daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Рибоксин Көктамыр Ішіне Енгізуге Арналған Ерітінді 2% 5мл №10 | Дальхимфарм ОАО

Таразе қаласындағы Рибоксин Көктамыр Ішіне Енгізуге Арналған Ерітінді 2% 5мл №10 | Дальхимфарм ОАО
Сипаттама:

Мөлдір түссіз немесе сәл боялған сұйықтық.

Халықаралық атауы:

Инозин

Өндіруші:

Дальхимфарм ОАО

Өндіруші ел:

Российская Федерация

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар - метенамин (гексаметилентетрамин) – 2 мг, натрий гидроксиді ерітіндісі (күйдіргіш натр) 1 М – рН 7.8 – ден 8.6-ға дейін, инъекцияға арналған су - 1.0 мл-ге дейін. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Мөлдір түссіз немесе сәл боялған сұйықтық.

Белсенді заттың дозасы:

2%

Дәрілік түрі:

Вена ішіне енгізуге арналған ерітінді, 20 мг/мл

Қаптамадағы саны:

10 шт

Аналогтары

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Жүректің ишемиялық ауруын, басынан өткерген миокард инфарктісінен кейін, өткерген инфекциялық аурулардан кейінгі миокардиодистрофия аясында жүрек гликозидтерін қолданумен байланысты жүрек ырғағының бұзылуын кешенді емдеуде. Бауыр ауруларында (гепатит, цирроз, майлы дистрофия).

Қарсы көрсеткіштер

- препаратқа жоғары сезімталдық

- подагра

- гиперурикемия

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар (тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған)

- бүйрек жеткіліксіздігі.

Сақтық шаралары

Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде дәрілік заттарды дәрігердің пікірі бойынша күтілетін емдік әсері қолданғанда төнетін ықтимал қауіптен басым болғанда ғана қолданылуы мүмкін.

Емдеу кезінде қанда несеп қышқылы деңгейін үнемі бақылап отырған жөн.

Препаратты бүйрек функциясының бұзылуларында сақтықпен тағайындайды.

Қышыну және тері гиперемиясы пайда болғанда препаратты қолдануды тоқтату керек.

Өзара әрекеттесуі

Кешенді ем құрамында қолданғанда Рибоксин аритмияға қарсы, антиангинальді және инотроптық дәрілік препараттар тиімділігінің жоғарылауына мүмкіндік береді.

Рибоксинді бета-адреноблокаторлармен бір мезгілде қолданғанда Рибоксиннің әсері төмендемейді. Жүрек гликозидтерімен біріктіргенде препарат аритмияның пайда болуына жол бермеуі және инотроптық әсерін күшейтуі мүмкін.

Иммунодепрессанттармен бір мезгілде қолданғанда тиімділігі төмендейді.

Рибоксиннің басқа топтағы дәрілік заттармен клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесуі сипатталмаған.

Рибоксинді, препараттардың химиялық үйлесімсіздігіне жол бермеу үшін, басқа дәрілік заттармен бір шприцте араластырмаған жөн.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектерге

Емдеуді күніне 1 рет 200 мг (10 мл 2 % ерітінді) енгізуден бастайды, содан соң жағымдылығы жақсы болғанда дозаны күніне 1-2 рет 400 мг (20 мл 2 % ерітінді) дейін арттырады. Емдеу ұзақтығы 10-15 күн.

Жүрек ырғағының жедел бұзылуларында препарат бір реттік 200-400 мг дозада (10-20 мл 2 % ерітінді) сорғалатып енгізілуі мүмкін.

Ишемияланған бүйрекке  фармакологиялық қорғанысты қамтамасыз ету үшін бүйрек артерияларын қысқанға дейін 5-15 минут бұрын рибоксинді бір реттік 1,2 г (60 мл 2 % ерітінді) дозада, одан әрі қан айналымы қалпына келгеннен кейін іле-шала тағы 0,8 г (40 мл 2 % ерітінді) вена ішіне сорғалатып енгізеді.

2 % ерітіндіні вена ішіне тамшылатып енгізу үшін препаратты 5 % глюкоза ерітіндісінде немесе натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде (250 мл дейін) сұйылтады.

Енгізу әдісі мен жолы

Рибоксин вена ішіне сорғалатып (баяу) немесе тамшылатып (минутына 40-60 тамшы) тағайындалады.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Симптомдары: аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Емі: симптоматикалық, ауыр жағдайларда дәрігермен қаралу керек.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға  бару жөнінде нұсқаулар

Препаратты әрдайым қосымша параққа немесе емдеуші дәрігердің ұсыныстарына сәйкес қабылдаңыз.

Шығарылу түрі

5 мл-ден бейтарап шыны ампулаларда.

10 ампуладан медициналық қолдану жөніндегі жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және ампула ашуға арналған пышақпен немесе ампулалық скарификатормен бірге картон қорапқа салынады.

Ойықтары, сақиналары және сындыру нүктелері бар ампулаларды пайдаланған кезде ампулаларды ашуға арналған пышақ немесе ампулалық скарификатор салынбайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Көлемі

5 мл (ампула)

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыРибоксин көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінді 2% 5мл №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube