Құрамы
1 л препараттың құрамында
белсенді зат – 200.0 г ұнтақталған шүйгіншөп тамырлары
қосымша зат – 1 л-ге дейін 70 % этил спирті.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өзіне тән иісі және тәтті-ащы татымды дәмі бар, сары-қоңырдан қызыл-қоңыр түске дейінгі мөлдір сұйықтық. Сақтау кезінде тұнба түзілуіне жол беріледі.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Полиэтилен тығынмен тығындалған және бұрандалы қақпағы немесе тығыздағыш элементімен полиэтиленді қақпағы бар, бұрандалы мойны бар шыны массадан жасалған құтыда 30 мл-ден.
Құтыларға өзі желімделетін заттаңбалар немесе заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңбалар жапсырылады.
Құтылар саны сәйкесінше медициналық қолдану жөніндегі қазақжәне орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге орауышқағаздан жасалған бумаға немесе қораптық картоннан жасалған қорапқа немесе жылу ұстайтын полиэтилен үлбірге немесе гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салынады.