Қолдану көрсеткіштері
Организмде глюкокортикостероидтар концентрациясының тез жоғарылауын қажет ететін ургенттік жағдайларда
- шок жағдайларында (күйіктік, жарақаттық, операциялық, уытты)
- тамырды тарылтатын дәрілер, плазма алмастырғыш препараттар және басқа да симптоматикалық ем тиімсіз болғанда
- аллергиялық реакцияларда (ауыр жедел түрлері), гемотрансфузиялық шокта, анафилаксиялық шокта, анафилактоидтық реакцияларда
- мидың ісінуінде (соның ішінде ми ісіктері аясында немесе хирургиялық араласыммен, сәулелік еммен немесе бас жарақатымен байланысты)
- бронх демікпесінде (ауыр түрі), демікпелік статуста
- дәнекер тінінің жүйелі ауруларында (жүйелі қызыл жегі, ревматоидтық артрит)
- бүйрекүсті бездері функциясының жедел жеткіліксіздігінде
- тиреоуыттық кризде
- жедел гепатитте, бауырлық комада
- қабыну құбылыстарын азайту және тыртықтанып тарылулардың алдын алу үшін (қышқылдармен және сілтілермен уланғанда)