Қолдану көрсеткіштері
Гомеопатиялық препарат 12 жастан асқан балаларда қолдануға арналған
- етеккір оралымының бұзылуында (дисменорея, екіншілік аменорея, етеккір алдындағы синдром)
климакстық синдромда
Гомеопатиялық препарат 12 жастан асқан балаларда қолдануға арналған
- етеккір оралымының бұзылуында (дисменорея, екіншілік аменорея, етеккір алдындағы синдром)
климакстық синдромда
- белсенді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жүктілік және лактация кезеңі
- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға
Қазіргі уақытта басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесу туралы ешқандай ақпарат жоқ.
Фармакодинамикалық өзара әрекеттесулері
Ременс® - бұл бір-бірін өте тиімді толықтыратын және көптеген көрсетілімдердің кең ауқымына әкелетін, қауіпсіздікті арттыратын және ауруды емдеу мен профилактикасын жеңілдететін бірнеше гомеопатиялық дәрінің ерекше біріктірілімі.
Өзара әрекеттесудің басқа түрлері
Гомеопатиялық дәрілік заттың әсеріне әдетте өмір салтындағы зиянды факторлар, стимуляциялайтын әсер беретін препараттар мен экзотикалық тамақ өнімдері жағымсыз әсер етуі мүмкін.
Арнайы ескертулер
Сақтық шаралары
Пациенттерге бауырдың зақымдану белгілері пайда болған кезде (сарғаю, несептің қараюы, іштің жоғарғы бөлігіндегі ауырсыну, жүрек айнуы, тәбеттің жоғалуы, шаршау) Ременс® таблеткаларын қабылдауды дереу тоқтату керек.
Ременс® - құрамында өсімдік шикізаты бар, сондықтан дәміне және сыртқы түріне қарай ерекшеленуі мүмкін. Бұл препараттың сапасы мен тиімділігіне ешқандай әсер етпейді.
Ременс® құрамында, әрбір таблеткада 227 мг лактоза моногидраты бар. Сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза тапшылығы немесе глюкозо-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер бұл препаратты қабылдамауы тиіс.
Балалар
Ременс® таблеткалары 12 жасқа дейінгі балаларға тағайындалмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Ременс® таблеткалары жүктілік кезінде және емшек емізу кезеңінде тағайындалмауы тиіс
Фертильділік
Фертильділікке әсері туралы деректер жоқ
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ременс® таблеткалары автомобильді және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе елеусіз әсер етеді.
Дозалау режимі
Емнің басында жасөспірім қыз балалар мен ересек әйелдер 1 таблеткадан күніне 4 рет қабылдаулары тиіс. Жағдайы жақсарған кезде қабылдау жиілігі 1 таблеткадан күніне 2 ретке дейін азайтылуы тиіс.
Емдеу курсы 3 ай.
Шағымдар көбейген жағдайда немесе 3 айдан кейін жақсаруы басталмаған болса, дәрігердің кеңесіне жүгіну қажет.
Енгізу әдісі және жолы
Тіл астына. Ременс® - таблеткалар тамаққа дейін 30 минут бұрын немесе тамақ ішкеннен кейін кемінде 1 сағат өткен соң қабылданады, таблетканы толық ерігенше тіл астында ұстау керек.
Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар
Артық дозалану жағдайлары тіркелмеген.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Гомеопатиялық дәрілік заттармен емдеудің әрбір ұзағырақ курсын гомеопат-дәрігер бақылауы тиіс, өйткені дәрілік затты қабылдаумен байланысты жағымсыз симптомдар (жаңа симптомдар) дұрыс қолданбаудың салдарынан туындауы мүмкін.
- құрамында цимицифуга бар препаратты қолдану кезінде бауырдың зақымдануы. Жағымсыз әсерлердің туындау жиілігі туралы ақпарат жоқ.
ПВХ/ПВДХ үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 12 таблеткадан салынған.
1 немесе 3 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Жарықтан қорғалған жерде, 25º С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25º С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.