daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Оргил Таблеткалары 500 Мг №10 | Кусум Хелткер Пвт. Лтд.

Таразе қаласындағы Оргил Таблеткалары 500 Мг №10 | Кусум Хелткер Пвт. Лтд.

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, қызғылт-сары түсті қабықпен қапталған таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Орнидазол

Өндіруші:

Кусум Хелткер Пвт. Лтд.

Өндіруші ел:

Республика Индия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза РН 102, жүгері крахмалы, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, тазартылған су, қабықтың құрамы: Опадрай 03В53217 қызғылт-сары* *- қабықтың құрамы: FD&C сары № 6/Sunset сары FCF алюминий лагы (E110), полиэтиленгликоль, FD&C сары № 6/Sunset сары FCF алюминий лагы (E110), гипромеллоза, титанның қостотығы (Е 171). Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Дөңгелек пішінді, қызғылт-сары түсті қабықпен қапталған таблеткалар.

Белсенді заттың дозасы:

500 мг

Дәрілік түрі:

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 500 мг

Қаптамадағы саны:

10 шт.
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір таблетканың құрамында:

белсенді зат – 500 мг орнидазол,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза РН 102, жүгері крахмалы, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, тазартылған су,

қабықтың құрамы: Опадрай 03В53217 қызғылт-сары*

*- қабықтың құрамы: FD&C сары № 6/Sunset сары FCF алюминий лагы (E110), полиэтиленгликоль, FD&C сары № 6/Sunset сары FCF алюминий лагы (E110), гипромеллоза, титанның қостотығы (Е 171).

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, қызғылт-сары түсті қабықпен қапталған таблеткалар.

Қолдану көрсеткіштері

- трихомониазда (ерлер мен әйелдердегі қынап трихамонадасын жұқтыру нәтижесіндегі несеп-жыныс инфекцияларында)

- амебиазда (амебалық дизентерияны, амебиаздың барлық ішектен тыс формаларын қоса, Entamoeba histolytica байланысты ішек инфекцияларында (соның ішінде бауыр абсцесінде))

- лямблиозда

- хирургиялық және гинекологиялық араласулардан кейінгі анаэробтық инфекциялардың профилактикасында

Қарсы көрсеткіштер

- орнидазолға немесе басқа имидазол туындыларына, сондай-ақ қосымша заттарына жоғары сезімталдық

- орталық жүйке жүйесінің аурулары (эпилепсия, мидың зақымдануы, жайылған склероз)

- созылмалы алкоголизм

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар

Арнайы нұсқаулар

ОРГИЛ® құрамында әр таблеткада 1 ммоль-ден аз натрий (23 мг) бар, яғни, шын мәнінде «натрий жоқ».

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік

Ауқымды in vivo зерттеулерде орнидазолдың қандай да бір тератогендік немесе фетоуыттылық әсері анықталған жоқ. Дегенмен, жүкті әйелдердің арасында бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ. Жалпы ереже бойынша, ОРГИЛ® препаратын жүкті әйелдерге сақтықпен тағайындау және жүктіліктің бастапқы мерзімінде аса қажет жағдайларда болмаса, тағайындамау керек.

Емшек емізу

ОРГИЛ® препаратын әйелдер лактация кезеңінде аса қажет жағдайларда ғана қабылдауы керек.

Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

ОРГИЛ® препаратын қабылдап жүрген пациенттерде ұйқышылдық, бас айналуы, тремор, сіресу, қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, құрысулар, бас айналуы немесе уақытша естен тану байқалуы мүмкін. Туындаған құбылыстар зейін қоюды қажет ететін қызметтерге, мысалы көлік жүргізу мен жабдықтарды пайдалануға әсер етуі мүмкін.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Трихомониазды емдеу үшін:

Артық дозалану

Артық дозалану жағдайларында «Жағымсыз реакциялар» бөлімінде атап көрсетілген симптомдар ауырлау түрде көрініс береді. Әсерін қайтаратын қандай да бір дәрілер жоқ. Құрысулар туындаған жағдайда диазепам ұсынылады.

Дәрілік препаратты қабылдаудан бұрын кеңес алу үшін дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.

Жанама әсерлері

Жиі емес

- жүрек айнуы, құсу, диарея, эпигастрий аймағындағы жайсыздық, ауыздың құрғауы және анорексия

Сирек

- лейкопения

- дәм сезудің бұзылулары

- қышыну және тері реакциялары

Өте сирек

- ұйқышылдық, бас ауыруы, бас айналуы, тремор, сіресу, қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылыстары, құрысулар, шаршау, бас айналуы, уақытша естен тану, сенсорлық немесе аралас шеткері нейропатия

Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)

- сарғаю, бауыр функциясының биохимиялық көрсеткішінің нормаға сәйкес келмеуі

Шығарылу түрі

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 немесе 10 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыОргил таблеткалары 500 мг №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube