Қолдану көрсеткіштері
Пантогам, шәрбат ересектер мен туылғаннан бастап 18 жасқа дейінгі балаларда қолдануға арналған:
өмірінің алғашқы күнінен перинатальді энцефалопатиясы бар балаларда;
балалар церебральді салдануының әр түрлі түрлерінде;
түрлі дәрежеде білінетін, оның ішінде мінез-құлық бұзылулары болатын ақыл кемістігінде;
психикалық дамудың жалпы кідіруі, сөйлеудің спецификалық бұзылулары, қозғалыс функциялары және олардың үйлесуі, мектеп дағдыларын қалыптастыру (оқу, жазу, санау және т.б.) түрінде балаларда психологиялық статустың бұзылуларында;
гиперкинездік бұзылыстарда, оның ішінде зейін қою тапшылығы бар аса жоғары белсенділік синдромында;
неврозға ұқсас жағдайларда (көбіне клонустық түрде болатын кекештену, тартылу, органикалық емес энкопрез және энурез кезінде);
ми қантамырларының атеросклероздық өзгерістерінің салдарынан сенильдік деменцияның бастапқы түрлері кезінде, шығу тегі жарақатты, уытты, нейроинфекциялық мидың органикалық зақымдануларында мнестикалық-интеллектуалдық өнімділіктің төмендеуінде;
церебральді органикалық жеткіліксіздігі бар шизофренияда (психотропты препараттармен кешенде);
мидың органикалық ауруларындағы экстрапирамидалық бұзылуларда (миоклонус-эпилепсия, Гентингтон хореясы, гепатолентикулярлық дегенерация, Паркинсон ауруы және т. б.), сондай-ақ нейролептиктерді қабылдаудан туындаған экстрапирамидалық синдромды емдеу мен профилактикасы үшін;
антиконвульсанттармен бірге психикалық процестерінің баяулауымен және когнитивті өнімділіктің төмендеуімен эпилепсияда;
психоэмоционалды шамадан тыс жүктемеде, ақыл-ой мен физикалық жұмыс қабілеттілігінің төмендеуінде, зейін қоюдың шоғырлануы және есте сақтауды жақсарту үшін;
несеп шығарудың нейрогендік бұзылуларында (поллакиурия, императивті несеп шығаруға қысылу, императивті несеп ұстамау).