Құрамы
0.5 мл препарат құрамында
белсенді зат - 1.5 мг дулаглутид,
қосымша заттар - натрий цитраты дигидраты, сусыз лимон қышқылы, маннитол, полисорбат 80 (өсімдіктен алынған), инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, дәмінің, иісінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз ерітінді.
Шығарылу түрі және қаптамасы
0.5 мл препараттан шприц-қаламға құйылады. Шприц-қаламға өздігінен желімденетін заттаңба жапсырылады. Медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға 4 шприц-қаламнан салынады.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, жарықтан қорғалған жерде, 2°С-ден 8°С-ге дейінгі температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды! 30°С-ден аспайтын температурада 14 күннен асырмай сақтауға жол беріледі.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!