daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Парацетамол Таблеткалары 200 Мг №10 | Борисовский ЗМП

Қоймада жоқ
Таразе қаласындағы Парацетамол Таблеткалары 200 Мг №10 | Борисовский ЗМП
Сипаттама:

Жалпақ цилиндр пішінді сызығы мен ойығы бар, ақ немесе крем реңдес ақ түсті дөңгелек таблеткалар Шығарылу түрі және қаптамасы 10 таблетка поливинилхлоридті үлбірден немесе дәрілік заттарды қаптауға арналған пластификацияланбаған ПВХ үлбірден және алюминий фольга негізіндегі икемді қаптамадан немесе лакталған баспалы алюминий фольгадан, немесе біріктірілген материалдан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 10 таблетка қағаз және картон негізіндегі біріктірілген материалдан немесе қаптаушы материалдан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада. Пішінді ұяшықсыз қаптамалар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың тиісті санымен топтық қаптамаға салынады. 1, 2, 3, 5 пішінді ұяшықсыз қаптамалар немесе 1, 2, 3, 5 пішінді ұяшықты қаптамалар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Халықаралық атауы:

Парацетамол

Өндіруші:

Борисовский ЗМП

Өндіруші ел:

Республика Беларусь

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: повидон, натрий кроскармеллозасы, стеарин қышқылы, картоп крахмалы.

Белсенді заттың дозасы:

200 мг

Қаптамадағы саны:

10 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- айқындығы орташа немесе әлсіз ауыру синдромы (бас ауыруы, бас сақинасы, невралгия, тіс ауыруы, тамақ ауыруы, остеоартроз кезіндегі ауырсынуды қоса)

- жедел инфекциялық, инфекциялық-қабыну аурулары кезіндегі қызба синдромы.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы

- бүйрек және бауыр қызметінің жеткіліксіздігі

- қан аурулары

- жүктілік және лактация кезеңі

- 10 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

Өзара әрекеттесуі

Парацетамол және басқа ҚҚСП бірге ұзақ қолдану «анальгетикалық» нефропатия және бүйрек папиллярлы некрозының дамуы, бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысының басталуы қаупін арттырады.

Парацетамолды жоғары дозаларда және салицилаттарды бір мезгілде ұзақ қолдану бүйрек немесе қуық обырының даму қаупін арттырады.

Миелоуытты дәрілік препараттар препараттың гематоуыттылығының байқалуын күшейтеді.

Препарат ұзақ уақыт бойы қабылдағанда тікелей емес антикоагулянттардың (варфарин және басқа кумариндер) әсерін күшейтеді, сонымен қан кету қаупін арттырады, бір реттік дозалар елеулі әсер етпейді.

Бауырдағы микросомальды тотығу ферменттерінің индукторлары (барбитураттар, фенитоин, карбамазепин, рифампицин, зидовудин, дифенин, фенитоин, этанол, флумецинол, фенилбутазон және трициклді антидепрессанттар) артық дозалану кезінде гепатоуытты әсер ету қаупін жоғарылатады.

Парацетамолдың сіңу жылдамдығын метоклопрамид пен домперидон арттырады, ал колестирамин төмендетеді.

Этанол жедел панкреатиттің дамуына ықпал етеді.

Препарат урикозуриялық препараттардың белсенділігін төмендетуі мүмкін.

Барбитураттарды ұзақ уақыт қолдану парацетамолдың тиімділігін төмендетеді.

Микросомалық тотығу тежегіштері (циметидинді қоса) гепатоуытты әсер ету қаупін төмендетеді.

Дифлунисал парацетамолдың плазмалық концентрациясын 50%-ға арттырады - гепатоуыттылықтың даму қаупі.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер (егде жастағыларды қоса) және 16 жастан асқан жасөспірімдер: қажет болған жағдайда әр 4-6 сағат сайын 500-1000 мг. Қабылдаулар арасындағы аралық – кемінде 4 сағат. Ең жоғары тәуліктік доза - 4000 мг.

Балалар (10-15 жас): қажет болған жағдайда әр 4-6 сағат сайын 250-500 мг. Қабылдаулар арасындағы аралық – кемінде 4 сағат. Ең жоғары тәуліктік доза баланың дене салмағының 60 мг/кг құрайды, 24 сағат ішінде 10-15 мг/кг бір реттік дозаларға бөлінеді. Бір дозаны 24 сағат ішінде 4 реттен артық емес қабылдауға болады.

Дәрігердің тағайындауынсыз және бақылауынсыз қолданудың ең жоғары ұзақтығы - 3 күн.

Көрсетілген дозадан асырмау керек.

Егер симптомдар сақталса, дәрігерге жүгіну керек. Медициналық бақылаусыз ұзақ уақыт қолдану денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін.

Енгізу әдісі мен жолы

Ішке, көп мөлшерде сұйықтықпен, тамақтанғаннан кейін 1-2 сағаттан кейін (тамақтан кейін бірден қабылдау әсер етуінің кідіруіне әкеледі).

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Артық дозалану парацетамолды тәулігіне 10 г жоғары дозада (немесе балаларда тәулігіне 140 мг/кг астам) қабылдағанда туындайды. Алкоголизм, гепатитке шалдыққан пациенттерде парацетамолдың уытты әсері оны тәулігіне 2,5 - 4,0 г дозада қолданғанда да байқалады.

Парацетамолдың артық дозалануы, әсіресе егде жастағы пациенттер мен кішкентай балаларда қауіпті. Талапқа сай дозаламау немесе кездейсоқ улану нәитижесіндегі артық дозалану өлімге әкелуі мүмкін.

Парацетамолды 10 г және одан көп қабылдаған кезде ересектерде бауырдың зақымдануы мүмкін.

Парацетамолды 5 г және одан көп қабылдау мынадай қауіп факторлары бар пациенттерде бауырдың зақымдануына әкелуі мүмкін:

- карбамазепинмен, фенобарбиталмен, фенитоинмен, примидонмен, рифампицинмен, шілтер жапырақты шайқурай препараттарымен немесе бауыр ферменттерін стимуляциялайтын басқа препараттармен ұзақ емдеу;

- алкогольді шамадан тыс мөлшерде ұдайы тұтыну;

- глутатион жеткіліксіздігі бар болуы мүмкін (тамақтанудың бұзылуы, муковисцидоз, АИТВ-инфекциясы, ашығу, жүдеу).

Симптомдары. Алғашқы 24 сағатта парацетамолмен жедел уланудың белгілері жүрек айнуы, құсу, асқазанның ауыруы, тершеңдік, терінің бозаруы, анорексия, абдоминальды ауыру болып табылады. Бауырдың зақымдануы артық дозаланудан кейін 12–48 сағаттан соң айқын болуы мүмкін. Глюкоза метаболизмінің бұзылуы мен метаболизмдік ацидоз туындауы ықтимал. Бауыр жеткіліксіздігі ауыр уланған кезде энцефалопатия, қан кету, гипогликемия, мидың ісінуі мен өліммен аяқталумен үдеп кетуі мүмкін. Өзекшелердің жедел некрозымен бүйректің жедел жеткіліксіздігі белдің қатты ауыруы, гематурия, протеинуриямен байқалуы және бауырдың ауыр зақымдануы болмаған кезде де дамуы ықтимал. Сондай-ақ жүрек аритмиясы және панкреатит те байқалды.

Ұзақ уақыт бойы жоғары дозада қабылдаған кезде гепатоуытты және нефроуытты әсер етуі мүмкін (бүйрек шаншуы, гемолиздік анемия, аплазиялық анемия, метгемоглобинемия, панцитопения).

Емі: дәрілік препаратты қабылдауды тоқтату, белсендірілген көмірмен асқазанды шаю және дәрілік заттың асқазанда және ішекте сіңуін болдырмас үшін тұзды іш жүргізетін дәрілерді тағайындау. Вена ішіне глюкоза (5–10 % ерітінді 200–400 мл) енгізуді бастайды. Арнайы антидот - N-ацетилцистеин енгізеді (глутатион қорын қалпына келтіреді және оның тапшылығын жояды, бұл ретте парацетамолдың улы метаболиті бейтараптандырылады). N-ацетилцистеиннің 20 % ерітіндісін вена ішіне және ішке қолданады: бірінші дозасы 140 мг/кг (0,7 мл/кг), содан соң 70 мг/кг (0,35 мл/кг). Барлығы 17 доза енгізіледі. Ең тиімдісі уыттану дамуынан кейінгі алғашқы 10 сағат ішінде басталған ем болып табылады. Егер уыттанудан кейін 36 сағаттан астам уақыт өтсе, емдеу тиімсіз болып табылады. Протромбин индексі 1,5-тен асқан кезде 1-10 мг К1 дәрумені (фитоменадион) қолданылады. Протромбин индексі 3,0-ден асқан кезде жергілікті плазманы немесе коагуляция факторларының концентратын вена ішіне енгізуді бастау керек (1-2 бірлік). Уыттануды емдегенде қарқынды диурез, гемодиализ жүргізуге болмайды. Антигистаминдік дәрілер мен глюкокортикостероидтарды пайдалануға жол берілмейді.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар

Қатысты емес.

Тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету

Қатысты емес.

Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар

Бұл дәрілік препаратты әрдайым дәрігердің нұсқауы бойынша қолданыңыз. Егер сіз бір нәрсеге сенімді болмасаңыз, дәрігеріңізбен кеңесіңіз.

Шығарылу түрі

10 таблетка поливинилхлоридті үлбірден немесе дәрілік заттарды қаптауға арналған пластификацияланбаған ПВХ үлбірден және алюминий фольга негізіндегі икемді қаптамадан немесе лакталған баспалы алюминий фольгадан, немесе біріктірілген материалдан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

10 таблетка қағаз және картон негізіндегі біріктірілген материалдан немесе қаптаушы материалдан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада. Пішінді ұяшықсыз қаптамалар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың тиісті санымен топтық қаптамаға салынады.

1, 2, 3, 5 пішінді ұяшықсыз қаптамалар немесе 1, 2, 3, 5 пішінді ұяшықты қаптамалар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Тараз қаласындағы «Парацетамол таблеткалары 200 мг №10» бағасының өзгеру диаграммасы

0193857769508-0313-0318-0323-0328-032-047-0412-0417-0422-0427-042-057-0512-0517-0522-0527-051-066-0611-06
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыПарацетамол таблеткалары 200 мг №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Бағалаулар және пікірлер

Тауар рейтингі
5.00/5
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
5 бағалау
1
star
0
2
star
0
3
star
0
4
star
0
5
star
5
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
16 Мая 2024

Комментарий: Бағасы төмен, аптекаға қарағанда.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
17 Февраля 2024

Комментарий: Керемет.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
3 Января 2024

Комментарий: Дешевле, чем в аптеках, приятный сервис.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
3 Января 2024

Комментарий: Недорогой, из всего ассортимента этого препарата, прибывает очень быстро.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
12 Ноября 2023

Комментарий: Хороший препарат от температуры. Получил быстро, спасибо.

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube