып, сарысудағы несеп қышқылы деңгейіне ұдайы мониторинг жүргізіп отыру қажет.

Глаукомада, қан кетулерде, артериялық гипотензияда, бауыр және бүйрек функциясының бұзылуында, анамнездегі бауыр аурулары мен оның функциясының бұзылуында, қант диабетінде, жүрек ырғағының бұзылысында, бас сақинасында, алкогольді шамадан тыс пайдалануда сақтықпен тағайындайды.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Ұрықтануға қарсы пероральді дәрілер мен изониазид триптофанның никотин қышқылына өзгеруін төмендетеді және сол арқылы, никотин қышқылына қажеттілікті арттыруы мүмкін.

Никотин қышқылы пробенецид, неомицин, барбитураттардың, туберкулезге қарсы дәрілердің, сульфаниламидтердің тиімділігі мен уыттылығын төмендетеді.

Антибиотиктер никотин қышқылы туғызатын терінің қызаруын күшейтуі мүмкін.

Ацетилсалицил қышқылы никотин қышқылының әсерінен туындайтын терінің қызару әсерін азайтады.

Ципрофибратты никотин қышқылымен біріктіру ұсынылмайды.

Жағымсыз реакциялар дамуы мүмкін болғандықтан, ловастатинді, правастатинді никотин қышқылымен біріктіру ұсынылмайды. Никотин қышқылын ловастатинмен қолданғанда рабдомиолиз жағдайлары туралы хабарламалар болған.

Гипотензиялық дәрілермен (гипотензиялық әсері күшеюі мүмкін), антикоагулянттармен, ацетилсалицил қышқылымен (геморрагиялардың даму қаупіне байланысты) біріктіргенде сақ болу қажет.

Препарат фибринолитик дәрілердің, спазмолитиктер мен жүрек гликозидтерінің әсерін, алкогольдің бауырға уытты әсерін күшейтеді.

Тиамин хлориді (тиаминнің бұзылысы жүреді), пиридоксин гидрохлориді, цианокобаламин, эуфиллин, салицилаттар, тетрациклиндер, симпатомиметиктер, гидрокортизон ерітінділерімен араластырмау керек .

Арнайы сақтандырулар

Препарат құрамында қосымша зат ретінде әр ампуласында 76,18 ммоль натрий бар. Сондықтан тұзсыз диета ұстанатын адамдарға тағайындағанда сақ болу керек.

Педиатрияда қолдану

Препарат балаларға 15 жастан бастап тағайындалады.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Препаратты жүктілік кезеңінде қолдануға болмайды. Препаратты емшек емізіп жүрген кезеңде қолдану қажет болғанда бала емізуді тоқтата тұрған жөн.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік препараттың жағымсыз реакцияларын ескере отырып, автокөлікті және қозғалыстағы механизмдерді басқарған кезде сақ болған жөн.

Арнайы нұсқаулар

Препарат құрамында қосымша зат ретінде әр ампуласында 76,18 ммоль натрий бар. Сондықтан тұзсыз диета ұстанатын адамдарға тағайындағанда сақ болу керек.

Педиатрияда қолдану

Препарат балаларға 15 жастан бастап тағайындалады.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Препаратты жүктілік кезеңінде қолдануға болмайды. Препаратты емшек емізіп жүрген кезеңде қолдану қажет болғанда бала емізуді тоқтата тұрған жөн.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік препараттың жағымсыз реакцияларын ескере отырып, автокөлікті және қозғалыстағы механизмдерді басқарған кезде сақ болған жөн.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Вена ішіне сорғалатып енгізу үшін препараттың бір реттік дозасын 10 мл 0,9 % натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтады, кемінде 5 минут ішінде енгізеді (1 минут ішінде 2 мг никотин қышқылынан асырмай).

Вена ішіне тамшылатып енгізу үшін препараттың бір реттік дозасын 100-200 мл 0,9 % натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтады, енгізу жылдамдығы – минутына 30-40 тамшы.

Теріастылық және бұлшықетішілік енгізулері ауырсынумен жүреді.

Пеллаграда вена ішіне немесе бұлшықет ішіне 1 мл 1% ерітіндіні 10-15 күн бойы күніне 1-2 рет енгізеді.

Ми қанайналымының ишемиялық бұзылуында вена ішіне (баяу) 1 мл 1% ерітіндіні енгізеді.

Басқа көрсетілімдерде тері астына немесе бұлшықет ішіне 10-15 күн бойы күніне 1 рет 10 мг (1 мл) тағайындайды. Инфузиялық ерітіндіге: 10 мг (1 мл) никотин қышқылын 100-200 мл инфузиялық ерітіндіге қосуға болады.

Вена ішіне енгізгендегі жоғарғы дозалары: бір реттік – 100 мг (10 мл), тәуліктік – 300 мг (30 мл).

Артық дозалану

Симптомдары: жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан болатын жағымсыз реакциялардың күшеюі – артериялық гипотензия, бас ауыруы, естен тануы, бас айналуы мүмкін, басқа қан тебуді сезіну.

Емі: препаратты тоқтату, уытсыздандырғыш ем, симптоматикалық ем. Арнайы антидоты жоқ.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Қабылданбай қалған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозаны қабылдамаңыз.

Тоқтату симптомдары қаупінің болуына көрсетілім

Қатысты емес

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қолданар алдында кеңес алу үшін дәрігерге жүгініңіз.

Шығарылу түрі

1 мл препараттан сындыру нүктесі немесе сақинасы бар, шприцпен толтырылатын шыны ампулаларға құйылады.

Әр ампулаға заттаңба жапсырылады.

10 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға қапталады.

Препараты бар 1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілідеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Дәрілік препараты бар қорапшалар картон қораптарға салады.

Қорапшаға салмай қаптауға рұқсат етіледі: пішінді ұяшықты қаптамалар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтармен бірге картон қораптарға салынады, медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтардың саны қаптамалардың санына қарай қоса салынады

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 30°С-ден аспайтын температурада .

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 30°С-ден аспайтын температурада .

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

1 мл (ампула)

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыампуланың никотин қышқылы 1% 1 мл №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube