daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Прогинов Таблеткалары 2 Мг №21 | Дельфарм Лилль С.А.С

Қоймада жоқ
Таразе қаласындағы Прогинов Таблеткалары 2 Мг №21 | Дельфарм Лилль С.А.С
Сипаттама:

Қантты қабықпен қапталған, ақ түсті таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Эстрадиол

Өндіруші:

Дельфарм Лилль С.А.С

Өндіруші ел:

Французская Республика

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, повидон К25, тальк, магний стеараты; қабығының құрамы: сахароза, повидон К90, макрогол 6000, кальций карбонаты, тальк, глицерол монтанаты. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Қантты қабықпен қапталған, ақ түсті таблеткалар.

Белсенді заттың дозасы:

2 мг

Қаптамадағы саны:

21 шт

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- постменапауза, перименапауза кезеңіндегі әйелдердегі эстроген тапшылығының белгілері мен симптомдарын емдеуге арналған орынбасушы гормональді ем (ОГЕ)

- постменапаузалық остеопороз профилактикасы

Қарсы көрсеткіштер

- сүт безінің расталған немесе болжамды обыры немесе анамнездегі сүт безі обыры

- расталған немесе болжамды, гормонға тәуелді қатерлі ісік диагнозы, мысалы, эндометрий обыры

- диагнозы анықталмаған қынаптық қан кету

- емдеуге дейінгі эндометрий гиперплазиясы

- алдыңғы идиопатиялық немесе ағымдағы вена тромбоэмболиясы (терең веналар тромбозы, өкпе эмболиясы)

- белгілі тромбофильді бұзылыстар (мысалы, С ақуызы, S ақуызы немесе антитромбин тапшылығы)

- қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі артериялық тромбоэмболиялық бұзылымдар, мысалы, стенокардия, миокард инфарктісі

- қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі бауырдың жедел аурулары, бауырдың функционалдық тестілері қалпына келмеген жағдайда.

- белсенді компоненттерінің немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- порфирия

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Жыныстық гормондардың клиренсін жоғарылататын заттар (ферменттердің индукциясы салдарынан тиімділігін төмендету), мысалы:

Эстрогендер метаболизмін, белгілі болғандай, дәрілік заттарды метоболиздейтін ферменттерді, атап айтқанда, құрысуға қарсы препараттар (мысалы, барбитураттар, фенитоин, примидон, карбамазепин) және инфекцияға қарсы дәрілер (мысалы, рифампицин, рифабутин, невирапин, эфавиренц), сонымен қатар, фелбамат, гризеофульвин, окскарбазепин, топирамат және өсімдіктен жасалған құрамында шайқурай бар дәрілік заттар (Hypericum perforatum) сияқты Р450 цитохромы ферменттерін индукциялайтын заттарды бір мезгілде пайдалану арқылы арттыруға болады.

Клиникалық тұрғыдан, эстрогендер мен прогестагендер метоболизмінің күшеюі әсерінің төмендеуіне және жатырдан қан кету бейінінің өзгеруіне алып келуі мүмкін.

Фермент индукциясы емдеудің бірнеше күнінен кейін байқалады. Ферменттің ең жоғарғы индукциясы, әдетте, бірнеше апта ішінде байқалады. Дәрі-дәрмектік емді тоқтатқаннан кейін ферменттің индукциясы шамамен 4 апта ішінде сақталуы мүмкін.

Жыныс гормондары клиренсіне құбылмалы әсер етуші заттар:

Жыныстық гормондармен бірге қолдану кезінде СГВ тежегіштерімен біріктірілімдерді қоса, АИТВ протеазасы тежегіштері және қайтымды транскриптазаның ненуклеозидті тежегіштерінің көптеген біріктірілімдері қан плазмасындағы эстроген концентрациясын арттыруы немесе төмендетуі мүмкін. Аталған өзгерістердің жиынтық әсері кейбір жағдайларда клиникалық тұрғыдан елеулі болып шығуы мүмкін.

Демек, АИТВ/СГВ қарсы дәрілік препараттарды тағайындау туралы ақпарат ықтимал өзара әрекеттесулерін анықтау және ұсыныстарды тағайындау үшін зерттелуі керек.

Жыныстық гормондар клиренсін төмендететін заттар (ферменттерді тежегіштер):

Азольді фунгицидтер сияқты CYP3A4 қатты және орташа тежегіштері (мысалы, флуконазол, итраконазол, кетоконазол, вориконазол), верапамил, макролидтер (мысалы, кларитромицин, эритромицин), дилтиазем және грейпфрут шырыны қан плазмасындағы эстроген концентрациясын арттыруы мүмкін.

ОГЕ-нің эстрогенді қолдану арқылы басқа дәрілік препараттарға әсері

Құрамында эстрогендері бар гормоналды контрацептивтер ламотриджиннің глюкурондану индукциясын ескере отырып, оларды бірге қолданған кезде ламотриджиннің плазмалық концентрациясын айтарлықтай төмендететіні көрсетілген. Нәтижесінде құрысу ұстамаларын бақылау төмендеуі мүмкін. ОГЕ мен ламотриджин арасындағы ықтимал өзара әрекеттесуі зерттелмегенімен, ұқсас өзара әрекеттесу пайда болуы мүмкін деп күтілуде, бұл терапияның екі түрінен де бір уақытта өтетін әйелдерде құрысу ұстамаларын нашар бақылауына әкелуі мүмкін.

Фармакодинамикалық өзара әрекеттесу

СГВ емдеу режиміне арналған құрамында дасабувир бар немесе онсыз омбитасвир/паритапревир/ритонавир біріктірілген препараты қолданылған клиникалық зерттеулер барысында этинилэстрадиол бар препараттарды, мысалы, БГК қолданатын әйелдерде АЛТ белсенділігінің қалыптың жоғарғы шегінен (ҚЖШ) 5 еседен астам жоғарылауы айтарлықтай жиі байқалды.

Эстрогендік компоненті ретінде құрамында этинилэстрадиол емес, мысалы, эстрадиол бар дәрілік препараттарды қабылдайтын әйелдерде АЛТ белсенділігінің жоғарылау жиілігі эстрогенді қабылдамайтын әйелдерде байқалғанға ұқсас, алайда мұндай эстрогендерді әйелдердің шектеулі саны алатындығына байланысты құрамында дасабувирмен немесе онсыз омбитасвир/паритапревир/ритонавир бар біріктірілген емдеу режимдерін сондай-ақ глекапревир/пибрентасвир біріктірілімін бір мезгілде тағайындауға сақтықпен қарау керек.

Зертханалық тест

Жыныстық стероидтарды пайдалану бауыр, қалқанша без, бүйрекүсті бездері және бүйрек функциясының биохимиялық параметрлерін, плазмадағы тасымалдаушы ақуыздар деңгейлерінің көрсеткіштерін, мысалы, кортикостероид байланыстыратын глобулиндердің және липидтер/липопротеидтер фракциясының, көмірсутек алмасуының параметрлерін және коагуляция және фибринолиз параметрлерін қоса, кейбір зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне ықпал етуі мүмкін. Өзгерістер, әдетте, зертханалық көрсеткіштердің қалыпты мәндер шегінде қалады.

Арнайы ескертулер

• Постменапауза симптомдарын басу үшін ОГЕ тек адам өміріне теріс әсер ететін симптомдар кезінде бастау керек. Барлық жағдайларда кемінде жылына бір рет қауіп-пайданың мұқият бағалауын жүргізу қажет, ал ОГЕ пайдасы қауіптен жоғары болған жағдайда ғана жалғастыру қажет.

• Мерзімінен бұрынғы менапаузаны емдеуде ОГЕ байланысты қауіптерге қатысты дәлелдер жеткіліксіз. Алайда абсолюттік қауіптің төмен деңгейіне байланысты жас әйелдердегі пайда мен қауіп арақатынасы егде жастағы әйелдерге қарағанда жағымды болуы мүмкін.

Медициналық тексеру/одан кейінгі дәрігерлік бақылау:

• ОГЕ бастау немесе қайта тағайындаудың алдында, пациент әйел мен оның отбасының анамнезін толық анықтау керек. Физикалық (соның ішінде гинекологиялық және маммологиялық) тексеруде пайдалануға болмайтын жағдайлар мен пайдалану кезіндегі сақтық шараларын ескеру қажет. Емделу кезінде жиілігі мен сипаты әйелдің жеке ерекшеліктеріне тәуелді анықталатын мерзімдік тексерулер жүргізіп отыру ұсынылады. Әйелдер сүт безінің қандай өзгерістері кезінде емдеуші дәрігер мен медбикеге хабарлау керектігінен хабардар болуы қажет (Төменнен «Сүт безінің обырын» қараңыз). Көзбен шолудың тиісті құралдарын қоса зерттеулер, мысалы, маммография, пациенттің клиникалық қажеттіліктеріне бейімделген қазіргі уақытта қабылданған скрининг әдістеріне сәйкес жүргізілуі қажет. Бақылауды талап ететін жағдайлар:

• Пациент әйелде бұрын болған және/немесе жүктілік кезінде немесе алдыңғы гормональді емнен кейін асқынған келесі жағдайлардың қайсыбірі болса мұқият бақылауға алынуы қажет. Бұл жағдайлардың Прогинова® препаратымен емдеу кезінде қайталануы немесе асқынуы мүмкін екенін назарға алу керек, соның ішінде:

- лейомиома (жатыр миомасы) немесе эндометриоз

- тромбоэмболиялық бұзылулардың қауіп факторлары (төменнен қараңыз)

- эстрогенге тәуелді ісіктердің қауіп факторы, мысалы, сүт безінің обыры кезіндегі 1-ші дәрежелі тұқымқуалаушылық

- гипертония

- бауыр аурулары (мысалы, бауыр аденомасы)

- ісікке қантамырлар қамтылған немесе онсыз қант диабеті

- өт-тас ауруы

- бас сақинасы немесе (қатты) бас ауруы

- жүйелі қызыл жегі

- анамнездегі эндометрий гиперплазиясы (төменнен қараңыз)

- эпилепсия

- демікпе

- отосклероз

- тұқымқуалайтын ангионевроздық ісіну

Емді дереу тоқтату себептері:

Емдеуді қолдануға болмайтын жағдайлар анықталғанда, сонымен қатар келесі жағдайларда тоқтату қажет:

- сарғаю немесе бауыр функциясының бұзылуы

- артериялық қысымның айтарлықтай көтерілуі

- алғаш туындаған бас сақинасы 

- жүктілік

Эндометрий гиперплазиясы және обыр

• Ұзаққа созылған монотерапияда эндометрий гиперплазиясы немесе карциномасының даму қаупі жоғарылайды. Емдеудің ұзақтығы мен эстроген дозасына байланысты, эстрогенді қабылдамайтын пациент әйелдерге қарағанда, эстрогенмен монотерапия қабылдайтын пациент әйелдер арасында эндометрий обыры қаупінің 2-12 есе жоғарылауы тіркелген. Емді тоқтатқаннан кейін қауіп ұзақ уақыт сақталуы мүмкін (10 жылдан аса).

• Прогестагенді кезеңді 28-күндік циклде / айына кемінде 12 күн ішінде немесе гистерэктомияға ұшырамаған әйелдерде эстрогенмен және прогестагенмен үздіксіз біріктірілген ем түрінде қосымша қабылдау тек эстрогеннен тұратын ОГЕ байланысты артық қауіптің алдын алады.

• Эстрадиолдың > 2 мг пероральді дозасы, жылқының конъюгацияланған эстрогендері > 0,625 мг және тәулігіне бұласырлар > 50 мкг, эндометриядағы ілеспелі прогестагендер қауіпсіздігі көрініс бермеген.

• Лақылдап қан кету мен жағынды бөліністер емнің бірінші айы ішінде туындауы мүмкін. Егер лақылдап қан кету немесе жағынды бөліністер ем басталғаннан кейін біраз уақыттан соң пайда болса немесе емді тоқтатқаннан кейін жалғасса, олардың туындау себебін, мысалы, эндометрийдің қатерлі ісігін жоққа шығару мақсатында эндометрий биопсиясы арқылы зерттеу керек.

Бос эстрогенмен стимуляциялау эндометриоздың қалдықтық ошақтарында обыр алдындағы немесе қатерлі өзгерістерге әкелуі мүмкін. Сондықтан, эндометриоз себепті гистерэктомияға шалдыққан әйелдерде қалдықтық эндометриоз диагнозы анықталса, эстрогенмен орын басушы еммен бірге прогестагенді қосымша қабылдауға сақтықпен қарау керек.

Сүт безінің обыры

Жалпы деректер біріктірілген эстроген-прогестаген емін, сонымен қатар тек эстрогенмен ОГЕ алып жүрген әйелдерде сүт безінің обыры қаупінің жоғары екенін көрсетеді.

Біріктірілген эстроген-прогестагендік ем

• Шамамен 3 жылдан кейін білінетін, біріктірілген эстроген-прогестагендік ОГЕ өткен әйелдерде сүт безі обырының жоғары қаупі жоғарылайды.

Эстрогендік ем

• Тек эстрогендермен ОГЕ қабылдап жүрген гистерэктомия болған әйелдерде сүт безі обыры қаупінің жоғарылауы байқалмаған. Негізінен, сүт безі обыры диагностикалану қаупінің аздап көбеюі туралы, біріктірілген эстроген-прогестагендік ем алған пациент әйелдерге қарағанда айтарлықтай төмен екені хабарланған.

• Жоғары қауіп бірнеше жыл пайдаланғаннан кейін анықталады, алайда емді тоқтатқаннан кейінгі бірнеше жылдан соң бастапқы деңгейіне қайта келеді. Егер ОГЕ 5 жылдан астам уақытқа созылса, қауіп 10 жыл немесе одан да көп уақытқа созылуы мүмкін.

• ОГЕ, әіресе, біріктірілген эстроген-прогестагендік ем маммографиялық кескіндердің тығыздығын ұлғайтады, ол сүт безінің обырын рентгенологиялық анықтауда теріс ықпал етуі мүмкін.

Аналық без обыры

Аналық без обыры сүт безінің обырына қарағанда әлдеқайда сирек кездеседі.

• Тек эстроген немесе біріктірілген эстроген-прогестагендік ОГЕ қабылдап жүрген әйелдерде 5 жыл қабылдағаннан кейін пайда болатын және емді тоқтатқан соң уақыт өте төмендейтін аздап жоғары қаупі туралы көрсетеді.

• ОГЕ үшін біріктірілген препараттарды қолдану ұқсас немесе біраз аз қауіппен байланысты деп шамалайды.

Вена тромбоэмболиясы

• ОГЕ вена тромбоэмболиясы (ВТЭ) даму қаупінің яғни, терең веналар тромбозы немесе өкпе артериясы тромбоэмболиясының 1,3-3есе жоғарылауымен байланысты. Мұндай асқынудың туындау ықтималдығы кейінге қарағанда ОГЕ жүргізген бірінші жылы басым.

• ВТЭ туындауының көпшілікке танылған қауіп факторларына эстрогендер қабылдау, егде жас, ауқымды операциялық араласым, ұзаққа созылған иммобилизация, семіздік (ДСИ> 30 кг / м2), жүктілік кезеңі / босанғаннан кейінгі кезең, жүйелік қызыл жегі (ЖҚЖ) және обыр жатады. ВТЭ кезіндегі венаның варикоздық кеңеюінің рөлі туралы біржақты пікір жоқ. Барлық операциядан кейінгі пациенттер сияқты, операциядан кейін ВТЭ болдырмау үшін профилактикалық шаралар қарастырылуы қажет. Ұзаққа созылған иммобилизациядан кейін жоспарлы операция өткізу қажеттілігі болған жағдайда ОГЕ уақытша, 4-6 аптаға ерте тоқтату ұсынылады. Емдеуді әйел толық қалпына келгенше қайта жаңғыртпау керек.

• Расталған тромбоэмболия жағдайлары бар пациенттер ВТЭ жоғары қаупіне ұшырайды. ОГЕ бұл қауіптің жоғарылауына ықпал етуі мүмкін. Сондықтан, ОГЕ мұндай пациенттерге қолдануға болмайды.

Анамнезінде ВТЭ болмаған, бірақ жақын туысында жастау кезінде тромбоз болған әйелдерге оның кемшіліктеріне қатысты мұқият кеңес беруден кейін, скринингтен өту ұсынылуы мүмкін (скринингте тромбофильдік бұзылулардың тек бір бөлігі анықталады). Отбасы мүшелеріндегі тромбоздан басқа тромбофильдік бұзылулар анықталған жағдайда, немесе бұзылулардың «қауіптілігі» (мысалы, антитромбин, S ақуызы немесе C ақуызы жетіспеушілігі, немесе бұзылулардың бірігуі) жағдайында ОГЕ қолдануға болмайды.

• Антикоагулянттармен емдеу курсын өтіп жатқан пациент әйелдерге қатысты ОГЕ жүргізудің қаупін мұқият қарастыру қажет болады.

Ем басталғаннан кейін ВТЭ дамыған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату керек. Тромбоэмболиялық ықтимал симптомдар (мысалы, аяқтың ауырсынып ісінуі, кеуденің кенеттен ауыруы, ентігу) туындаған жағдайда пациент әйелдерге өзінің емдеуші дәрігеріне тез арада хабарласуды ұсыну керек.

Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА)

ЖИА бар немесе ЖИА жоқ, біріктірілген эстроген-прогестагендік ем немесе тек эстрогендік ОГЕ қабылдаған әйелдерде миокард инфарктісінен қорғаудың бақыланатын рандомизацияланған зерттеулер деректері жоқ.

Біріктірілген эстроген-прогестаген емі

Біріктірілген эстроген-прогестаген емін қабылдау кезіндегі ЖИА дамуының салыстырмалы қаупі біраз жоғары. ЖИА бастапқы қаупі жас шамасына тәуелді болғандықтан, эстроген мен прогестаген қабылдаудан туындаған ЖИА қосымша жағдайлары менопаузаға жақындаған дені сау әйелдерде өте төмен, алайда ол жас ұлғайған сайын жоғарылай береді.

Эстрогендік ем

Бақыланатын рандомизацияланған зерттеулер деректеріне сәйкес, эстрогендік ем қабылдап жүрген гистерэктомия болған әйелдерде ЖИА жоғарғы қаупі анықталған жоқ.

Ишемиялық инсульт

Біріктірілген эстроген-прогестагендік ем мен эстрогендік ем ишемиялық инсульт даму қаупін 1,5 есе көтереді. Салыстырмалы қауіп жас өскен сайын немесе менопаузадан кейінгі уақытта өзгермейді. Алайда, инсульттің бастапқы қаупі айтарлықтай дәрежеде жасқа тәуелді болғандықтан, ОГЕ қабылдап жүрген әйелдердегі инсульттің жалпы қаупі жас ұлғая көтерілетін болады.

С гепатиті

С гепатитін емдеуге арналған дасабувирмен немесе онсыз омбитасвир/паритапревир/ритонавир біріктірілген препараты қолданылған клиникалық сынақтар барысында этинилэстрадиол бар препараттарды, мысалы, біріктірілген гормональді контрацептивтерді (БГК) қолданатын әйелдерде АЛТ белсенділігінің қалыптың жоғарғы шегінен 5 еседен астам жоғарылауы айтарлықтай жиі байқалды. Сонымен қатар, глекапревирмен/пибрентасвирмен емделген пациенттерде құрамында БГК сияқты этинилэстрадиол бар препараттарды қабылдаған әйелдерде АЛТ деңгейінің жоғарылауы байқалды.

Этинилэстрадиолды емес, басқа эстрогендерді (мысалы, эстрадиол) қабылдаған әйелдерде эстроген қабылдамаған пациенттермен салыстырғанда қандағы АЛТ деңгейінің жоғарылауы байқалды. Дегенмен, басқа эстрогендермен емделген пациенттер саны бойынша бақылаулар шектеулі болғандықтан, гормональді контрацептивтерді дасабувирмен немесе онсыз омбитасвир/папревир/ритонавир біріктірілген антиретровирустық препараттармен, сондай-ақ глекапревирмен/пибрентасвирмен бірге қолданғанда сақ болу ұсынылады.

Басқа жағдайлар

• Эстрогендер сұйықтықтың іркілісін туғызуы мүмкін, сондықтан жүрек немесе бүйрек дисфункциясы бар пациент әйелдерді мұқият бақылау керек.

• Анамнезінде гипертриглицеридемия болған әйелдер эстрогендермен немесе горманальді орынбасу емін қабылдау кезінде мұқият бақылауда болуы керек, өйткені мұндай жағдайда эстрогенмен емдеу кезінде панкреатитке соқтыратын, плазмадағы триглицеридтердің елеулі жоғарылауының сирек жағдайлары туралы хабарланған.

• Эстрогендер ақуыз-байланыстыратын йод (АБЙ) көмегімен өлшенетін, қалқанша бездің айналмалы жалпы гормондар деңгейінің көтерілуіне әкеліп, тироксин байланыстыратын глобулин (ТБГ) деңгейін, Т4 (бағандық немесе радиологиялық әдістерімен анықталатын) деңгейін немесе Т3 (радиоиммуноталдау арқылы) деңгейін көтереді. Т3 шайыры сіңірілуінің төмендеуі ТБГ жоғарылауын көрсетеді. Бос Т4 пен бос Т3 концентрациялары өзгермейді. Басқа байланыстырушы ақуыздар деңгейі яғни, сәйкесінше, айналмалы кортикостероидтар мен жыныстық стероидтардың көтерілуіне әкелетін, кортикоид байланыстырушы глобулин (КБГ) деңгейі, жыныстық гормондар байланыстыратын глобулин (ЖГБГ) деңгейі сарысуда жоғары болуы мүмкін. Бос немесе биологиялық белсенді гормон концентрациялары өзгермейді. Қан плазмасындағы басқа ақуыздардың деңгейі жоғарылауы мүмкін (ангиотензиноген/ренин субстраты, альфа-I-антитрипсин, церулоплазмин).

• Кейде, әсіресе, анамнезінде хлоазма болған жүкті әйелдерде хлоазма кездесуі мүмкін. Хлоазмаға бейім әйелдер ОГЕ кезінде күн немесе ультракүлгін сәуле әсерінен аулақ болуы керек.

ОГЕ қолдану когнитивті функцияларды жақсартпайды. 65 жастан кейін үздіксіз гормональді ем немесе тек эстрогенмен ОГЕ бастаған әйелдерде деменцияның ықтимал даму қаупінің жоғарылауын көрсететін мәліметтер алынды.

• Прогинова® ұрықтануға қарсы дәрі ретінде жарамсыз. Қажет болса гормональді емес контрацепцияны қолдану керек.

• Сирек кездесетін тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза және галактоза мальабсорбциясы, немесе сахароза мен изомальтаза жеткіліксіздігі мәселесі бар пациенттерге бұл дәрілік затты қолдануға болмайды.

Сирек кездесетін тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы қиындықтары, лактазаның туа біткен жеткіліксіздігі немесе глюкоза және галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер бұл дәрілік затты қабылдамауы керек.

