daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Валериан Тұнбалары 25 Мл | Шаншаров фарм ТОО

Қоймада жоқ
Таразе қаласындағы Валериан Тұнбалары 25 Мл | Шаншаров фарм ТОО
Сипаттама:

Қоңыр түсті сұйықтық

Өндіруші:

Шаншаров фарм ТОО

Өндіруші ел:

Республика Казахстан

Белсенді ингредиент:

қосымша зат – Этил спирті 70%

Дәрілік түрі:

Тұндырма

Қаптамадағы саны:

1 шт

Нұсқаулық

Құрамы

1000 мл препараттың құрамында

белсенді заттар Шүйгіншөп тамырсабақтары тамырлары - 200 г

қосымша зат Этил спирті 70%

Қолдану көрсеткіштері

– неврастения және басқа невроздық бұзылуларда (невроздар)

– жүйке стрессі, ұзақ уақыт болған шектен тыс жүйкелік-психикалық қозуға байланысты ұйқының бұзылуы

– жүрек-қан тамырлары жүйесі мен ас қорыту жүйесі жағынан жеңіл функциональдық бұзылулар (кешенді ем құрамында).

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ішке, ересектерге 50 мл ауыз суда (¼ стақан) ерітіп, 20-30 тамшыдан, күніне 3-4 рет, қажет болғанда 50 мл ауыз суда еріте отырып, дозаны күніне 3-4 рет ең жоғарысы – 5 мл (1 шай қасық) дейін көтереді. 12 жастан асқан балаларға күніне өмірінің бір жылына 1 тамшыдан 3-4 рет, 50 мл ауыз суда ерітіп қабылдау тағайындалады. Құрамында этил спиртінің концентрациясы жоғары болғандықтан балаларға тұндырманы араластырылмаған (ерітілмеген) күйінде қолдануға болмайды. Бауыр мен бүйрек функциясының бұзылуы бар адамдарда дозаны түзету қажет етілмейді.

Енгізу әдісі және жолы

Ішке, ересектерге 50 мл ауыз суда (¼ стақан) ерітіп, 20-30 тамшыдан, күніне 3-4 рет, қажет болғанда 50 мл ауыз суда еріте отырып, дозаны күніне 3-4 рет ең жоғарысы – 5 мл (1 шай қасық) дейін көтереді.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсының ұзақтығын ауырудың сипатын, ауырлық дәрежесін және ағымының ерекшеліктерін, қол жеткізген емдеу әсерінің тұрақтылығын және препаратты көтере алушылығын ескере отырып, әр пациентке жеке тағайындайды.

Шамадан тыс дозалану жағдайында қабылдауға қажетті шаралар

Симптомдары жағымсыз әсерлерінің күшеюі мүмкін

Емі – симптоматикалық.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін хабарласу бойынша ұсынымдар

Дәрілік препаратты қолдану алдында дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.

Шығарылу түрі

25 мл және 30 мл препараттан полиэтиленнен жасалған тығынмен және бұрандалы қақпақпен тығындалған мойны бұрандалы шыны қызыл-сары құтыда немесе мойыны бұрандалы, тығынмен тығындалған және қақпағы бар полимер құтыда.

Құтыларды медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қораптарға немесе орама қағазбен қапталған бумаларға салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Көлемі

25 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыВалериан тұнбалары 25 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube