daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Утрожестан Капсулалары 100 Мг №28 | Синдеа Фарма СЛ

Қоймада жоқ
Таразе қаласындағы Утрожестан Капсулалары 100 Мг №28 | Синдеа Фарма СЛ
Сипаттама:

Дөңгелек жұмсақ сарғыш түсті жылтыр желатин капсулалар, ішінде майлы ақшыл гомогенді суспензия бар (100 мг доза үшін). Сопақша жұмсақ сарғыш түсті жылтыр желатин капсулалар, ішінде майлы ақшыл гомогенді суспензия бар (200 мг доза үшін). Шығарылу түрі және қаптамасы 14 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан немесе поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады (100 мг доза үшін). 7 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан немесе поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады (200 мг доза үшін).

Халықаралық атауы:

Прогестерон

Өндіруші:

Синдеа Фарма СЛ

Өндіруші ел:

Испания

Белсенді заттың дозасы:

100 мг

Дәрілік түрі:

Капсулалар 100 мг, 200 мг

Қаптамадағы саны:

28 шт

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Прогестерон-тапшылықты жағдайлар.

Пероральді енгізу жолы

Гинекологиялық:

Прогестерон жеткіліксіздігімен байланысты бұзылулар:

- етеккір алдындағы синдром

- дизовуляциямен немесе ановуляциямен етеккір оралымының бұзылуы

- қатерсіз мастопатия

- пременопауза

- менопауза емі (эстрогенмен емге қосымша)

- лютеиндік жеткіліксіздік салдарынан бедеулік.

Акушерлік:

- Анықталған лютеиндік жеткіліксіздікке байланысты түсік түсу қаупі немесе дағдылы түсік түсудің алдын алу

- Мерзімінен бұрын босану қаупі

Қарсы көрсеткіштер

- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- анамнезінде арахиске немесе сояға аса жоғары сезімталдық реакциясы

- тромбозға бейімділік, флебиттің немесе тромбоэмболиялық аурулардың жедел түрлері

- бассүйек ішіне қан құйылу немесе анамнезінде осы жағдайлардың/аурулардың

бар болуы

- жыныс жолдарынан генезі айқындалмаған қан кету

- аяқталмаған аборт

- порфирия

- сүт бездері мен жыныс мүшелерінің анықталған немесе күмән туындататын қатерлі жаңа түзілімдері

- бауыр функциясының ауыр бұзылулары

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған)

- лактация кезеңі

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Мынадай жағдайларда сақтықпен қолдану керек:

- жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары

- артериялық гипертензия

- бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі

- қант диабеті

- бронх демікпесі

- эпилепсия

- бас сақинасы

- депрессия

- гиперлипопротеинемия

Өзара әрекеттесуі

Менопаузаны эстрогендермен гормональді емдеу кезінде прогестеронды оралым барысында кемінде 12 күн бойы тағайындау керек.

Басқа препараттармен бірге қолдану прогестерон метаболизмінің жоғарылауына және тиімділіктің өзгеруіне әкелуі мүмкін.

Бұл:

- барбитураттар, эпилепсияға қарсы препараттар (фенитоин), рифампицин, фенилбутазон, спиронолактон және гризеофульвин сияқты бауыр ферменттерінің индукторлары (бұл препараттар бауыр деңгейінде метаболизмнің жоғарылауын туындатады) жағдайында болуы мүмкін

- кейбір антибиотиктер (ампициллиндер, тетрациклиндер) ішек микрофлорасында өзгерістер туындатады, оның салдары энтерогепатитті стероидты оралымның өзгеруі болып табылады.

Прогестагендер глюкозаға жағымдылықтың төмендеуіне әкелуі мүмкін, нәтижесінде диабетпен ауыратын пациентте инсулинге немесе басқа диабетке қарсы препараттарға қажеттілікті арттыру қажет.

Прогестеронның биожетімділігі шылым шегетін пациенттерде және алкогольді шамадан тыс тұтынған кезде төмендеуі мүмкін.

Арнайы ескертулер

Утрожестан ұрықтануға қарсы дәрі болып табылмайды.

Емдеу қолданыстағы ұсынымдарға сәйкес жүргізілуі керек.

Егер емдеу курсы айлық оралымның басында тым ерте, әсіресе оралымның 15-ші күніне дейін басталса, оралымның қысқаруы немесе қан кету дамуы орын алуы мүмкін.

Жатырдан қан кеткен жағдайда препаратты олардың себептері нақтыланғанға дейін тағайындауға болмайды (мысалы, жатыр қуысын тексеру, эндометрийге гистологиялық зерттеу жүргізу).

Тромбоэмболиялық және метаболизмдік қауіптерге байланысты, оларды толығымен жоққа шығаруға болмайды, мыналар басталған жағдайда қабылдауды тоқтату керек:

- көрудің бұзылуы (көрмей қалу, көзге қос көріну, көз торқабығының тамырлық зақымдануы сияқты)

- тромбоэмболиялық веноздық немесе тромбоздық асқынулар (олардың орналасуына қарамастан)

- бастың қатты ауыруы.

Тромбофлебиялық анамнез кезінде пациент мұқият бақылауда болуы тиіс.

Емдеу үдерісінде аменорея пайда болған жағдайда, жүктілік туралы айтылмағанына көз жеткізу керек.

Ерте өздігінен түскен түсіктің 50% - дан астамы генетикалық бұзылулардан туындаған. Сонымен қатар, жүктіліктің ерте кезеңінде түсіктің өздігінен түсу себебі инфекциялық процестер мен механикалық зақымданулар болуы мүмкін; мұндай жағдайларда прогестеронды қолдану тек қабылдамай ажыраудың кешеуілдеуіне және тіршілікке қабілетсіз жұмыртқаны эвакуациялауға әкелуі мүмкін. Дәрігердің ұсынымы бойынша прогестеронды тағайындау сары дененің секрециясы жеткіліксіз болған жағдайда көрсетіледі.

Утрожестанның құрамында соя лецитині бар және аса жоғары сезімталдық реакциясын туындатуы мүмкін (есекжем және анафилаксиялық шок).

Педиатрияда қолдану

Бала мен 18 жасқа дейінгі жасөспірім жасында Утрожестан қолданылмайды (тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған).

Жүктілік немесе лактация кезінде

Утрожестан препаратын жүктілік кезінде, оның ішінде алғашқы апталарда қолдануға болмайды.

Прогестеронның емшек сүтіне енуі жеткіліксіз зерттелген, сондықтан оны бала емізу кезінде тағайындаудан аулақ болу керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Осы препаратты пероральді қолданумен байланысты ұйқышылдық және/немесе бас айналу қаупіне көлік құралдарының жүргізушілері мен механизмдермен жұмыс істейтін тұлғалардың назарын аудару керек. Ұйықтар алдында капсулаларды қабылдау осы салдарларды болдырмауға мүмкіндік береді.

Автокөлікті басқару және жоғары зейін қоюды және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін басқа да қауіпті қызмет түрлерімен айналысу кезінде сақ болу керек.

Артық дозалану

Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі артық дозалануды көрсетеді.

Олар препараттың дозасы азайған кезде өздігінен жоғалады.

Анамнезінде тұрақты емес эндогендік секрециясы бар кейбір пациенттерде прогестеронның әдеттегі дозасы шамадан тыс болуы мүмкін және препаратқа ерекше сезімталдық немесе тым төмен қатар жүретін эстрадиолемия ретінде байқалуы мүмкін.

Емі: дозаны азайту немесе прогестеронды кешке ұйықтар алдында он күн бойы тағайындау. Ұйқышылдық немесе жылдам өтетін бас айналуды сезіну жағдайында емнің басталуын оралымдағы анағұрлым кеш мерзімге ауыстыру қажет (мысалы, 17-ші күннің орнына 19-шы күн). Оралым қысқарған немесе қанның жұғып келуі пайда болған жағдайда, эстрадиолемияның пременопаузада және менопаузаны гормональді орын басу емі кезінде жеткілікті екенін тексеру қажет.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар

Сипатталмаған.

Тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету

Сипатталмаған.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар

Егер сізде препаратты қолдану тәсілі бойынша қосымша сұрақтарыңыз болса, емдеуші дәрігерге қаралыңыз.

Шығарылу түрі

14 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан немесе поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады (100 мг доза үшін).

7 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан немесе поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады (200 мг доза үшін).

Сақтау шарттары

25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыУтрожестан капсулалары 100 мг №28 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube