daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Пароль Таблеткалары 500 Мг №30 | Атабай Илач Фабрика А.С.

Таразе қаласындағы Пароль Таблеткалары 500 Мг №30 | Атабай Илач Фабрика А.С.
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, ақ түсті, екі жағында «Parol» жазуы бар таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Парацетамол

Өндіруші:

Атабай Илач Фабрика А.С.

Өндіруші ел:

Турция

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: повидон К-30, микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы, стеарин қышқылы, тазартылған су

Белсенді заттың дозасы:

500 мг

Дәрілік түрі:

Таблеткалар, 500 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Парол қарқындылығы әлсіз немесе орташа ауыруды симптоматикалық емдеу және қызбаны басу үшін анальгетикалық және қызуды түсіретін дәрі ретінде қолданылады.

Қарсы көрсеткіштер

- парацетамолға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша > 9) және бүйрек жеткіліксіздігі

- 10 жасқа дейінгі балаларға

Өзара әрекеттесуі

Пропантелин сияқты асқазан перистальтикасын бәсеңдететін препараттар парацетамолдың сіңуін төмендеуі және, демек, әсердің басталуының іркілуін туындатуы мүмкін.

Метоклопрамид сияқты асқазан перистальтикасын жеделдететін препараттар парацетамолдың сіңуінің артуына, демек, әсер етудің басталуын жеделдетуге әкелуі мүмкін.

Парацетамолдың уытты емес дозаларын кейбір тыныштандыратын және эпилепсияға қарсы препараттармен (глутетимид, фенобарбитал, фенитоин, карбамазепин және т.б.) немесе бауырдағы микросомальді ферменттердің индукциясын тудыратын рифампицин сияқты препараттармен бір мезгілде қолдану бауыр функциясының бұзылуына әкелуі мүмкін. Алкогольді шамадан тыс пайдаланған жағдайда парацетамолды емдік дозаларда қабылдау сондай-ақ бауырдың зақымдануына әкелуі мүмкін.

Парацетамолды хлорамфениколмен бірге қолдану хлорамфениколдың жартылай шығарылу кезеңін ұлғайтуы мүмкін, демек, бұл препараттың уыттылық қаупін арттыруы мүмкін.

Парацетамол (немесе оның метаболиттері) К дәруменіне тәуелді қан ұю факторларының синтезіне қатысатын ферменттермен өзара әрекеттеседі. Парацетамол мен варфарин немесе кумарин туындылары арасындағы өзара әрекеттесу халықаралық қалыптасқан қатынастың (ХҚҚ) жоғарылауына және қан кету қаупінің артуына әкелуі мүмкін. Бір рет немесе бірнеше доза қолданған жағдайда қан кету кезінде белгілі бір әсер күтілмейді. Сондықтан пациенттерге пероральді антикоагулянттарды қолданған кезде медициналық тексерусіз және бақылаусыз парацетамолды ұзақ уақыт қолданбаған жөн.

3-типті 5-гидрокситриптамин (серотонин) рецепторларының антагонистері болып табылатын трописетрон және гранисетрон фармакодинамикалық өзара әрекеттесу жолымен парацетамолдың анальгетикалық әсерін толық бәсеңдетуі мүмкін.

Парацетамол мен азидо-тимидинді (AZT-зидовудин) бір мезгілде қолдану нейтропенияға бейімділікті арттырады. Осыған байланысты парацетамолды дәрігердің кеңесінсіз AZT бірге қабылдамаған жөн.

Бірнеше анальгетиктермен біріктірілген емдеуден аулақ болу ұсынылады. Мұндай біріктірілімнің артықшылығы туралы өте аз дәлелдер бар және әдетте жағымсыз әсерлердің артуымен бірге жүреді.

Метоклопрамид немесе домперидон қабылдаған кезде парацетамолдың сіңу жылдамдығы артуы және холестираминді қабылдаған кезде төмендеуі мүмкін.

Шайқурай (Hypericum perforatum) қандағы парацетамол деңгейінің төмендеуін туындатуы мүмкін.

Парацетамолдың сіңу жылдамдығы тамақпен бірге қабылданған кезде төмендеуі мүмкін.

Арнайы нұсқаулар

Педиатрияда қолдану

Препарат 6 жасқа дейінгі балаларда қолдануға арналмаған.

6-11 жастағы балаларда препаратты 3 күннен артық қолданбаған жөн.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Бала туатын жастағы әйелдер/Контрацепция

Парацетамолдың фертильділікке әсері туралы деректер жоқ.

Препаратты бала туатын жастағы әйелдерде қолданғанда сақ болу керек.

Жүктілік

Жүктілік кезеңінде парацетамолды қолдану қауіпсіздігі анықталмаған. Парацетамол плацента арқылы өтіп, ананың қанындағы концентрацияға ұқсас концентрацияда шаранаға жетеді. Алайда, ананың парацетамолдың емдік дозаларын қысқа мерзімді қабылдауы адамдағы тератогендік әсерімен байланысты емес.

Парацетамолды жүкті әйелдерде қолданудың клиникалық тәжірибесі шектеулі. Жануарларға жүргізілген зерттеулер жүктілікке/эмбриондық/құрсақішілік дамуға/босануға немесе босанғаннан кейінгі дамуға қандай да бір тікелей немесе жанама зиянды әсерін анықтаған жоқ.

Емшек емізу

Фармакокинетикалық зерттеу барысында парацетамолды 650 мг дозада қабылдаған кезде емшек сүтінде 1% - дан азы анықталды. Ұқсас нәтижелер басқа зерттеулерде де алынды, сондықтан емшек емізетін әйел емдік дозаларды қабылдаған кезде нәресте үшін қауіп жоқ.

Фертильділік

Жануарларға жүргізілген созылмалы уыттылық зерттеулерінде парацетамол атабездің атрофиясын тудыратыны және сперматогенезді басатыны анықталды. Парацетамолдың адамның фертильділігіне әсерін зерттеу жүргізілген жоқ. Кейбір зерттеулерде қабынуға қарсы стероидты емес препараттар фертильділікке тежейтін әсер ететіндігі туралы хабарланды, бірақ қорытынды деректер жоқ.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Кейбір пациенттерде парацетамолды қолданумен байланысты бас айналу немесе ұйқышылдық дамуы мүмкін. Пациенттер парацетамолды қабылдаған кезде зейін қоюды қажет ететін қызмет кезінде сақ болу керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер және 12 жастан асқан жасөспірімдер

Ұсынылатын доза әрбір 4-6 сағат сайын 1-2 таблетканы құрайды.

Ең жоғары тәуліктік доза 4000 мг құрайды.

Дәрігердің кеңесінсіз препаратты қатарынан 3 күннен артық қолданбаған жөн.

Алкогольді тұтынатын пациенттерде парацетамолдың тәуліктік дозасы гепатоуыттылық қаупі салдарынан 2000 мг аспауы тиіс.

Препаратты ең аз тиімді дозада қолдану ұсынылады.

Ұсынылған дозадан асырмаған жөн, қажет болған жағдайда дәрігермен кеңесу керек.

Препаратты қабылдау арасындағы ең аз аралық 4 сағатты құрауы тиіс және қабылдау реттілігі тәулігіне 4 реттен аспауы тиіс.

6 - 12 жастағы балалар

Ұсынылатын доза әрбір 4-6 сағат сайын бір немесе жарты таблетканы құрайды. Ең жоғары тәуліктік доза 10-нан 15 мг/кг дейінгі дозаларға бөлінген 60 мг/кг құрайды.

Препарат 6 жасқа дейінгі балаларда қолдануға арналмаған.

Препаратты қабылдау реттілігі 24 сағат ішінде 4 реттен аспауы тиіс.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Препарат 6 жасқа дейінгі балаларда қолдануға арналмаған.

6-11 жастағы балаларда препаратты 3 күннен артық қолданбаған жөн.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде дозаны түзетудің қажеті жоқ, бірақ әлсіреген және аз қимылдайтын пациенттерде дозаны төмендету және препаратты қабылдау реттілігін азайту ұсынылады.

Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек және бауыр функциясының жеңіл және орташа бұзылуы бар пациенттерде препаратты қолданған кезде сақ болу керек.

Ауыр бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі болған кезде препарат қарсы көрсетілген.

Енгізу әдісі және жолы

Ішке қабылдауға арналған.

Таблетканы стақан сумен ішу керек.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажеті шаралар

10 г-ден астам парацетамолды қабылдаған кезде ересектерде уыттылық ықтималдығы бар. Сонымен қатар, бауырдың цирроздық емес алкогольді ауруы бар пациенттерде артық дозалану қаупі жоғары. Балаларда артық дозаланғаннан кейін бауырдың зақымдануы салыстырмалы түрде сирек кездеседі. Бауыр жасушаларының зақымдануымен парацетамолдың артық дозалануында парацетамолдың жартылай шығарылу кезеңі дені сау ересектерде шамамен 2 сағаттан 4 сағатқа дейін немесе одан да көп артады. 14С-аминопиринді қабылдағаннан кейін 14СО2 экскрециясының төмендеуі парацетамолдың плазмадағы парацетамолдың концентрациясына немесе жартылай шығарылу кезеңіне немесе бауырдың функционалды тесттерінің стандартты көрсеткіштеріне қарағанда парацетамолдың артық дозалануымен бауыр жасушаларының зақымдануымен нақты байланысты екені хабарланды.

Жедел тубулярлық некроздың салдарынан бүйрек жеткіліксіздігі парацетамолдан туындаған фульминантты бауыр жеткіліксіздігінің соңынан жүруі мүмкін. Алайда, мұндай пациенттерде бұл басқа себептерден туындаған фульминантты бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қарағанда жиірек болмайды. Сирек, гепатоуыттылығы аз болса да, препаратты қабылдағаннан кейін 2-10 күн өткен соң бүйрек өзекшелерінің некрозы дамуы мүмкін. Парацетамолдың жоғары дозасын қабылдаған бір пациентте алкогольді созылмалы тұтыну жедел панкреатиттің дамуына ықпал еткені анықталды. Жедел артық дозаланудан басқа, парацетамолды күнделікті шамадан тыс қабылдағаннан кейін бауырдың зақымдануы және нефроуытты әсерлер туралы хабарланады.

Симптомдары

Парацетамолдың артық дозалануы өлімнің себебі болуы мүмкін бауыр трансплантациясына немесе бауыр жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін. Жедел панкреатит көбінесе бауыр дисфункциясы мен гепатоуыттылықпен бірге байқалады. Парацетамолдың артық дозалануының жиі ерте симптомдары бозару, анорексия, жүрек айнуы және құсу болып табылады. Бауыр некрозы парацетамолдың артық дозалануының дозаға тәуелді асқынуы болып табылады. Бауыр ферменттері жоғарылауы мүмкін, ал протромбин уақыты 12-48 сағат ішінде артады, бірақ клиникалық симптомдар препаратты қабылдағаннан кейін 1-6 күн ішінде байқалмауы мүмкін.

Емі

Ерте кезеңде анық симптомдардың болмауына қарамастан, пациентті дереу ауруханаға жеткізу керек. Симптомдар жүрек айнуымен және құсумен шектелуі мүмкін және ауыр дозалану немесе ағзаның зақымдану қаупін көрсете алмайды. Парацетамолдың артық дозалануын емдеуді пациентте кешіктірілген гепатоуыттылықты болдырмау үшін дереу бастау керек. Ол үшін сіңірілуі төмендегеннен кейін (асқазанды шаю немесе белсендірілген көмір қабылдау) вена ішіне N-ацетилцистеинді немесе пероральді метионинді қолдану керек. Пациентте құсу болған кезде немесе белсендірілген көмір қабылдағанда метионинді қолданбаған жөн. Плазмадағы парацетамол концентрациясының шегі артық дозаланғаннан кейін 4 сағатқа дейін кешіктірілуі мүмкін. Сондықтан гепатоуыттылық қаупін анықтау үшін қан плазмасындағы парацетамол деңгейін препаратты қабылдағаннан кейін кем дегенде 4 сағаттан кейін өлшеу керек. Қосымша ем (қосымша пероральді метионин немесе вена ішіне N-ацетилцистеин) қандағы парацетамол құрамын және қабылдау сәтінен бастап өткен уақытты ескере отырып қаралады.

Ұзақ уақыт бойы алкогольге тәуелділіктен немесе созылмалы дұрыс тамақтанбаудан зардап шегетін бауыр ферменттерін индукциялайтын препараттарды қабылдайтын пациенттерде N-ацетилцистеиннің дозасын 30-50% төмендету ұсынылады, өйткені мұндай пациенттер парацетамолдың уытты әсеріне неғұрлым сезімтал болуы мүмкін.

Парацетамолдың артық дозалануынан кейін дамуы мүмкін фульминантты бауыр жеткіліксіздігі арнайы емдеуді қажет етеді.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар

Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қолданбаған жөн.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар пайда болған жағдайда дәрігердің немесе фармацевттің кеңесіне жүгіну керек.

Шығарылу түрі

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан (ПВХ/Алю) жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

2 немесе 3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25 С-ден аспайтын бөлме температурасында сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыпароль таблеткалары 500 мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube