daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Ривоксар Таблеткалары 20 Мг №28 | Абди Ибрахим

Таразе қаласындағы Ривоксар Таблеткалары 20 Мг №28 | Абди Ибрахим
Сипаттама:

Күңгірт-қызыл түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында «R4» бедері бар, дөңгелек, екі беті дөңес таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Ривароксабан

Өндіруші:

Абди Ибрахим

Өндіруші ел:

Турция

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (МКЦ 102), лактоза моногидраты (SD), натрий кроскармеллозасы, гидроксипропилметилцеллюлоза (гипромеллоза Е5), полоксамер 188, магний стеараты, Қабығының құрамы: Дайын үлбірлі қабығы Опадрай® 04F250010 қызыл (Opadry® 04F250010 Red) (гипромеллоза 2910, титанның қостотығы (Е171), макрогол/полиэтиленгликоль (ПЭГ 4000), темірдің қызыл тотығы Е172)) Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Күңгірт-қызыл түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында «R4» бедері бар, дөңгелек, екі беті дөңес таблеткалар.

Белсенді заттың дозасы:

20 мг

Қаптамадағы саны:

28 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат ривароксабан (микрондалған) 20 мг,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (МКЦ 102),

лактоза моногидраты (SD), натрий кроскармеллозасы, гидроксипропилметилцеллюлоза (гипромеллоза Е5), полоксамер 188, магний стеараты,

Қабығының құрамы: Дайын үлбірлі қабығы Опадрай® 04F250010 қызыл (Opadry® 04F250010 Red) (гипромеллоза 2910, титанның қостотығы (Е171), макрогол/полиэтиленгликоль (ПЭГ 4000), темірдің қызыл тотығы Е172))

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Күңгірт-қызыл түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында «R4» бедері бар, дөңгелек, екі беті дөңес таблеткалар.

Қолдану көрсеткіштері

- іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, гипертензия, ≥ 75 жас, қант диабеті, алдыңғы инсульт немесе транзиторлы ишемиялық шабуыл сияқты бір немесе бірнеше қауіп факторлары, жүрекшелердің клапандық емес фибрилляциясы бар ересек пациенттерде инсульт пен жүйелік эмболияның профилактикасында.

- ересектерде терең веналар тромбозы (ТВТ) мен өкпе артериясының тромбоэмболиясын (ӨАТЭ) емдеу, сондай-ақ, ТВТ мен ӨАТЭ қайталануының профилактикасы үшін.

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші затына немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

клиникалық тұрғыдан белсенді, елеулі қан кету.

асқазан-ішек жолының бұрыннан бар немесе жуырда пайда болған ойық жарасы, қан кету қаупі жоғары қатерлі жаңа түзілімдердің болуы, мидың немесе жұлынның жуырда алған жарақаты, миға, жұлынға немесе көзге жақын арада жүргізілген хирургиялық араласым, жақын арада болған бассүйекішілік қан құйылу, өңеш веналарының варикозды кеңеюі диагнозының анықталуы немесе соған күдіктену, артерия-веналық даму аномалиялары, қантамыр аневризмалары немесе жұлынның немесе мидың ірі қантамырларының патологиясы сияқты ауқымды қан кетудің елеулі қауіп факторы болып саналатын бұзылыс немесе жағдай.

фракцияланбаған гепарин (ФБГ), төмен молекулалы гепариндер (эноксапарин, далтепарин және т.б.), гепарин туындылары (фондапаринукс және т.б.), пероральді антикоагулянттар (варфарин, дабигатран этексилаты, апиксабан және т.с.с.) сияқты кез келген басқа антикоагулянттармен қатарлас емдеу, басқа антикоагулянттық емге көшудің немесе ФБГ венаның немесе артерияның орталық катетерінің өткізгіштігін қамтамасыз ету үшін қажетті дозаларда енгізілетін ерекше жағдайларынан басқасында

Чайлд-Пью бойынша В және С класты бауыр циррозы бар пациенттерді қоса, клиникалық тұрғыдан елеулі қан кетудің даму қаупімен байланысты коагулопатиямен қатар жүретін бауыр ауруы

жүктілік және лактация кезеңі

тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp - лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар

Сақтық шаралары

Барлық емдеу кезеңі бойына антикоагуляттармен емдеудің бекітілген тәжірибесі аясында клиникалық қадағалау жүргізу ұсынылады.

Қан кету қаупі

Басқа антикоагулянттарды қолданғандағы сияқты, Ривоксар препаратын қолдану аясында, қан кету белгілерін анықтау үшін пациенттерді мұқият қадағалау қажет. Ривоксар препаратын қан кету қаупі жоғары пациенттерді емдеуде сақ болып пайдалану ұсынылады. Ауыр қан кету дамыған жағдайда, Ривоксар препаратын қабылдау тоқтатылуы тиіс.

Клиникалық зерттеулерде шырышты қабықтардан қан кетулер (мысалы, мұрыннан, қызыл иектен, асқазан-ішектен және қынаптан патологиялық және құйылып келетін етеккірлік қан кетуді қоса, несеп-жыныс жүйесінен) мен анемия көбінесе, КДА емімен салыстырғанда, ривароксабанмен ұзақ уақыт емдеген кезде байқалған. Сәйкесінше, стандартты клиникалық тексеруге қосымша, және егер, талапқа сай болса, жасырын қан кетуді анықтау үшін гемоглобин/гематокрит деңгейін зертханалық жолмен анықтаудың және айқын қан кетудің клиникалық тұрғыдан елеулілігі мөлшерін анықтаудың маңызы болуы мүмкін.

Пациенттердің төменде сипатталған бірнеше тобында қан кетудің даму қаупі жоғары.

Ол пациенттер емдеу басталған сәттен бастап, қан кету мен анемияның белгілері мен симптомдарын анықтауы үшін дәрігердің мұқият қадағалауында болуы тиіс. Гемоглобин деңгейінің немесе артериялық қысымның түсініксіз төмендеуі жағдайында, қан кету көзін іздеу қажет.

Ривоксар препаратымен емдеу экспозициясына дағдылы мониторинг жүргізуді қажет етпейтіндігіне қарамастан, жекелеген жағдайларда, ривароксабанның экспозициясы туралы білу клиникалық шешім қабылдауға көмектесуі мүмкін кезде, мысалы, артық дозалануы мен шұғыл операция жағдайында, ривароксабанның Xa факторына қарсы белсенділігін калибровкаланған сандық тестінің көмегімен өлшеу пайдалы болуы мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі <30 мл/мин) науқастарда ривароксабанның қан плазмасындағы концентрациялары едәуір жоғарылауы (орташа алғанда 1.6 есе) мүмкін, бұл қан кетулер қаупінің жоғарылауына алып келуі ықтимал.

Ривароксабанды бүйректің жеткіліксіздігі бар, креатинин клиренсі 15-29 мл/минут науқастарды емдеуде сақтықпен қолдану қажет. Креатинин клиренсі <15 мл/минут науқастарда Ривоксар препаратын қолдану ұсынылмайды.

Ривоксар препаратын бүйректің жеткіліксіздігі бар, ривароксабанның плазмадағы концентрациясын арттыратын басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде ем қабылдап жүрген пациенттерге сақтықпен қолдану қажет.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Ривоксар препаратын азолдық топтың зеңге қарсы препараттарымен (мысалы, кетоконазолмен, итраконазолмен, вориконазолмен және позаконазолмен) немесе АИТВ протеазасы тежегіштерімен (мысалы, ритонавирмен) жүйелі ем қабылдап жүрген пациенттерде қолдану ұсынылмайды. Бұл дәрілік препараттар CYP3A4 пен Р гликопротеиннің күшті тежегіштері болып табылады. Соның салдары ретінде, аталған дәрілік препараттар ривароксабанның плазмадағы концентрациясын клиникалық тұрғыдан елеулі деңгейге дейін (орташа алғанда 2.6 есе) арттыруы мүмкін, бұл қан кетулердің даму қаупін арттырады.

Ривоксар препаратын гемостазға ықпал ететін дәрілік препараттарды, мысалы, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді (ҚҚСД), ацетилсалицил қышқылын (АСҚ) және тромбоциттер агрегациясының тежегіштерін немесе серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштерін (СКҚСТ) және серотонин мен норэпинефринді кері қармаудың селективті тежегіштерін (СНКҚСТ) қабылдап жүрген пациенттерге тағайындағанда сақ болу қажет. Асқазан-ішек жолының ойық жара ауруының даму қауіпі бар пациенттерге, сәйкесінше профилактикалық ем жүргізу мәселесін қарастыру керек.

Ривоксар препаратын АСҚ біріктіріп немесе Ривоксар препаратын және АСҚ плюс клопидогрел/ тиклопидин қабылдап жүрген пациенттер, егер қан кету қаупінен пайдасы асып түскен жағдайларда ғана ҚҚСП ұзақ емді қабылдауы тиіс.

Қан кетудің дамуының басқа қауіп факторлары

Тромбозға қарсы басқа препараттар сияқты, Ривоксар препаратын қан кету қаупі жоғары, атап айтқанда, төмендегідей жағдайлары бар пациенттерді емдеуде пайдалану ұсынылмайды:

қан кетулермен байланысты туа біткен немесе жүре пайда болған бұзылулар

бақылауға келмейтін ауыр артериялық гипертония

асқазан-ішек жолының белсенді ойық жараларсыз, қан кетулермен асқынуы мүмкін басқа аурулары (мысалы, ішектің қабыну аурулары, эзофагит, гастрит, гастроэзофагеальді рефлюкс)

қантамырлық ретинопатия

анамнездегі бронхоэктаздар немесе өкпеден қан кету

Өзара әрекеттесуі

Ривоксар препаратын азолдық топтың зеңге қарсы препараттарымен (мысалы, кетоконазолмен, итраконазолмен, вориконазолмен және позаконазолмен) немесе АИТВ протеазасы тежегіштерімен (мысалы, ритонавирмен) жүйелі ем қабылдап жүрген пациенттерде қолдану ұсынылмайды. Бұл дәрілік препараттар CYP3A4 пен Р гликопротеиннің күшті тежегіштері болып табылады. Соның салдары ретінде, аталған дәрілік препараттар ривароксабанның плазмадағы концентрациясын клиникалық тұрғыдан елеулі деңгейге дейін (орташа алғанда 2.6 есе) арттыруы мүмкін, бұл қан кетулердің даму қаупін арттырады.

Ривоксар препаратын гемостазға ықпал ететін дәрілік препараттарды, мысалы, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді (ҚҚСД), ацетилсалицил қышқылын (АСҚ) және тромбоциттер агрегациясының тежегіштерін немесе серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштерін (СКҚСТ) және серотонин мен норэпинефринді кері қармаудың селективті тежегіштерін (СНКҚСТ) қабылдап жүрген пациенттерге тағайындағанда сақ болу қажет. Асқазан-ішек жолының ойық жара ауруының даму қауіпі бар пациенттерге, сәйкесінше профилактикалық ем жүргізу мәселесін қарастыру керек.

Ривоксар препаратын АСҚ біріктіріп немесе Ривоксар препаратын және АСҚ плюс клопидогрел/ тиклопидин қабылдап жүрген пациенттер, егер қан кету қаупінен пайдасы асып түскен жағдайларда ғана ҚҚСП ұзақ емді қабылдауы тиіс.

Қан кетудің дамуының басқа қауіп факторлары

Тромбозға қарсы басқа препараттар сияқты, Ривоксар препаратын қан кету қаупі жоғары, атап айтқанда, төмендегідей жағдайлары бар пациенттерді емдеуде пайдалану ұсынылмайды:

қан кетулермен байланысты туа біткен немесе жүре пайда болған бұзылулар

бақылауға келмейтін ауыр артериялық гипертония

асқазан-ішек жолының белсенді ойық жараларсыз, қан кетулермен асқынуы мүмкін басқа аурулары (мысалы, ішектің қабыну аурулары, эзофагит, гастрит, гастроэзофагеальді рефлюкс)

қантамырлық ретинопатия

анамнездегі бронхоэктаздар немесе өкпеден қан кету

Арнайы нұсқаулар

Қосымша заттар туралы ақпарат

Ривоксар препаратының құрамында лактоза бар. Галактоза жақпаушылығының сирек тұқым қуалайтын қиындықтары, Lapp лактаза тапшылығы немесе глюкоза - галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер бұл дәрілік препаратты қабылдамауы тиіс.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік

Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер Ривоксар препаратымен емделу кезінде жүктілік басталуынан сақтануы керек.

Лактация

Ривоксар препаратын емшек емізу кезінде қолдануға болмайды. Емшек емізуді тоқтату, не болмаса емдеуді тоқтату/емделуден бас тарту туралы шешім қабылдануы тиіс.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ривоксар препаратының автокөлік және механизмдерді басқару қабілетіне әсері елеусіз. Бас айналуы немесе естен тану жағдайлары туралы хабарланған. Ондай реакциялар байқалған пациенттер, автокөлік немесе механизмдерді басқарудан бас тартуы керек.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Инсульт және жүйелі эмболия профилактикасы

Препараттың ұсынылатын және ең жоғары дозасы 20 мг тәулігіне 1 рет құрайды. Инсульт пен жүйелік эмболияның профилактикасының артықшылығы қан кету қаупінен басым болған жағдайда емдеуді ұзақ уақыт жалғастыру керек.

Егер кезекті дозаны қабылдауды өткізіп алса, пациент дереу Ривоксар препаратын қабылдауы және келесі күні препаратты ұсынылған режимге сәйкес жүйелі қабылдауды жалғастыруы тиіс. Бұрын өткізіп алған дозаны өтеу үшін қабылданатын дозаны екі есе арттырмаған жөн.

Терең веналар тромбозы (ТВТ) мен өкпе артериясының тромбоэмболиясын (ӨАТЭ) емдеу, сондай-ақ ересектердегі ТВТ мен ӨАТЭ қайталануының профилактикасы

Ривоксар препаратының жедел ТВТ немесе ӨАТЭ бастапқы емі үшін ұсынылатын дозасы алғашқы 3 аптасы бойына тәулігіне екі рет 15 мг құрайды, содан кейін ТВТ мен ӨАТЭ қайталануының емі мен профилактикасын жалғастыру үшін тәулігіне бір рет 20 мг Ривоксар препараты қабылданады.

Қысқамерзімді (кемінде 3 айлық) емді елеулі транзиторлық қауіп факторлары (мысалы, жуырда бастан өткерген ауқымды операциялық араласымдар немесе жарақат) түрткі болған ТВТ мен ӨАТЭ бар пациенттерде қарастыру керек. Ұзағырақ емдеуді елеулі транзиторлық қауіп факторларымен байланыссыз туындаған ТВТ немесе ӨАТЭ, анамнезінде елеулі транзиторлық қауіп факторлары түрткі болмаған ТВТ немесе ӨАТЭ немесе ТВТ немесе ӨАТЭ қайталануы бар пациенттерде қарастыру керек.

ТВТ мен ӨАТЭ қайталануының ұзаққа созылатын профилактикасына (ТВТ немесе ӨАТЭ кемінде 6 ай бойы емдеуден кейін) көрсетілім болған жағдайда, ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 10 мг құрайды. Асқынған қатарлас аурулардың немесе Ривоксар препаратымен тәулігіне бір рет 10 мг профилактикалық дозасында ұзақ емдеу аясында ТВТ немесе ӨАТЭ қайталануының болуы сияқты ТВТ немесе ӨАТЭ қайталануының қаупі жоғары пациенттер Ривоксар препаратының 20 мг дозасын тәулігіне бір рет қабылдауды қарастыруы керек.

К дәруменінің антагонистерінен (КДА) Ривоксар препаратына ауысу

Инсультті емдеуде және жүйелік эмболияның профилактикасында жүрген пациенттер үшін КДА қабылдауды тоқтату керек және ХҚҚ ≤3.0 дейін жеткеннен кейін Ривоксар препаратының емін бастау керек

ТВТ мен ӨАТЭ-ден емделіп жүрген және ТВТ мен ӨАТЭ қайталануының профилактикасы жүргізіліп жатқан пациенттерде КДА қабылдауды тоқтату керек, және халықаралық қалыптасқан қатынас (ХҚҚ) ≤2,5 дейін төмендеген кезде Ривоксар емін бастауы керек.

Пациенттер КДА-дан ауысқан кезде, Ривоксар препаратын қабылдағаннан кейін ХҚҚ мәндері жалған жоғарылайды. ХҚҚ Ривоксар препаратының антикоагулянттық белсенділігін анықтау үшін жарамсыз және сондықтан да, аталған мақсатта пайдаланылмауы тиіс.

Ривоксар препаратынан К дәруменінің антагонистеріне (КДА) ауысу

Ривароксабаннан КДА-ға ауысқан кезде антикоагулянттық әсері жеткіліксіз болуы мүмкін. Соған байланысты, мұндай басқа антикоагулянтқа ауысу кезінде үздіксіз жеткілікті антикоагулянттық әсермен қамтамасыз ету қажет. Ривоксар препараты ХҚҚ жоғарылауына ықпал етуі мүмкіндігін айта кету керек. Ривоксар препаратынан КДА-ға ауысқан кезде, Ривоксар препаратын ХҚҚ ≥2,0 көрсеткішіне жеткенге дейін КДА-мен бір мезгілде қабылдау керек. Ауысу кезеңінің алғашқы екі күні ішінде КДА стандартты бастапқы дозасын қолданып, артынан ХҚҚ анықтаудың негізіндегі КДА дозасын тағайындау керек. Ривоксар препараты мен КДА бір мезгілде қабылдаған кезде, ХҚҚ Ривоксар препаратының алдыңғы дозасын қабылдағаннан кейін және келесі дозасын қабылдаудың алдында 24 сағаттан ерте анықтамау керек. Ривоксар препаратын қолдануды тоқтатқаннан кейін ХҚҚ нақты анықтауды препараттың соңғы дозасын қабылдағаннан кейін кемінде 24 сағаттан соң жүргізуге болады.

Парентеральді антикоагулянттардан Ривоксар препаратына ауысу

Парентеральді антикоагулянттарды қабылдап жүрген пациенттер үшін, парентеральді антикоагулянтты тоқтату және Ривоксар препаратын қабылдауды парентеральді препараттың (мысалы, төмен молекулалы гепариннің) келесі жоспарлы енгізілу сәтіне дейін 0-2 сағат бұрын немесе парентеральді препаратты үздіксіз енгізу тоқтатылған сәтте (мысалы, фракцияланбаған гепаринді вена ішіне енгізу) бастау керек.

Ривоксар препаратынан парентеральді антикоагулянттарға ауысу

Ривоксар препаратын тоқтату және Ривоксар препаратының келесі дозасы қабылдануы тиіс сәтте парентеральді антикоагулянттың алғашқы дозасын енгізу керек.

Енгізу әдісі және жолы

Ішке қабылдауға арналған

Ривоксар препаратын тамақтану кезінде қабылдау керек.

Таблеткаларды бүтіндей жұта алмайтын пациенттер үшін, Ривоксар препаратының таблеткасын ұнтақтауға және тура қабылдар алдында сумен немесе алма езбесі сияқты жеңіл тағаммен араластыруға және ішу арқылы қабылдауға болады және содан кейін дереу тамақ ішу керек.

Ұсақталған Ривоксар препаратының таблеткасын асқазан зонды арқылы енгізуге болады. Ривоксар препаратын қолданар алдында асқазанда зондтың бар екендігіне көз жеткізу керек. Ұсақталған таблетканы судың аздаған мөлшерімен бірге асқазан зонды арқылы енгізу керек, содан кейін оны сумен жуып-шаю қажет. Ривоксар препаратының 15 мг немесе 20 мг ұсақталған таблеткасын қабылдағаннан кейін энтеральді тамақтану дозасын шұғыл енгізу керек.

Артық дозалану

600 мг дейінгі ривароксабанды қабылдағанда, қан кетулердің немесе басқа жағымсыз реакциялардың дамуынсыз артық дозалануының сирек жағдайлары тіркелген. Сіңірілуінің шектеулілігіне байланысты, препараттың 50 мг тең және одан жоғары емдік дозаларын қолданғанда, оның қан плазмасындағы экспозициясының ары қарай жоғарылауынсыз, концентрациясының төмен деңгейлі платосының дамуы күтіледі.

Емі: Андексанет альфа ривароксабанның фармакодинамикалық әсерін бейтараптандыратын спецификалық антидот (немесе кері әсер ететін препарат) болып табылады (андексанет альфа дәрілік затының жалпы сипаттамасындағы ақпаратты қараңыз). Артық дозаланған жағдайда, ривароксабанның сіңірілуін азайту үшін, белсендірілген көмірді пайдалануға болады.

Қан кетулер кезіндегі тактика

Егер ривароксабанды қабылдап жүрген пациентте, қан кету түріндегі асқыну туындаса, препараттың келесі қабылдануын кейінге шегеру немесе, қажет болған жағдайда, тоқтату керек. Ривароксабанның жартылай шығарылу кезеңі шамамен 5-13 сағатты құрайды. Емдеу қан кетудің ауырлығы мен орналасқан орнына байланысты жекелей тағайындалуы тиіс. Қажет болған жағдайда, механикалық компрессия (мысалы, мұрыннан қан кетудің ауыр жағдайларында), қан кетуді тоқтатуға арналған емшаралармен хирургиялық гемостаз, сұйықтықтың орнын толтыру сияқты сәйкесінше симптоматикалық емді және гемодинамикалық демеу шараларын, қан препараттарын (қатарлас анемияның немесе коагулопатияның болуына байланысты, эритроциттер массасын немесе жаңадан мұздатылған плазманы) немесе тромбоциттерді құюды пайдалануға болады.

Егер жоғарыда атап келтірілген шаралардан кейін қан кету тыйылмаса, протромбин кешені концентраты (ПКК), белсендірілген протромбин кешені концентраты (БПКК) немесе рекомбинантты VIIa факторы (рФVIIa) сияқты арнайы прокоагулянттық препараттарды тағайындалуы мүмкін. Алайда, қазіргі кезде ривароксабан қабылдап жүрген пациенттерде аталған препараттарды қолдану тәжірибесі шектеулі. Қан кету динамикасының жағымдылығына байланысты, рФVIIa қайтадан енгізу және титрлеу қарастырылуы тиіс. Жергілікті деңгейде қолжетімділігіне байланысты, ауқымды қан кету жағдайында, коагулолог маманмен кеңесу мәселесін шешіп алу керек.

Протамин сульфаты мен К дәруменінің ривароксабанның ұюға қарсы белсенділігіне әсер етпеуі күтіледі.

Ривароксабан қабылдап жүрген пациенттерде транексам қышқылын қолдану тәжірибесі шектеулі, және аминокапрон қышқылы мен апротининді қолдану тәжірибесі жоқ.

Ривароксабан қабылдап жүрген пациенттерде десмопрессин сияқты жүйелі гемостатикалық препараттарды пайдаланудың тәжірибесі немесе талапқа сай болатындығына ғылыми негіз жоқ. Қан плазмасы ақуыздарымен қарқынды байланысатындығын ескерсек, ривароксабан диализ жүргізген кезде шығарылмайды деп күтіледі.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Егер тәулігіне екі рет 15 мг дозасын қабылдау кезінде (емдеудің 1-21 күндері) кезекті дозасын қабылдау жіберіліп алса, пациент тәуліктік 30 мг дозасының түсімін қамтамасыз ету үшін Ривоксар препаратын дереу қабылдауы тиіс. Ол үшін Ривоксар препаратының 15 мг дозадағы 2 таблеткасын бір мезгілде қабылдауға болады. Келесі күні ұсынылған режимге сәйкес, препаратты тәулігіне 2 рет 15 мг дозада жүйелі түрде қабылдауды жалғастыру керек.

Егер тәулігіне 1 рет 20 мг дозасын қабылдау кезінде препаратты қабылдау жіберіліп алса, пациент тәуліктік 20 мг дозасының түсімін қамтамасыз ету үшін Ривоксар препаратын дереу қабылдауы тиіс. Келесі күні ұсынылған режимге сәйкес, препаратты тәулігіне 20 мг дозада жүйелі түрде қабылдауды жалғастыру керек. Осының алдында жіберіп алған дозасының орнын толтыру үшін қабылданатын дозасын арттырмау керек.

Пациенттердің ерекше топтары

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі 15-29 мл/мин) пациенттерге арналған шектеулі деректер, ривароксабанның плазмадағы концентрациясының едәуір жоғарылағанын көрсетеді. Осыған байланысты бұндай пациенттерге ривароксабанды сақтықпен тағайындау керек. Ривоксар препаратын креатинин клиренсі <15 мл/мин пациенттерге қолдану ұсынылмайды.

Бүйрек функциясының орташа (клиренс креатинині 30-49 мл/мин) немесе ауыр (клиренс креатинині 15-29 мл/мин) бұзылуы бар пациенттерде дозалау бойынша келесі ұсыныстар қолданылады:

- жүрекшелердің клапандық емес фибрилляциясы бар пациенттерде инсульт және жүйелі эмболияның профилактикасы үшін ұсынылатын доза күніне бір рет 15 мг құрайды;

- ТВТ немесе ӨАТЭ емдеу, ТВТ мен ӨАТЭ қайталануының профилактикасы үшін: пациенттер алғашқы 3 апта бойы күніне екі рет 15 мг қабылдауы тиіс. Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 20 мг құрағаннан кейін, егер пациенттегі қан кетудің бағаланған қаупі ТВТ мен ӨАТЭ қайталану қаупінен асып кетсе, дозасын тәулігіне бір рет 20 мг-дан тәулігіне бір рет 15 мг-ға дейін төмендету мүмкіндігін қарастыру керек. 15 мг қолдану жөніндегі нұсқау фармакокинетикалық модельдеуге негізделген және осы жай-күйдің клиникалық практикасында зерттелмеген.

Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 10 мг болғанда, ұсынылатын дозаны түзету талап етілмейді.

Жеңіл бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (креатинин клиренсі 50-80 мл / мин) дозаны түзету талап етілмейді

Бауыр жеткіліксіздігі

Ривоксар препаратын Чайлд-Пью жіктемесі бойынша бауырдың B және C класты циррозын қоса, коагулопатиямен және клиникалық тұрғыдан елеулі қан кетудің даму қаупімен жүретін бауыр аурулары бар науқастарда қолдануға болмайды.

Егде жастағы пациенттер

Дозасын түзету қажет емес. Қан кету қаупі пациенттің жасының ұлғаюымен артады

Дене салмағы

Дозасын түзету қажет емес.

Жыныс

Дозасын түзету қажет емес.

Балалар мен жасөспірімдер

Ривароксабанның балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдердегі қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Деректер жоқ. Сондықтан, Ривоксар препаратын балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды.

Кардиоверсия өткерген пациенттер

Кардиоверсия қажет болуы мүмкін пациенттерге Ривоксар препаратын тағайындайды немесе емді жалғастырады.

Бұрын антикоагулянттар алмаған пациенттерде басқарылатын кардиоверсияның өңештің эхокардиограммасы (TEE) үшін Ривоксар емін талапқа сай антикоагуляцияны қамтамасыз ету үшін кардиоверсиядан кемінде 4 сағат бұрын бастаған жөн. Барлық пациенттер үшін пациенттің Ривоксар препаратын тағайындалғандай қабылдағаны туралы растауды кардиоверсияны емдеу басталғанға дейін алуы керек. Емдеудің басталуы мен ұзақтығы туралы шешімдер кардиоверсия өткерген пациенттерді антикоагулянттық емдеу бойынша белгіленген ұсынымдарды ескеруі тиіс.

Стенттеумен ТАКА (тері арқылы коронарлық араласулар) өткерген жүрекшелердің клапандық емес фибрилляциясы бар пациенттер

Стенттеумен ТАКА жүргізілетін және пероральді антикоагуляция талап етілетін, жүрекшелердің клапандық емес фибрилляциясы бар пациенттерде ең көбі 12 ай бойы P2Y12 тежегішіне қосымша ривароксабанның 15 мг күніне бір рет (немесе бүйректің орташа жеткіліксіздігі [креатинин клиренсі 30–49 мл / мин] бар пациенттер үшін ривароксабан 10 мг күніне бір рет) дозасын төмендетудің шектеулі тәжірибесі бар.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсыныстар

Егер сізде берілген препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтар болса, дәрігермен ақылдасыңыз.

Шығарылу түрі

Поливинилхлорид/полиэтилен/поливинилиденхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 14 таблеткадан салынған.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында 25 °С -ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыРивоксар таблеткалары 20 мг №28 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube