daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Рипронат Капсулалары 500 Мг №60 | World Medicine Ilac San. ve Tic A.S.

Таразе қаласындағы Рипронат Капсулалары 500 Мг №60 | World Medicine Ilac San. ve Tic A.S.

Халықаралық атауы:

Мельдоний

Өндіруші:

World Medicine Ilac San. ve Tic A.S.

Өндіруші ел:

Турция

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: өңделген жүгері крахмалы (жүгері крахмалы, желатинделген крахмал), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, кальций стеараты. Капсула корпусының құрамы: титанның қостотығы (Е171), темірдің (III) сары тотығы (Е172), желатин. Капсула қақпағының құрамы: титанның қостотығы (Е171), темірдің (III) қызыл тотығы (Е172), желатин.

Белсенді заттың дозасы:

500 мг

Дәрілік түрі:

500 мг капсулалар

Қаптамадағы саны:

60 шт.
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат - 500 мг мельдоний дигидраты,

қосымша заттар: өңделген жүгері крахмалы (жүгері крахмалы, желатинделген крахмал), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, кальций стеараты.

Капсула корпусының құрамы: титанның қостотығы (Е171), темірдің (III) сары тотығы (Е172), желатин.

Капсула қақпағының құрамы: титанның қостотығы (Е171), темірдің (III) қызыл тотығы (Е172), желатин.

Қолдану көрсеткіштері

Келесі жағдайларда кешенді терапия:

- жүрек-қантамыр аурулары (тұрақты стенокардия, жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі (NYHA жіктемесі бойынша I-III класс), кардиомиопатия, жүрек-қантамыр жүйесі қызметінің функционалдық бұзылулары;

- ми қанайналымының жедел және созылмалы ишемиялық бұзылуларында;

- жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, физикалық және психоэмоциональдық артық күш жұмсау;

- цереброваскулярлық бұзылулардан, бас жарақаттарынан және энцефалиттен кейінгі сауығу кезеңінде.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе 6.1-бөлімде берілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- бауыр және/немесе бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (қауіпсіздік жөніндегі деректердің жеткіліксіздігіне байланысты);

- жүктілік және бала емізу кезеңі;

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (осы жас тобында мельдонийді қолдану қауіпсіздігі бойынша деректердің болмауына байланысты).

Сақтық шаралары

Бауыр мен бүйректің созылмалы аурулары бар пациенттерге препаратты ұзақ уақыт қолданғанда сақ болу керек (бауыр және/немесе бүйрек функциясына мониторинг жүргізу қажет).

Арнайы нұсқаулар

Педиатрияда қолдану

Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде мельдонийдің қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер жоқ, сондықтан препаратты балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезеңінде

Адам үшін ықтимал қауіптер белгісіз, сондықтан Рипронатты жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

Мельдонийдің әйелдерде емшек сүтімен шығарылатыны белгісіз. Жаңа туылған нәрестелер/сәбилер үшін қауіпті жоққа шығаруға болмайды, сондықтан Рипронатты бала емізу кезінде қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Рипронаттың реакция жылдамдығына жағымсыз әсері туралы деректер жоқ.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер

Жүрек-қантамыр аурулары, цереброваскулярлық бұзылулар: доза тәулігіне 500 мг құрайды. Тәуліктік дозаны бірден қабылдауға немесе екі қабылдауға бөлуге болады. Ең жоғары тәуліктік доза 1000 мг құрайды.

Жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, артық жүктеме және қалпына келу кезеңі: доза тәулігіне 500 мг құрайды. Тәуліктік дозаны бірден қабылдауға немесе екі қабылдауға бөлуге болады. Ең жоғары тәуліктік доза 500 мг құрайды.

Артық дозалану

Артық дозалану жағдайлары туралы хабарланған жоқ. Мельдоний аз уытты және пациенттің денсаулығына зиян келтіретін ешқандай жағымсыз реакциялар туғызбайды. Қысымы төмен пациенттерде бас ауыруы, бас айналу, тахикардия, жалпы әлсіздік болуы мүмкін.

Емі: симптоматикалық. Артық дозалану жағдайында бауыр мен бүйрек функцияларын бақылау қажет.

Препараттың ақуыздармен айқын байланысуына байланысты гемодиализдің маңызы жоқ.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңеске жүгіну бойынша ұсынымдар

Рипронатты ішке қабылдайды. Капсуланы сумен ішіп, жұтады. Препаратты тамақтанар алдында немесе тамақтанғаннан кейін қабылдауға болады. Қоздырғыш әсерінің даму ықтималдығына байланысты препаратты күннің бірінші жартысында енгізу ұсынылады.

Жанама әсерлері

Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін), сирек (≥1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес).

Жиі

- аллергиялық реакциялар

- бас ауыруы

- диспепсия

Сирек

- аса жоғары сезімталдық

- аллергиялық дерматит

- есекжем

- ангиодистрофия

- анафилаксиялық реакция

- ажитация

- қорқыныш сезімі

- мезілегіш ойлар

- ұйқының бұзылуы

- парестезия

- тремор

- гипестезия

- құлақ шулау

- вертиго

- бас айналу

- жүрістің бұзылуы

- пресинкопе

- есінен тану

- жүрек ырғағының өзгеруі

- жүрек соғуы сезімі

- тахикардия/синустық тахикардия

- жүрекше фибрилляциясы

- аритмия

- кеудедегі ыңғайсыздық сезімі/кеудедегі ауырсыну

- артериялық қысымның ауытқуы

- гипертензиялық криз

- гиперемия

- тері жамылғыларының бозаруы

- тамақтың қабынуы

- жөтел

- диспноэ

- апноэ

-дисгевзия (ауыздың темір татуы)

- тәбеттің жоғалуы

- лоқсу

- жүрек айну

- құсу

- метеоризм

- диарея

- іштің ауыруы

- бөртпе

- жалпы/макулярлы/папулалы бөртпе

- қышыну

- арқаның ауыруы

- бұлшықет әлсіздігі

- бұлшықет спазмы

- поллакиурия

- жалпы әлсіздік

- діріл

- астения

- ісіну

- беттің ісінуі

- аяқтың ісінуі

- ысыну сезімі

- тоңу сезімі

- суық тер

- электрокардиограммадағы (ЭКГ) ауытқулар

- жүректің жиырылу жиілігінің күшеюі

- эозинофилия

Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)

- бас сақинасы

Шығарылу түрі

15 қатты желатинді капсуладан поливинилхлоридті үлдірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

4 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Ылғалдан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладырипронат капсулалары 500 мг №60 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube