daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Трихопол Қынаптық Таблеткалар 500 Мг №10 | Фармацевтический завод «ПОЛЬФАРМА» АО

Таразе қаласындағы Трихопол Қынаптық Таблеткалар 500 Мг №10 | Фармацевтический завод «ПОЛЬФАРМА» АО
Сипаттама:

Сопақша пішінді, екі беті дөңес, ақ немесе ашық сары түсті таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Метронидазол

Өндіруші:

Фармацевтический завод «ПОЛЬФАРМА» АО

Өндіруші ел:

Республика Польша

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, повидон, кросповидон, коллоидты кремнийдің қостотығы, стеарин қышқылы. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Сопақша пішінді, екі беті дөңес, ақ немесе ашық сары түсті таблеткалар.

Белсенді заттың дозасы:

500 мг

Қаптамадағы саны:

10 шт.

Аналогтары

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Трихомонадтық және спецификалық емес вагиниттерді жергілікті емдеу.

Бактерияға қарсы препараттарды тиісінше қолдану жөніндегі ресми ұсынымдарды ескеру керек.

Қарсы көрсеткіштер

метронидазолға, 5-нитроимидазолдың басқа туындыларына немесе қандай да бір қосымша затына аса жоғары сезімталдық

Қолдану кезіндегі қажетті сақтау шаралары

Аса жоғары сезімталдық / тері және тері асты тіндері

Аллергиялық реакциялар, оның ішінде өмірге қауіп төндіруі мүмкін анафилаксиялық шок пайда болуы мүмкін. Бұл жағдайда метронидазолды қабылдауды тоқтату және тиісті емдеуді тағайындау керек.

Метронидазолды қолдану аясында тері жабындысының тарапынан ауыр реакциялар жағдайлары, оның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы, Лайелл синдромы, жедел жайылған экзантематозды пустулез байқалған.

Терінің ауыр өзгерістері дамыған кезде: қызару, тері астындағы түйнектері мен күлдіреуіктері бар терінің кебек тәрізді бөртпесі немесе тұмауға ұқсас симптомдар пайда болса, үдемелі бөртпе (көбінесе күлдіреуіктермен немесе шырышты қабықтардағы өзгерістермен) емдеуді тоқтату және дәрігермен кеңесу керек.

Орталық жүйке жүйесі

Энцефалопатия симптомдары немесе мишық синдромы пайда болған кезде (мысалы, атаксия, дизартрия, жүрістің бұзылуы, нистагм, тремор, бас айналу, сананың шатасуы, құрысулар, шеткері нейропатия, бас ауыруы) пациентті емдеуді дереу қайта қараған жөн және метронидазолмен емдеуді тоқтату керек.

Тіркеуден кейінгі бақылау кезеңінде метронидазолды қолдану аясында энцефалопатия жағдайлары тіркелген. Сондай-ақ, МРТ жүргізу кезінде энцефалопатиямен қатар жүретін патологиялық өзгерістерді анықтау жағдайлары тіркелді. Зақымдану орындары жиі мишық (негізінен тісті ядрода) және сүйелді дене буылтығы аймағында орналасқан. Көптеген жағдайда энцефалопатия және МРТ патологиялық өзгерістер емдеуді тоқтатқаннан кейін болмаған. Жекелеген өліммен аяқталған жағдайлар тіркелген.

Орталық жүйке жүйесінің зақымдануы бар пациенттерде энцефалопатияға тән белгілердің дамуын немесе аурудың ауырлық деңгейінің артуын қадағалау қажет.

Метронидазолмен емнің аясында асептикалық менингит дамығанда емдеуді қайта бастау ұсынылмайды, немесе ауыр инфекция жағдайында мұндай емнің пайдасы мен қаупінің арақатынасын бағалау қажет.

Шеткері жүйке жүйесі

Шеткері нейропатияның дамуын көрсететін белгілердің пайда болуын, әсіресе ұзақ емделгенде немесе шеткері жүйке жүйесінің ауыр, созылмалы немесе үдемелі ауруларынан зардап шегетін пациенттерде бақылау қажет.

Психикалық бұзылыстар

Емдеудің ең басынан бастап психоздық реакциялардың пайда болуы мүмкін, онда пациент, әсіресе анамнезінде психиатриялық бұзылыстар бар болса, өзіне қауіп төндіруі мүмкін. Бұл жағдайда метронидазолды қолдануды тоқтату керек, емдеуші дәрігерге жүгіну және қажетті емдеуді бастау керек.

Қан тарапынан бұзылулар:

Жоғары дозаны қабылдағанда және/немесе ұзақ емделгенде және анамнезінде гематологиялық аурулар болғанда қан талдауын үнемі жүргізу, негізінен, лейкоцитарлық формуланы бақылау ұсынылады.

Лейкопения кезінде емдеуді жалғастыру мүмкіндігі инфекция ауырлығының деңгейіне байланысты болады.

Параклиникалық және зертханалық зерттеулер нәтижесінде алынған деректер

Метронидазол трепонемаларды иммобилизациялауы мүмкін және осылайша Нельсон тесті бойынша жалған-оң нәтиже алуға ықпал етеді.

Метронидазол кейбір зертханалық көрсеткіштерді өзгерте алады (АЛТ, АСТ, лактатдегидрогеназа, триглицеридтер, глюкоза), бұл жалған-теріс немесе қалыптан тыс төмен нәтижеге әкелуі мүмкін.

Шығарылу түрі

10 таблеткадан ПВХ үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыТрихопол қынаптық таблеткалар 500 мг №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube