Құрамы
Таблеткалардың қабығында аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін тағамдық aзобояғыштар (E 104, E 110, E 132) бар.
Таблетканың құрамында соя лецитині (Е 322) болуына байланысты дәрілік препаратты арахиске немесе сояға сезімталдығы жоғары адамдарға қабылдауға болмайды.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Нистатинді клотримазолмен бір мезгілде қолданғанда соңғысының белсенділігі төмендейді.
Арнайы ескертулер
Пероральді қолдануға арналған нистатин препараттарын жүйелік микозды емдеу үшін пайдалануға болмайды. Қынаптың зеңдік аурулар кезінде жыныстық жұптасты бір мезгілде емдеу ұсынылады.
Педиатрияда қолдану
Препарат 18 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік кезінде препаратты қабылдауға болмайды.
Нистатиннің емшек сүтіне енуі туралы деректер жоқ. Нистатин асқазан-ішек жолынан өте аз мөлшерде сіңетініне қарамастан, лактация кезеңінде препаратты қабылдаған кезде сақ болу керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолдану көлік құралдарын басқару және жоғары зейін қоюды және психомоторлық реакциялар жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысу қабілетіне әсер етпейді.