Қолдану көрсеткіштері
- А типті тұмауды ерте сатысында емдеу
- эпидемиялық маусым кезеңіндегі А типті тұмау профилактикасы
- А типті тұмауды ерте сатысында емдеу
- эпидемиялық маусым кезеңіндегі А типті тұмау профилактикасы
- адамантан тобының туындыларына немесе препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- бауыр функциясының ауыр бұзылулары
- бүйрек функциясының ауыр бұзылулары
- тиреотоксикоз
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
- жүктілік және лактация кезеңі
- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Ремантадин эпилепсияға қарсы препараттардың тиімділігін төмендетеді.
Адсорбенттер, тұтқыр және бүркемелегіш дәрілер Ремантадиннің сіңуін азайтады.
Парацетамол және ацетилсалицил қышқылы Ремантадиннің қан плазмасындағы концентрациясын және тиімділігін төмендетеді.
Циметидин организмнен әсер етуші заттың шығарылуын төмендетеді.
Алкогольді тұтынуды тоқтату керек, өйткені орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін.
Арнайы ескертулер
Асқазан-ішек жолдарының аурулары, бауыр және/немесе бүйрек функциясының ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежедегі бұзылулары, жүректің ауыр сипатты аурулары және жүрек ырғағының бұзылулары бар пациенттерге, егде жастағы адамдарға сақ болу керек. Мұндай жағдайларда препарат дозасын төмендету керек.
Анамнезінде эпилепсия және құрысуға қарсы ем жүргізілгені көрсетілсе, Ремантадинді қолдану аясында эпилепсия ұстамаларының даму қаупі артады. Мұндай жағдайларда Ремантадин дозасын күніне 100 мг дейін төмендетеді. Егер ұстама дамыса, Ремантадин қабылдауды тоқтатады.
Лактоза. Бір капсуланың құрамында 148,7 мг лактоза бар. Сирек туа біткен галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкозо-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың құрамына аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін күн батар түстес сары (E110) бояғышы кіреді.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ремантадин көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді, бірақ бас айналуы, бас ауыруы немесе орталық жүйке жүйесі тарапынан басқа жағымсыз әсерлер пайда болатын адамдар сақ болуы керек.
Дозалау режимі
Препаратты қабылдауды тұмаудың алғашқы симптомдары пайда болғаннан кейін бірден бастау керек. Егер қолдану аурудың алғашқы 48 сағаты ішінде басталса, емдік әсері анағұрлым айқын болады.
Тұмауды емдеу: ересектерге арналған доза күніне 2 рет 100 мг құрайды.
Егде жастағы адамдар (65 жастан асқан): доза күніне бір рет 100 мг құрайды.
Емдеу курсының ұзақтығы 5 күнді құрайды.
Тұмау профилактикасы:
Препаратты қолдануды тұмау эпидемиясы басталысымен бастау керек. Оны тұмау эпидемиясы кезінде қабылдау керек, бірақ
2 аптадан аспауы керек.
Ересектерге доза күніне 2 рет 100 мг құрайды.
Егде жастағы адамдарға және асқыну қаупі жоғары пациенттерге доза күніне бір рет 100 мг құрайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Бүйрек функциясының ауыр бұзылыстарында препаратты қолдануға болмайды. Ауырлық дәрежесі жеңіл немесе орташа бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге препаратты қолданар алдында дәрігерден кеңес алу және қажет болса дозаны түзету керек: күніне бір рет 100 мг. Аталған топтың пациенттерін мұқият қадағалау қажет.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Бауыр функциясының ауыр бұзылыстарында препаратты қолдануға болмайды. Ауырлық дәрежесі жеңіл немесе орташа бауыр функциясы бұзылған пациенттерге препаратты қолданар алдында дәрігерден кеңес алу және қажет болса дозаны түзету керек: күніне бір рет 100 мг. Аталған топтың пациенттерін мұқият қадағалау қажет.
Енгізу әдісі мен жолы
Ремантадинды тамақтан кейін, сумен ішіп қабылдайды.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Симптомдары: қозу, елестеулер, аритмия. Өлімге әкелуі мүмкін.
Емі: улану кезінде тіршілікті қамтамасыз ететін функцияларды қолдау қажет. Орталық жүйке жүйесі тарапынан симптомдарымен артық дозалану кезінде физостигминді вена ішіне енгізу (ересектерге 1-2 мг және балаларға – 0,5 мг , қажет болса қайталаумен, бірақ сағатына 2 мг артық емес) тиімді. Ремантадин гемодиализ арқылы шығарылмайды.
10 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
1 немесе 3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Жарықтан және ылғалдан қорғалған жерде, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.