• Экзогендік эстрогендер тұқым қуалайтын және жүре пайда болған ангионевроздық ісіну белгілерін тудыруы немесе нашарлатуы мүмкін.

Педиатрияда қолдану

Балаларда қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік кезінде

Прогинова® препараты жүктілік кезінде қолданылмайды. Прогинова® препаратын қабылдау уақытында жүктілік байқалса, емдеуді бірден тоқтату керек.

Эстрогендердің шаранаға көзделмеген әсеріне жүргізілген бүгінгі күнге дейінгі эпидемиологиялық зерттеулердің көпшілігінің нәтижелері тератогендік немесе фетоуыттылық әсерін көрсетпейді.

Лактация кезеңінде

Прогинова® препараты емшек емізу кезінде тағайындалмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдары мен қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпалы бойынша ешқандай зерттеулер жүргізілмеген. Прогинова® препаратын пайдаланған пациенттерде көлік құралдары мен қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпалы байқалмаған.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Прогинова® препараты — бұл құрамында тек эстроген бар препарат.

Прогинова® 2 мг препаратының бір таблеткасы күніне бір рет қабылданады.

Енгізу әдісі және жолы

Пероральді

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Таблеткаларды тамақтану кезінде немесе тамақтан соң қабылдауға болады. Таблетканы бір стақан су немесе сүт ішу арқылы тұтас күйінде жұту керек.

Әйелдің таблетканы қабылдаған уақыт мерзімі маңызды емес, алайда, егер ол белгілі бір уақытты таңдаса, күн сайын сол уақытты ұстануы керек. Ем ұзақ уақытқа созылады, бұл алдыңғы қаптамадағы таблеткалар таусылған бойда жаңа қаптамадағы таблеткаларды бірден қабылдау керек дегенді білдіреді.

Менапауза симптомдарын емдеуді бастау мен жалғастыру үшін ең қысқа мерзім ішінде ең төменгі тиімді дозаны қабылдау керек. Менапауза симптомдарын бақылау мақсатындағы емді Прогинова® 1 мг қабылдаудан бастау керек. Қажет болса Прогинова® 2 мг қабылдау керек. Емді таңдағаннан кейін симптомдарды басуға қажетті ең төменгі тиімді дозаны қабылдау керек.

Постменопаузалық остеопороздың профилактикасы үшін күніне бір рет Прогинова® 2 мг таблеткасын қабылдау керек.

Жатыры алынып тасталмаған әйелдерге 28 күндік циклдің әр 4 аптасында 12-14 күн бойы прогестагенді қосымша қабылдау ұсынылады. Бұрын эндометриоз диагнозы қойылмаған әйелдерге қосымша прогестаген қабылдау ұсынылмайды.

• Прогинова® 2 мг препаратымен емді қалай бастау керек

Егер әйелдің жатыры алынып тасталмаған, әлі де етеккір оралымы жалғасып жатқан болса, етеккірден кейінгі фазада басталатын, қандай да бір гестогенмен бірге Прогинова® препаратымен біріктірілген емдеу сызбасын етеккір оралымының бірінші күні бастау керек. Аменореясы бар немесе өте сирек етеккірі бар пациенттер, жүктілік жоққа шығарылған жағдайда, емді кез келген уақытта бастай алады.

Үздіксіз, біріктірілген ОГЕ-нің басқа түрінен ауысу кезінде Прогинова® препаратымен емдеуді кез келген уақытта бастауға болады.

ОГЕ циклдік немесе үздіксіз жүйелі режимдерінен ауысу кезінде циклді аяқтау керек, содан кейін емдеудегі үзіліссіз, Прогинова® препаратымен емдеуге өту керек.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақ болып табылады.

Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар

Артық дозалануы жүрек айнуы мен құсуды, ал кейбір әйелдерде тоқтатудан болатын қан кетуді туғызуы мүмкін. Арнайы антидоты жоқ. Симптоматикалық ем жүргізу қажет.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар

Егер әйел таблетканы қабылдауды ұмытып кетсе, оны ең таяу 12 сағат ішінде қабылдай алады. Егер әдеттегі қабылдаудан кейін 12 сағаттан асып кетсе, қосымша таблетканы қабылдамаған дұрыс. Қалған таблеткаларды әдеттегі уақытта қабылдау керек. Дозасын жіберіп алған жағдайда, қынаптан қан кету мен жағынды бөліністер дамуы мүмкін.

Тоқтату симптомдары қаупінің бар екендігі туралы нұсқау

Деректер жоқ.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін анықтау үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну керек

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Шығарылу түрі

21 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Тараз қаласындағы «Прогинов таблеткалары 2 мг №21» бағасының өзгеру диаграммасы

01500300045006000750008-0313-0318-0323-0328-032-047-0412-0417-0422-0427-042-057-0512-0517-0522-0527-051-066-0611-0616-06
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыПрогинов таблеткалары 2 мг №21 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Бағалаулар және пікірлер

Тауар рейтингі
4.94/5
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
18 бағалау
1
star
0
2
star
0
3
star
0
4
star
1
5
star
17
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
10 Июня 2024

Комментарий: Спасибо Sdk аптеке и экомеду, положили еще таблетницу, как раз сама хотела приобрести. Удобно, быстро, еще хорошие бонусы.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
27 Мая 2024

Комментарий: Товар хорошо упакован, и отдельное спасибо за таблетницу! Аптека SDK - хороший маркетинг. Благодарю.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
15 Мая 2024

Комментарий: Заказала в SDK аптека по самой выгодной цене, через пару часов ещё и подарок положили. Спасибо большое!

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
11 Мая 2024

Комментарий: Спасибо за отличный подарок контейнер для лекарств! Очень приятно! Всё сделали вовремя.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
29 Апреля 2024

Комментарий: Всё в срок, да еще и таблетница в подарок.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
26 Апреля 2024

Комментарий: Посылка прибыла в строго назначенное время, была очень хорошо и надежно упакована, и даже подарили подарок. Спасибо, было очень приятно. За сервис и товары 10 из 10.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
22 Апреля 2024

Комментарий: Спасибо аптеке SDK за оперативность и за подарочек. Очень приятно.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
10 Апреля 2024

Комментарий: Всё ок. Посылка прибыла быстро.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
10 Апреля 2024

Комментарий: Благодарю продавца за быструю отправку! К заказу еще и подарок добавили. Очень приятно.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
2 Апреля 2024

Комментарий: Удобные в применении, расписаны по дням. Плюс с таблетками пришел подарок — таблетница от Экомед, качественная и хорошая. Посылка дошла за 3 часа. Спасибо.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
31 Марта 2024

Комментарий: Благодарю аптеку SDK, всё пришло вовремя. И в подарок добавили таблетницу.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
27 Марта 2024

Комментарий: Спасибо большое! Все пришло вовремя, даже подарочек в виде таблетницы положили, просто отлично. Цены тут низкие, очень рекомендую заказывать!

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
27 Марта 2024

Комментарий: Спасибо аптеке SDK, всё вовремя, да ещё и подарили таблетницу, как раз маме хотела.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
7 Марта 2024

Комментарий: Добрый день. Аптека SDK большие молодцы! Заказываю второй месяц подряд и радует приятная адекватная цена на препарат. В последний заказ положили подарочек, очень удобную и стильную таблетницу. Спасибо! Удачи и процветания!

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
3 Января 2024

Комментарий: Жылдам жеткізілді.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
28 Августа 2023

Комментарий: Садыхан аптекаға рахмет. Бағасы тиімді.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
11 Мая 2023

Комментарий: Назначили при ЭКО, побочных действий не было.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
16 Января 2023

Достоинства: Удобные в употреблении, каждая ячейка имеет название пон-воскр. Не нужно ломать голову, пила таблетку сегодня или забыла. Раньше Климонорм покупала, но он исчез. Прогинова=Климонорм. Буду заказывать и в дальнейшем, лишь бы он тоже не исчез.

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube