Құрамы
Дәрілік препаратты ең аз дозаларда және керекті емдік әсерге жетуге қажетті ең аз қысқа мерзімге тағайындау керек. Ем дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек.
Дәрілік препаратты ұзақ уақыт қолданған кезде күрт тоқтату қауіпті. Аурудың өршуі және пациенттің жалпы жағдайының нашарлауы мүмкін. Сондықтан дәрілік препаратты біртіндеп тоқтату керек.
Емдеу үдерісінде окулисттің бақылауы, артериялық қысымды (АҚ) бақылау қажет. Анамнезінде психозға нұсқау болған кезде жоғары дозалар дәрігердің қатаң бақылауымен тағайындалады.
Кортикостероидтарды қысқа курспен және бірақ, профилактика үшін емес, тек өршуін емдеу үшін ғана қолдану қажет. Тері жабынының кортикостероидтармен өңделетін ең көп рұқсат етілетін ауданы дене беткейінің 20 %-нан аспауы тиіс.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Преднизолонмен басқа глюкокортикостероидтарды, андрогендерді, эстрогендерді, пероральді контрацептивтерді және стероидты анаболиктерді бір мезгілде қолдану гирсутизм мен безеудің пайда болуына ықпал етеді.
Преднизолон антикоагулянттардың ұюға қарсы әсерін күшейтеді. Салицилаттар қабылдау аясында қан кету ықтималдығын арттырады. Диуретиктермен бір мезгілде қабылдаған кезде электролиттік алмасудың бұзылу мүмкіндігін жоғарылатады. Жүрек гликозидтерімен уыттану қаупін күшейтеді. Диабетке қарсы препараттардың гипогликемиялық әсерін азайтады және рифампициннің бактерияға қарсы белсенділігін төмендетеді. Антацидтік препараттармен біріктіру ұсынылмайды.
Арнайы ескертулер
Иммун тапшылығы жағдайы кезінде сақтықпен қолдану керек (оның ішінде ЖИТС немесе АИТВ-инфекциясын жұқтырған). Емдеу кезеңінде кортикостероидтардың иммунодепрессанттық әсері салдарынан вакцинация жүргізілмеуі керек. Дәрілік препараттың жараларға, шырышты қабықтарға, көзге тиюіне жол бермеу керек. Бет терісіне дәрілік препаратты 5 күннен артық қолдану ұсынылмайды, өйткені беттің терісі атрофиялық өзгерістердің дамуына анағұрлым сезімтал болып келеді.
Сыртқа қолдануға арналған басқа кортикостероидтар сияқты Преднизолон дәрілік препаратын глаукома немесе субкапсулалық катарактаның даму қаупіне байланысты көз аймағының терісіне жағуға болмайды.
Дәрілік препаратты аурудың қайталану ықтималдығы, төзімділік дамуы, пустулезді псориаздың жайылу қаупіне және жергілікті немесе терінің бөгетті функциясының бұзылуынан жүйелі уыттылықтың дамуы салдарынан псориазға шалдыққан пациенттерге аса сақтықпен қолдану керек. Кортикостероидтар қолданған жағдайда псориазға шалдыққан пациенттерді мұқият бақылау керек.
Кортикостероидтар кейбір тері зақымдануларының сыртқы түрін өзгертуі мүмкін, бұл диагноз қоюды қиындатады. Терінің инфекциялық зақымдануларын болдырмас үшін жақпамайды бактерияға қарсы және зеңге қарсы дәрілермен біріктіріп тағайындау ұсынылады.
Педиатрияда қолдану
Дәрілік препарат 1 жастан асқан балаларда қолданылады.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Дәрілік препарат плаценталық бөгет арқылы өтеді және емшек сүтінде аз мөлшерде анықталады. Дәрілік препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Деректер жоқ.