Қолдану көрсеткіштері
Препарат ересектер мен бір жастан бастап балаларға жалпы немесе жергілікті фибринолизге байланысты қан кетудің алдын алу және емдеу үшін көрсетілген.
Нақты көрсеткіштерге мыналар жатады:
Жалпы немесе жергілікті фибринолизден туындаған қан кетулер, мысалы:
- меноррагия және метроррагия,
- асқазан-ішектен қан кетулер,
- қуық асты безінің операциясынан немесе несеп шығару жолдарына әсер ететін хирургиялық процедуралардан кейін несеп шығарудың геморрагиялық бұзылыстары,
Құлақ, мұрын, тамақ хирургиясы (аденоидэктомия, тонзиллэктомия, тістерді жұлу),
Гинекологиялық операциялар немесе акушерлік аурулар,
Торакальді және абдоминальді хирургиясы және жүрек-қантамыр хирургиясы сияқты басқа да үлкен хирургиялық араласулар,
Фибринолиздық препаратты енгізуден туындаған қан кетуді емдеу