Құрамы
1 суппозиторийдің құрамында
белсенді зат – месалазин 1000 мг,
қосымша заттар: повидон, макрогол 6000, магний стеараты, тальк.
1 суппозиторийдің құрамында
белсенді зат – месалазин 1000 мг,
қосымша заттар: повидон, макрогол 6000, магний стеараты, тальк.
ойық жаралы проктит
- салицилаттарға, белсенді затқа немесе қандай да бір қосымша заттарға жоғары сезімталдық
- бауыр және/немесе бүйрек функциясының ауыр бұзылуы
- асқазанның немесе он екі елі ішектің ойықжара ауруы
- геморрагиялық диатез
- жүктілік және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар
Педиатрияда қолдану
Балаларда қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Егде жастағы пациенттерге дозаны төмендетпейді.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Месалазин көлік құралдарын басқару және әлеуетті қауіпті механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді немесе елеусіз әсер етеді. Егер препаратпен емдеу кезінде бас айналу байқалса, автокөлікті басқарудан бас тартқан жөн.
Дозалау режимі
Ересектерге – 1г (1 свеча) күніне бір рет ректальді 2-4 апта бойы.
Егер зақымдану айтарлықтай таралса немесе пероральді емдеуге реакция баяулаған жағдайда,суппозиторийлерді таблеткалармен бір мезгілде қолдануға болады.
Енгізу әдісі мен жолы
Ректальді
Суппозиторийді енгізер алдында ішектерді босату ұсынылады.
Суппозиторий тікішекке мүмкіндігінше терең енгізіледі. Суппозиторийді тікішекте мүмкіндігінше ұзақ ұстау керек, ең жоғары терапиялық әсерге қол жеткізу үшін ұйықтар алдында қолданған жөн.
Месалазиннің артық дозалануы туралы хабарлар шектеулі. Месалазиннің дәрілік түрін ескере отырып, артық дозалану қаупі аз.
Емі: ацидоз немесе алкалоз кезінде – қышқыл-негіз және электролит теңгерімін қалпына келтіру; сусыздандыру кезінде – регидратация; гипогликемия кезінде – глюкозаны қолдану. Сонымен қатар, диурезді жоғарылату үшін электролиттерді вена ішіне енгізу жүргізіледі. Арнайы антидот жоқ.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Деректер жоқ
Көбінесе Пентаса препаратын қолданғанда диарея, жүрек айну, іштің ауыруы, бас ауыруы, құсу және тері бөртпелері байқалады. Кейбір пациенттерде аса жоғары сезімталдық реакциялары және дене температурасының жоғарылауы пайда болды, сондай-ақ Стивенс-Джонсон синдромы мен уытты эпидермалық некролизді қоса алғанда, месалазинмен еммен астасқан терінің ауыр жағымсыз реакцияларының дамуы туралы хабарламалар алынды. Суппозиторийді енгізгеннен кейін қышу, ректальді жайсыздық, үлкен дәретке ауырсынып шығу сияқты жергілікті реакциялар дамуы мүмкін.
Жағымсыз реакциялардың жиілігі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100 <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 <1/100 дейін), сирек (≥1/10000 <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000), жиілігі анықталмаған (қазіргі уақытта жағымсыз реакциялардың таралуы туралы деректер жоқ).
Жиі
- бас ауыруы
- диарея, іштің ауыруы, жүрек айну, құсу, метеоризм
- тері бөртпелері (соның ішінде есекжем, эритема)
- жергілікті реакциялар (қышыну, ректальді жайсыздық, үлкен дәретке ауырсынып шығу)
7 суппозиторийден пішінді ұяшықты қаптамада.
4 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қаптамаға салады.
Жарықтан қорғалған жерде 25°C -ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.