Қолдану көрсеткіштері
бүйрек үсті безі қыртысының жедел жеткіліксіздігінде, бүйрек үсті безі қыртысының бастапқы жеткіліксіздігінде (Аддисон ауруында) және салдарлы адреногенитальді синдромында (бүйрек үсті безінің гиперплазиясында), операция алдындағы дайындықта, бүйрек үсті безі қыртысының жеткіліксіздігімен науқастардағы ауыр аурулар мен жарақаттарда
тиреоидитте (іріңсіз)
басқа препараттармен емдеуге резистентті аллергиялық ауруларда (жанаспалы дерматитте, атопиялық дерматитте, сарысу ауруында, дәрілік препараттарға жоғары сезімталдық реакцияларында, тұрақты немесе маусымдық поллинозда (аллергиялық ринитте)
жүрек пен дәнекер тіннің ауруларында: ревматизмдік және ревматизмдік емес миокардите, перикардитте, дерматомиозитте, жүйелі қызыл жегіде, қайталанатын полихондритте, ревматизмдік полимиалгияда, қантамырлардың қабынуында, ревматизмдік ауруларда (асқыну кезеңіндегі қосымша дәрі ретінде): шорбуынданатын спондилитте, артропатиялық псориазда, ревматизмдік артритте, жасөспірімдердегі ревматизмдік артритте (емдеудің басқа да әдістеріне резистентті жағдайларда), жедел подагралық артритте, остеоартритімен науқастардағы бурситте, Рейтер ауруында, ревматизмдік қызбада
васкулиттерде, грануломатозды алып жасушалы мезоартериитте, тораптық периартериитте
терінің ауыр ауруларында: эксфолиативті дерматитте, герпес тәрізді буллезді дерматитте, ауыр себореялық дерматитте, ауыр көпформалы эритемада (Стивенс-Джонсон синдромында), микозда, күлбіреуікте, экземаның ауыр түрі мен псориазда, пемфигоидта
спецификалық емес ойық жаралы колитте, Крон ауруында, ауыр дәрежедегі целиакияда
жүре пайда болған гемолитикалық анемияда, іштен туа біткен апластикалық анемияда, сүйек кемігінің селективті гипоплазиясы салдарынан болатын анемияда, ересектердегі қайталанған тромбоцитопенияда, ересектердегі идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпурада (Верльгоф ауруында)
энцефалопатиямен алкогольді гепатитте, бауыр энцефалопатиясында
онкологиялық аурулар немесе саркоидоз кезіндегі гиперкальциемияда
жедел және жеделге жуық бурситте, эпикондилитте, арнайы емес жедел тендовагинитте, жарақаттан кейінгі остеоартритте
жедел және созылмалы лимфобласты лейкозда, гранулезді және агранулезді лимфомаларда, сүт безінің обырында, қуық түбі безінің обырында, миелома ауруында, онкологиялық ауруға байланысты қызбада (онкологиялық еммен бірге паллиативті ем ретінде)
нефроздық синдромда: ЖҚЖ кезінде диурезді күшейту үшін, қайталанудың профилактикасында және уремиясыз идиопатиялық бүйрек синдромы кезіндегі протеинурияда
ликвор бөгетімен туберкулезді менингитте (бактерияға қарсы емнің құрамында), диссеминацияланған өкпе туберкулезіне
асқыну кезеңіндегі жайылған склерозда, ауыр миастенияда (40 жастан асқан науқастардағы тимэктомиядан кейін миастенияға қарсы басқа препараттармен емдеуге (ұзақ емдеуге) резистентті)
иридоциклитте, хориоретинитте, жайылған артқы увеитте, көру жүйкесінің қабынуында, симпатикалық хориоидитте, аллергиялық конъюнктивитте, кератитте (шығу тегі вирустық және зеңдік емес) мөлдір қабықтың аллергиялық шеткергі ойық жарасында
басқа препараттармен емге резистентті герпестік емес стоматитте
бронхтық демікпеде, бериллиозда, Леффлер синдромында, аспирациялық пневмонияда, симптоматикалық саркоидозда, өкпенің созылмалы эмфиземасында (аминофилиндер мен бета-миметиктермен емдеуге резистентті)
имплантат ажырауының (басқа иммундепрессанттармен бірмезгілде) профилактикасында.