Қолдану көрсеткіштері
- препаратқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған көздің алдыңғы бөлігінің бактериялық инфекцияларын жергілікті емдеуде
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- моксифлоксацинге, басқа да хинолондарға немесе препараттың қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Басқа бактерияға қарсы препараттар сияқты, препаратты ұзақ уақыт қолдану сезімтал емес бактериялардың немесе зеңдердің шамадан тыс өсуіне әкелуі мүмкін. Суперинфекция кезінде препаратты қабылдауды тоқтатып, талапқа сай емді тағайындау қажет.
Моксифлоксацинді қоса, фторхинолондармен жүйелік емі кезінде сіңірдің қабынуы және үзілуі, әсіресе егде жастағы пациенттерде және бір мезгілде кортикостероидтар қабылдаған пациенттерде болуы мүмкін. Сіңір қабынуының алғашқы симптомдары пайда болған кезде Вигамокстм препаратымен емдеуді тоқтату керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Вигамокстм 5 мг/мл көзге тамызатын дәрінің басқа препараттармен дәрілік өзара әрекеттесуін зерттеу жүргізілмеген. Медициналық өнімді жергілікті офтальмологиялық қолданғаннан кейін моксифлоксациннің төмен жүйелік концентрациясын ескере отырып, дәрілік өзара әрекеттесу екіталай.
Егер жергілікті қолданылатын бір офтальмологиялық дәрілік препараттан артық пайдаланылса, оларды қолдану арасында кемінде 5 минут аралықты сақтау керек. Офтальмологиялық жақпамайды соңғы қолданылуы керек.
Арнайы ескертулер
Жанаспалы линзаларды тағу
Вигамокстм көзге тамызатын дәрімен емдеу кезінде жанаспалы линзаларды кию ұсынылмайды.
Анафилаксиялық реакцияның даму қаупі
Аса жоғары сезімталдық реакциясын жоққа шығаруға болмайтындықтан, Вигамокстм көзге тамызатын дәрімен емдеуді аса жоғары сезімталдықтың алғашқы белгілерінде тоқтату керек.
Хинолондарды бір рет жүйелі енгізгеннен кейін анафилаксиялық типтегі аса жоғары сезімталдықтың өмірге қауіп төндіретін елеулі реакциялары туралы хабарланды. Реакциялар жүрек-қантамыр коллапс, естен тану, ангионевроздық ісіну (көмей, жұтқыншақ немесе беттің), тыныс алу жолдарының обструкциясы, ентігу, шаншу, есекжем және қышу түрінде байқалды. Пациенттердің аз ғана бөлігі анамнезінде аса жоғары сезімталдық реакцияларына ие болды.
Вигамокстм препаратына аса жоғары сезімталдықтың елеулі реакциялары шұғыл медициналық көмекті қажет етуі мүмкін. Вигамокстм препаратына аллергиялық реакция дамыған кезде препаратты қолдануды тоқтату керек.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік
Жергілікті қолданған кезде моксифлоксациннің жүйелік экспозициясы болмашы болғандықтан, Вигамокстм препаратымен емдеуден жүктілік барысына әсері күтілмейді. Дегенмен, Вигамокстм көзге тамызатын дәріні жүктілік кезінде өте қажет болған жағдайда ғана қолдану керек.
Бала емізу
Вигамокстм көзге тамызатын дәріні емдік дозаларда қолданғанда препараттың емшек еметін балаға әсерінің болмауы болжанады.
Дегенмен, Вигамокстм препаратын ұзақ уақыт қолданғанда емшек емізуді тоқтату туралы мәселені қарастыру керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Вигамокстм препараты іс жүзінде пациенттің көлік жүргізу немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді. Көру арқылы қабылдаудың айқындығының уақытша төмендеуі көлік құралын басқару немесе механизмдерді пайдалану қабілетін нашарлатуы мүмкін. Егер препаратты қолданғаннан кейін көрудің бұлыңғырлануы пайда болса, оны қалпына келтіргенге дейін автомобильді басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу ұсынылмайды.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Тек офтальмологиялық қолдану үшін (субконъюнктивалық).
Пациенттердің ерекше топтары
Ересектер және егде жастағы пациенттер
Зақымданған көзге (көздерге) 4 күн бойы күніне 3 рет 1 тамшыдан тамызу керек. Жас және егде жастағы пациенттер арасында қауіпсіздік пен тиімділікте айырмашылықтар анықталған жоқ.
Жаңа туған нәрестелер, сәбилер және балалар
Доза ересек пациенттердің дозасына сәйкес келеді.
Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде Вигамокстм көзге тамызатын дәріні қолданғанда дозаны реттеу талап етілмейді.
Енгізу әдісі мен жолы
Бiрден артық жергiлiктi офтальмологиялық дәрілерді қолданған кезде кемінде 5 минут, препараттарды қабылдау аралығын сақтау керек.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Вигамокстм көзге тамызатын дәрісінің артық дозалану жағдайлары туралы мәліметтер болмаған. Коньюнктивалық қалтаның шектеулі сыйымдылығы Вигамокстм офтальмологиялық препаратымен артық дозалануды мүмкін емес етеді.
Кездейсоқ ішке қабылдағаннан кейiн уыттану туғызуы үшiн бір құтыда моксифлоксациннің мөлшері өте болмашы.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Қатысты емес.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету
Қатысты емес.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну қажет.