daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Омепразол Капсулалары 20 Мг №30 | Лекфарм СООО

Таразе қаласындағы Омепразол Капсулалары 20 Мг №30 | Лекфарм СООО
Сипаттама:

Жартылай сферикалық ұштары бар цилиндр пішінді, ақ түсті № 1 қатты желатинді капсулалар. Капсулалардың ішіндегісі – ақ немесе ақ түсті дерлік сферикалық пеллеттер.

Халықаралық атауы:

Омепразол

Өндіруші:

Лекфарм СООО

Өндіруші ел:

Республика Беларусь

Белсенді ингредиент:

Дені сау пациенттерге 40 мг дозада тағайындалған омепразол цилостазолдың Cmax және AUC тиісінше 18% және 26%-ға, ал оның белсенді метаболиттерінің бірінің Cmaxжәне AUC тиісінше 29% және 69%- ға ұлғайтты. Омепразолмен ем басында алғашқы екі апта ішінде және егер фенитоин дозасы түзетілген болса, онда омепразолмен ем соңында дозаны кейіннен

Белсенді заттың дозасы:

20 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Ересек пациенттер:

асқазан мен он екі елі ішек ойық жарасының қайталануын емдеу және профилактикасы;

ойық жара ауруы кезінде Helicobacter pylori (H. pylori) эрадикациясында тиісті бактерияға қарсы препараттармен біріктірілімде;

қауіп тобындағы пациенттердегі ҚҚСД-астасқан асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруын емдеу және профилактикасы;

рефлюкс-эзофагитті емдеу;

емделген рефлюкс-эзофагиті бар пациенттерде рецидивтің ұзақ мерзімді профилактикасы;

гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын симптоматикалық емдеу;

Золлингер-Эллисон синдромын емдеу.

1 жастан асқан және дене салмағы 10 кг кем емес балалар:

Қарсы көрсеткіштер

Омепразолға, орын басатын бензимидазолдарға немесе дәрілік препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық.

Омепразолды, протонды сорғының басқа тежегіштері (ППТ) секілді, нелфинавирмен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

Егер дене салмағының едәуір түсуі, қайталанатын құсу, дисфагия, қан құсу немесе қара нәжіс секілді алаңдататын симптомдар пайда болса, асқазан жарасына күдік болса, препаратты қабылдау оның симптомдарын бүркемелеп, дұрыс диагнозды қоюды қиындатуы мүмкін болғандықтан, қатерлі түзілудің жоқтығына көз жеткізіп алу керек.

Атазанавирді протонды сорғы тежегіштерімен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Егер атазанавир мен протонды сорғы тежегіші біріктірілімін қолданбау мүмкін болмаса, атазанавир дозасын 100 мг ритонавирге 400 мг-ға дейін арттыру үйлесімінде мұқият клиникалық мониторингті (мысалы, вирустық жүктемені) жүргізу ұсынылады; омепразол дозасы 20 мг аспауы тиіс.

Омепразол, басқа да қышқылды тежейтін препараттар секілді, гипо - немесе ахлоргидрия арқылы В12 дәруменінің (цианокобаламин) сіңу дәрежесін төмендетуі мүмкін. Мұны В12 дәрумені тапшылығы бар немесе ұзақ мерзімді емдеу кезінде В 12 дәруменінің сіңу дәрежесін төмендету қаупі бар пациенттерді емдеу кезінде ескеру қажет.

Омепразол СҮР2С19 тежегіші болып табылады. Омепразолмен емдеу басында немесе соңында СҮР2С19-бен метаболизденетін препараттармен, мысалы, клопидогрелмен өзара әрекеттесудің әлеуетті мүмкіндігін назарға алу қажет. Осы өзара әрекеттесудің клиникалық маңызы түсініксіз болып қала береді. Сақтық шарасы ретінде омепразол мен клопидогрелді қолдануға жол бермеу керек.

Протонды сорғы тежегіштерін кемінде 3 ай, көп жағдайда емдеу жылы ішінде қабылдайтын пациенттерде ауыр гипомагниемияның дамуы туралы хабарламалар алынды. Ауыр жағымсыз әсерлерге қажу, тетания, делирий, құрысулар, бас айналу, қарыншалық экстрасистолия кіреді. Олар білінбей басталып, байқалмайтын болып қалуы мүмкін. Пациенттердің көпшілігінде жағдай магний тұздарын енгізгеннен кейін және протонды сорғы тежегіштерін қолдануды тоқтатқаннан кейін жақсарды.

Стивенс-Джонсон синдромы (SJS), уытты эпидермальді некролиз (TEN), эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік реакция (DRESS) және өмірге қауіп төндіретін немесе өлімге әкелетін жедел жайылған

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер

Он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу

Он екі елі ішектің ойық жарасы ауруы асқынған пациенттер үшін ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 20 мг құрайды. Он екі елі ішектің ойық жарасы бар пациенттердің көпшілігінде ойық жараны емдеу 2 апта ішінде жүреді, бірақ кейбір пациенттерде жаралар жазылу үшін препаратпен қосымша 2 апталық емдеу курсы қажет етілуі мүмкін.

Емдеуге сезімталдығы аз он екі елі ішектің ойық жарасы бар пациенттерге әдетте тәулігіне 1 рет 40 мг омепразол тағайындалады; ойық жараның жазылуы әдетте 4 апта ішінде жүреді.

Он екі елі ішектің ойық жарасы ауруы қайталануының профилактикасы

H. pylori-ге теріс талдауы бар пациенттерде он екі елі ішектің ойық жара ауруы қайталануының профилактикасы үшін немесе H. pylori эрадикациясын жүргізу мүмкін болмаған жағдайда тәулігіне 1 рет 20 мг препараттан тағайындау ұсынылады. Кейбір пациенттерге 10 мг тәуліктік дозаны қабылдау жеткілікті болуы мүмкін. Емнің тиімсіздігі жағдайында дозаны тәулігіне 1 рет 40 мг дейін арттыруға болады.

Асқазан ойық жарасын емдеу

Асқазан ойық жарасы бар пациенттер үшін ұсынылатын доза тәулігіне 1 рет 20 мг құрайды. Асқазан жарасы бар пациенттердің көпшілігінде жазылу 4 апта ішінде жүреді, бірақ кейбір пациенттерге жара жазылу үшін препаратпен қосымша 4 апта емделу курсы қажет болуы мүмкін. Емдеуге сезімталдығы аз асқазан ойық жарасы бар пациенттерге тәулігіне 1 рет 40 мг препаратты тағайындау ұсынылады және жазылу әдетте сегіз апта ішінде мүмкін болады.

Асқазан ойық жарасы қайталануының профилактикасы

Нашар емделетін асқазан жарасы бар пациенттерде қайталануды алдын- алу үшін тәулігіне 1 рет 20 мг препаратты тағайындау ұсынылады. Қажет болса, дозаны тәулігіне 1 рет 40 мг дейін арттыруға болады.

Ойық жара ауруы кезіндегі H. pylori эрадикациясы

Шығарылу түрі

10 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

Үш пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Ылғал мен жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Ылғал мен жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыомепразол капсулалары 20 мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube