daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Пантенол Аэрозоль 58 Г | Микрофарм

Таразе қаласындағы Пантенол Аэрозоль 58 Г | Микрофарм
Сипаттама:

Препарат контейнерден шыққан кезде әлсіз спецификалық иісі бар ақ көбік түзеді.

Халықаралық атауы:

Декспантенол

Өндіруші:

Микрофарм

Өндіруші ел:

Украина

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: эмульгациялайтын цетостеарил спирті (А типті), метилпарагидроксибензоат, макроголглицерол кокоаты, пропиленгликоль, калий дигидрофосфаты, динатрий фосфаты додекагидраты, тазартылған су, хладон 134а. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Препарат контейнерден шыққан кезде әлсіз спецификалық иісі бар ақ көбік түзеді.

Дәрілік түрі:

Сыртқа қолдануға арналған аэрозоль, 58 г немесе 116 г

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Дәрілік препарат ересектер мен балаларда терінің әртүрлі зақымдануы кезінде, оның ішінде:

- сыдырылған жараларда, тері сызаттарында

- операциядан кейінгі асептикалық жарақаттарда

- нашар бітісетін тері трансплантаттарында

- трофикалық ойық жараларда

- күн және термиялық күюлерде

- сулы бөртпелі дерматоздарда (тұрпайы сулы бөртпе, жапырақ тәрізді сулы бөртпе, Дюринг дерматиті, Левер пемфигоиды)

- ойық жаралар мен эрозиямен қатар жүретін дерматоздарда

- ультракүлгін сәулеленуден туындаған еріннің қарапайым герпесінде (herpes labialis solaris)

- жауыржараларда

- сәулеленуден кейінгі терінің сәулелік асқынуларының профилактикасында қолданылады

Жаралар мен күюлерді емдеуде препаратты регенерация (жарақат процесінің екінші фазасы) сатысында қолданады.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- көзге қолдануға болмайды

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Препаратты алғаш қолданған кезде контейнерді мұқият сілку керек, көбік пайда болғанға дейін бірінші порциясын шығару керек, содан кейін ғана препаратты зақымданған беткейге жағу қажет.

Көбіктің көзге түсіп кетуінен аулақ болған жөн. Егер көбік көзге кездейсоқ түссе, көзді сумен жуып-шаю керек.

Препаратты жарақаттарға, күюлерге, трофикалық және мол іріңді экссудациясы бар сәулелік ойық жараларға қолдануға болмайды, себебі ол регенерация фазасында қолдануға және сәулелік асқынулардың профилактикасына арналған. Аэрозоль контейнерінде қысым бар! Сондықтан құлаудың, соққылардың, тікелей күн сәулесі әсерінің және 45 °С-ден асатын қызып кетудің алдын алу керек. Препаратты қолданғаннан кейін контейнерді күш жұмсап ашуға және өртеуге болмайды. Препаратты ашық оттың жанында немесе қызған заттарға бүркуге болмайды.

Демікпемен немесе бронх-өкпе ауруларымен (бронх және/немесе өкпе аурулары) ауыратын адамдарға дәрілік препаратты сақтықпен қолдану керек.

Пантенолды бүрку кезінде пропеллентті деммен ішке тартпаңыз, өйткені ол шырышты қабықты тітіркендіруі немесе тіпті бронх түйілуді туындатуы мүмкін.

Цетостеарил спирті терінің жергілікті тітіркенуін туындатуы мүмкін (мысалы, жанаспалы дерматит).

Балаларда қолдану

Пантенолды қолдануға жас шектеулері жоқ.

Балаларға алдын ала дәрігермен кеңескеннен кейін сақтықпен қолдану керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Өзара әрекеттесу зерттеулері жүргізілген жоқ.

Арнайы сақтандырулар

Педиатрияда қолдану

Пантенолды қолдануға жас шектеулері жоқ.

Балаларға алдын ала дәрігермен кеңескеннен кейін сақтықпен қолдану керек.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Препаратты жүктілік кезінде және лактация кезінде көрсетілімдер бойынша қолдануға болады.

Декспантенолдың қанша мөлшері тері арқылы қанға сіңетіні белгісіз болғандықтан, оны үлкен аймаққа қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару кезінде реакция жылдамдығына әсер етпейді.

Өзара әрекеттесуі

Арнайы нұсқаулар

Шығарылу түрі

58 г немесе 116 г үздіксіз әрекет ететін аэрозольді клапандармен, бүріккіштермен және қорғаныш қалпақшалармен аэрозольді алюминий контейнерлерде.

Контейнерге трафареттік немесе құрғақ офсеттік басып шығару әдісімен заттаңбаның мәтінін жазады немесе жабысқақ жабыны бар заттаңбаны жапсырады.

Бүріккіші, қорғаныш қалпақшасы және медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулығы бар әрбір контейнерді тұтыну ыдысына арналған картон қорапшаға немесе хром-эрзац типті картонға салады.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Салмағы

58 г

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыпантенол аэрозоль 58 г дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube