daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Рибоксин Таблеткалары 200 Мг №50 | Борисовский ЗМП

Таразе қаласындағы Рибоксин Таблеткалары 200 Мг №50 | Борисовский ЗМП
Сипаттама:

Екі жақ беті дөңес сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар. Көлденең қиығында екі қабаты көрінеді.

Халықаралық атауы:

Инозин

Өндіруші:

Борисовский ЗМП

Өндіруші ел:

Республика Беларусь

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: сахароза, картоп крахмалы, повидон, стеарин қышқылы, опадрай II (құрамында: поливинил спирті, ішінара гидролизденген, тальк, макрогол 3350 (полиэтиленгликоль), сары түсті бояйтын пигмент (құрамында титанның қостотығы E 171, темірдің сары тотығы E 172, хинолинді сары негізіндегі алюминий лагы Е 104 бар).

Белсенді заттың дозасы:

200 мг

Қаптамадағы саны:

50 шт.
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Осы дәрілік препарат сирек туа біткен фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактозалық мальабсорбциясы бар пациенттерге қарсы көрсетілімді.

Педиатрияда қолдану

Деректер болмауына байланысты, дәрілік препаратты 18 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Рибоксин жүктілік және лактация кезеңінде пайда/қауіп арақатынасын ескере отырып, тағайындалады.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік препарат көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану көрсеткіштері

Дәрілік препарат ересектерде кешенді ем құрамында қолдануға арналған.

ишемиялық жүрек ауруы, миокард инфарктісінен кейінгі миокардиодистрофия, жүрек гликозидтерін қолдану себеп болатын жүрек ырғағының бұзылулары

гепатит, бауыр циррозы, алкоголь немесе дәрілік препараттар тудырған бауырдың май басу дистрофиясында

урокопропорфирия

Қатаң түрде дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек!

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

подагра

2-3 дәрежедегі брадиаритмиялар

синустық түйін әлсіздігі cиндромы

WPW – синдром, Моргань - Адамс – Стокс симптомы

18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

Өзара әрекеттесуі

Бір мезгілде қолданғанда анаболикалық стероидтар мен стероидты емес анаболикалық дәрілер әсерлерін күшейтеді.

Теофиллиннің бронхолитикалық әсерін және кофеиннің психостимуляциялау әсерін әлсіретеді.

Алкалоидтармен үйлесімсіз, олармен өзара әрекеттескенде алкалоид негізінің ажырауы және ерімейтін қосылыстар түзілуі жүреді.

Танинмен шөгінді түзіледі.

Қышқылдармен және спирттермен, ауыр металдар тұздарымен үйлеспейді. В6 дәруменімен (пиридоксин гидрохлориді) үйлесімсіз, өйткені екі қосылыстың да белсенділігінен айырылуы туындайды.

Рибоксин әсері бета-адреноблокаторлармен қабылдағанда кемімейді. Жүрек гликозидтерімен біріктіргенде препарат аритмияның туындауына жол бермейді және инотропты әсерін күшейте алады.

Рибоксин гепариннің әсерлерін күшейте отырып, оның әсер ету ұзақтығын арттырады.

Гипоуремиялық дәрілермен бірге қолдану олардың әсерін әлсіретеді.

Нитроглицерин, нифедипин, фуросемид, спиронолактонмен бір мезгілде қолдануға болады.

Арнайы нұсқаулар

Дәрілік препарат құрамында сахароза бар, оны қант диабеті бар пациенттер ескеру керек.

Осы дәрілік препарат сирек туа біткен фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактозалық мальабсорбциясы бар пациенттерге қарсы көрсетілімді.

Педиатрияда қолдану

Деректер болмауына байланысты, дәрілік препаратты 18 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Рибоксин жүктілік және лактация кезеңінде пайда/қауіп арақатынасын ескере отырып, тағайындалады.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік препарат көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектерге тәуліктік 600–2400 мг дозада тағайындалады. Емдеу күніне 3–4 рет 200 мг қолданудан басталады. Жағымсыз әсері болмаса, 2–3 күн өткен соң дозаны күніне 3 рет 400 мг дейін арттырады. Әр 2–3 күн сайын дозаны арттыруды жалғастыра отырып, Рибоксинді бастапқыда күніне 4 рет, ал кейін күніне 6 рет 400 мг дозада қабылдауға ауысады. Емдеу курсы 1–3 айға созылады.

Порфирия өршуінде препарат 1–3 ай бойы күнделікті күніне 4 рет 400 мг тағайындалады.

Енгізу әдісі және жолы

Тамақтануға дейін ішке қолданылады.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Жеке жақпаушылық құбылыстары болғанда дәрілік препаратты қабылдау тоқтатылады және десенсибилизациялау емі жүргізіледі. Қанда несеп қышқылының деңгейі жоғарылауы мүмкін, ол подаграмен ауыратын пациенттерде препаратты тоқтату қажет болатын өршуіне алып келеді.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру мақсатында кеңес алу  үшін медициналық қызметкерге хабарласу ұсынылады

Артық дозалану

Жеке жақпаушылық құбылыстары болғанда дәрілік препаратты қабылдау тоқтатылады және десенсибилизациялау емі жүргізіледі. Қанда несеп қышқылының деңгейі жоғарылауы мүмкін, ол подаграмен ауыратын пациенттерде препаратты тоқтату қажет болатын өршуіне алып келеді.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру мақсатында кеңес алу  үшін медициналық қызметкерге хабарласу ұсынылады

Жанама әсерлері

Иммундық жүйе, тері және тері асты шелі тарапынан: аллергиялық/анафилаксиялық реакциялар (оның ішінде қышыну, тері гиперемиясы, есекжем, бөртпе, анафилаксиялық шок).

Зат алмасу, метаболизм тарапынан: гиперурикемия, үлкен дозаларда ұзақ уақыт қолдану кезінде подагра өршуі болуы мүмкін.

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: тахикардия, артериялық гипотензия бас ауырумен, ентігумен, бас айналумен, жүрек айнумен, құсумен, тершеңдікпен қатар жүруі мүмкін.

Басқа да: қанда несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы, жалпы әлсіздік.

Шығарылу түрі

10 таблеткадан дәрілік заттарды қаптауға және алюминий фольга негізінде немесе алюминий фольгадан немесе біріктірілген материалдан икемді қаптамаға арналған поливинилхлоридті үлбірден немесе пластиктелмеген ПВХ үлбірінен жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

5 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыРибоксин таблеткалары 200 мг №50 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube