Қарсы көрсеткіштер
- препарат компоненттеріне немесе цефалоспориндер класындағы басқа антибиотиктерге жоғары сезімталдық.
- фруктозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Цефдинирмен емдеуді бастар алдында сыртартқысында цефдинирге, басқа цефалоспориндерге, пенициллиндерге немесе өзге препараттарға аса жоғары сезімталдық реакциясының болуын болдырмау қажет. Егер цефдинир пенициллинге сезімтал пациенттерде қолданылса, сақ болу керек, өйткені анамнезінде пенициллинге аллергиясы бар пациенттердің 10%-ында пайда болатын β-лактамды антибиотиктер арасындағы айқаспалы жоғары сезімталдық дәлелденген. Цефдинирге аллергиялық реакция туындаған жағдайда препаратты қолдануды дереу тоқтату керек. Аса жоғары сезімталдықтың ауыр жедел реакциялары эпинефринмен емдеуді және оттегімен қамтамасыз етуді, сұйықтықтарды көктамыр ішіне енгізуді, антигистаминдерді, кортикостероидтарды, вазопрессорлық аминдерді көктамыр ішіне қолдануды және клиникалық қажеттілік кезінде тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз етуді қоса алғанда, басқа да шұғыл шараларды қолдануды талап етуі мүмкін.
Clostridium difficile-байланысты диарея (CDAD) барлық бактерияға қарсы заттарды, соның ішінде цефдинирді қолданғанда байқалды. CDAD ауырлық дәрежесі жеңіл диареядан өлімге әкелетін колитке дейін өзгеруі мүмкін. Бактерияға қарсы препараттармен емдеу тоқ ішектің қалыпты флорасын өзгертеді, бұл C. difficile шамадан тыс өсуіне әкеледі.
C. difficile CDAD дамуына ықпал ететін А және В токсиндерін шығарады. C. difficile Гипертоксин өндіретін штамдары ауру мен өлімнің жоғарылауын тудырады, өйткені бұл инфекциялар микробқа қарсы терапияға төзімді және колэктомияны қажет етуі мүмкін. Микробқа қарсы препараттарды қолданғаннан кейін диарея пайда болатын барлық пациенттерде CDAD болу ықтималдығын қарастырған жөн. Медициналық анамнезді мұқият жинау керек, өйткені бактерияға қарсы агенттерді қолданғаннан кейін екі айдан астам уақыт ішінде CDAD пайда болғандығы туралы хабарланды.
CDAD-ге күдік туғанда немесе оның бар екендігі расталғанда ағымдағы бактерияға қарсы емді тоқтату талап етіледі. Клиникалық жағдайға сүйене отырып, пациентке сұйықтықтың толықтырылуы, электролиттер мен амин қышқылдарының ерітінділерін енгізу, C. Difficile бактерияға қарсы емі, хирургиялық емдеу көрсетілуі мүмкін.