Құрамы
Бір құты препараттың құрамында
белсенді зат – 1193.0 мг натрий цефтриаксоны (1000.0 мг цефтриаксонға баламалы)
Бір мл еріткіштің құрамында
белсенді зат – 10.66 мг лидокаин гидрохлориді моногидраты (10.00 мг лидокаин гидрохлоридіне баламалы),
қосымша зат – инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақтан сарғыштау-қызылсары түске дейінгі кристалл ұнтақ.
Қалпына келтірілген ерітінді: жасылдау-сары түстен қызылсары - сары түске дейінгі мөлдір сұйықтық.
Еріткіш: түссіз немесе түссіз дерлік мөлдір ерітінді.