Қолдану көрсеткіштері
Дәрілік препарат ересектер мен балаларда терінің әртүрлі зақымдануы кезінде, оның ішінде:
- сыдырылған жараларда, тері сызаттарында
- операциядан кейінгі асептикалық жарақаттарда
- нашар бітісетін тері трансплантаттарында
- трофикалық ойық жараларда
- күн және термиялық күюлерде
- сулы бөртпелі дерматоздарда (тұрпайы сулы бөртпе, жапырақ тәрізді сулы бөртпе, Дюринг дерматиті, Левер пемфигоиды)
- ойық жаралар мен эрозиямен қатар жүретін дерматоздарда
- ультракүлгін сәулеленуден туындаған еріннің қарапайым герпесінде (herpes labialis solaris)
- жауыржараларда
- сәулеленуден кейінгі терінің сәулелік асқынуларының профилактикасында қолданылады
Жаралар мен күюлерді емдеуде препаратты регенерация (жарақат процесінің екінші фазасы) сатысында қолданады.