Қолдану көрсеткіштері
Диетаны түзету арқылы орнын толтыру мүмкін бола бермейтін В1, В6 дәрумендерінің расталған тапшылығымен байланысты жүйелі неврологиялық аурулар

әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
жүректің жедел декомпенсацияланған жеткіліксіздігі, жүрек өткізгіштігінің бұзылуы
жүктілік және бала емізу кезеңі
12 жасқа дейінгі балалар
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Тровит-В препараты бұлшықет ішіне (б/і) енгізіледі, аурудың ауырлығына және ағымының ерекшеліктеріне байланысты 5-10 күн бойы күн сайын немесе күнара 2 мл енгізу.
Препарат алты айдан астам ұзақ уақыт қолданғанда нейропатияны туындатуы мүмкін.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Үйлесімсіздікке байланысты бензилпенициллинмен және оксациллинмен, макролидтермен, хлорамфениколмен, В12 дәруменімен, С дәруменімен бір шприцте араластыруға болмайды.
В1 дәрумені тотықтырғыш немесе тотықсыздандырғыш қасиеттері бар заттармен, сынап хлоридімен, йодидтермен, карбонаттармен, ацетаттармен, темір сульфатымен, танин қышқылымен, темір-аммоний цитратымен, сондай-ақ натрий фенобарбиталымен, рибофлавинмен, бензилпенициллинмен, глюкозамен және метабисульфитпен үйлеспейді. Мыс В1 дәруменінің бұзылу процесін тездетеді; сонымен қатар, В1 дәруменінің тиімділігі рН жоғарылаған сайын төмендейді (рН 3-тен жоғары).
В1 дәрумені, В12 дәрумені, сондай-ақ В тобының басқа дәрумендері бар ерітінділерде В1 дәруменінің ыдырау өнімдерінің қатысуымен тез бұзылады (төмен концентрациядағы темір иондары бұған кедергі келтіруі мүмкін). Рибофлавин, әсіресе күн сәулесінің әсерінен, ыдырауды қамтамасыз етеді; никотинамид фотолизді тездетеді, ал антиоксиданттар бұл процесті тежейді.
Препарат кейбір адреноблокаторлар мен адренолитиктердің гипертензияға қарсы әсерін, барбитураттардың гипноздық әсерін төмендетуі мүмкін. Хлорпромазин В2 дәруменінің секрециясын, тубулярлық экскрецияны тежеу және В2 дәруменінің реабсорбциясы есебінен пробенецидті арттырады, оның экскрециясын азайтады. В6 дәрумені леводопаның Паркинсон ауруына қарсы әсерін әлсіретеді. Оны оральді контрацептивтермен, изониазидпен, пиницилланмен, циклосеринмен бірге қолдану қандағы дәруменнің концентрациясын төмендетеді.
Арнайы ескертулер
Препаратты қабылдаған кезде рибофлавиннің бар болуына байланысты несептің сары түске боялуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн.
Педиатрияда қолдану. Қатысы жоқ.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік кезінде В1 дәруменінің ұсынылатын тәуліктік дозасы екінші триместрде 1,2 мг, үшінші триместрде 1,3 мг құрайды; В6 дәрумені - төртінші айдан бастап 1,9 мг. Жүктілік кезінде көрсетілген дозалардан асып кету B1 және B6 дәрумендерінің ауыр тапшылығы расталған жағдайда ғана мүмкін болады.
B1, B6 дәрумендері емшек сүтіне енеді.
В6 дәруменінің жоғары дозалары сүт өндірісін тежеуі мүмкін.
Препаратты жүктілік кезінде және лактация кезеңінде В1, В6 және В12 дәрумендерінің ауыр тапшылығы жағдайында қолдану туралы шешімді емдеуші дәрігер ғана және пайдасы мен қаупін мұқият бағалағаннан кейін қабылдайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Тровит-В көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді. Арнайы сақтық шаралары қажет емес.

2 мл препараттан шыны ампулаларда.
10 ампуладан пластик пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
1 ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөнінде қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден