daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Ампула Аскорбин Қышқылы 5% 2 Мл №10 | Борисовский ЗМП

Таразе қаласындағы Ампула Аскорбин Қышқылы 5% 2 Мл №10 | Борисовский ЗМП
Сипаттама:

Мөлдір түссіз немесе сәл боялған сұйықтық.

Халықаралық атауы:

Аскорбин қышқылы

Өндіруші:

Борисовский ЗМП

Өндіруші ел:

Республика Беларусь

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, сусыз натрий сульфиті, инъекцияға арналған су.

Белсенді заттың дозасы:

50 мг/мл

Дәрілік түрі:

Вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді, 50 мг/мл

Қаптамадағы саны:

10 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Аскорбин қышқылы ересектер мен балаларда цинганы емдеу және профилактикасы үшін, сондай-ақ аскорбин қышқылын қосымша енгізуді талап ететін басқа жағдайларда, С гиповитаминозы немесе авитаминозының жедел дамуы немесе пероральді қолдану мүмкін емес жағдайларда қолдануға көрсетілген.

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

гиперкоагуляция, қазіргі кезде немесе анамнездегі тромбофлебит және тромбоэмболиялық жағдайлар

инсулинге тәуелді емес қант диабеті

гипероксалурия

бүйрек жеткіліксіздігі

үдемелі қатерлі аурулар

гемохроматоз

талассемия

полицитемия

лейкемия

сидеробластты анемия

орақ тәрізді жасушалық анемия

глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы

Өзара әрекеттесуі

Аскорбин қышқылының жоғары дозаларын қолдану несептің рН төмендеуіне әкелуі мүмкін, бұл өзекшелік реабсорбцияның артуына және қышқылдар болып табылатын дәрілік препараттардың жинақталуына әкелуі мүмкін, бұл ретте негіздері болып табылатын қосылыстардың өзекшелік реабсорбциясы төмендеуі мүмкін, бұл олардың фармакологиялық белсенділігінің төмендеуіне алып келеді.

Аскорбин қышқылы тотығу-тотықсыздану реакцияларына негізделген әртүрлі зертханалық тестілер нәтижелерін бұрмалауы мүмкін екендігін ескеру қажет. Қан плазмасында оның шамадан тыс концентрациясымен пациенттерде темірдің бүйрек экскрециясын стимуляциялау үшін аскорбин қышқылы мен десферриоксамді бір мезгілде тағайындау темірдің кардиоуытты әсерінің артуына әкелуі мүмкін. Сондықтан жүрек функциясы қалыпты пациенттерге десферриоксамин енгізудің бірінші айы ішінде аскорбин қышқылын тағайындауға болмайды, ал жүрек ауруы бар пациенттерге аскорбин қышқылы мен десферриоксаминді бір мезгілде тағайындауға болмайды.

Аскорбин қышқылының инъекциялық ерітіндісін аминофиллин, блеомицин сульфаты, эритромицин лактобионаты, нафциллин, нитрофурантоин, конъюгацияланған эстрогендер, натрий бикарбонаты, сульфофуразол диэтаноламин, темір тұздары, ауыр металдардың тотықтырғыштарымен және тұздарымен, әсіресе мыстың тұздарымен, үйлеспейді.

Сондай-ақ, ерітінділер концентрациясы мен ерітінділер pH байланысты хлорамфениколдың натрий сукцинатымен үйлеспеуі мүмкін.

Қандағы салицилаттар концентрациясын жоғарылатады және  оксалурияның даму қаупін арттырады.

Этинилэстрадиол, тетрациклин және пенициллиндер сіңуін жоғарылатады.

Темірдің сіңуіне және оның қалпына келтірілген түрде жинақталуына ықпал етеді.

Аскорбин қышқылы және біріктірілген ішілетін контрацептивтер өзара  бір бірінің концентрациясын төмендетеді.

Барбитураттар мен примидон аскорбин қышқылының несеппен шығарылуын күшейтеді.

Жоғары дозаларда аскорбин қышқылы амфетамин және трициклді антидепрессанттар экскрециясын ұлғайтады.

Дефероксаминмен бір мезгілде қолданғанда оның әсерін үдетеді және темірдің шығарылуын арттырады.

Тікелей емес антикоагулянттардың (фениндион, варфарин, неодикумарин) және гепариннің әсерін әлсіретеді.

Ұзақ қолданғанда хинолондар, кальций хлориді, салицилаттар мен глюкокортикостероидтар плазмада аскорбин қышқылының деңгейін және организмде оның мөлшерін төмендетеді.

Темекі шегу мен этил спирті аскорбин қышқылының метаболизмін жеделдетеді және организмде оның мөлшерін төмендетеді.

Қияр, кәді және ақжелкен құрамында болатын тағамдық өнімдер аскорбин қышқылының емдік әсерін бәсеңдетеді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Дозалар аурудың сипаты мен ауырлығын ескере отырып, жеке белгіленеді.

С гиповитаминозы және геморрагиялық диатезі болғанда ересектерге әдетте күніне 50-
150 мг тағайындалады. Цинга және қан кету кезінде тәуліктік доза 300-500 мг дейін артады. Ең жоғары бір реттік доза 200 мг, тәуліктік доза –1 г.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

12 жасқа дейінгі балаларға 5% ерітінді (0,5-2 мл) түрінде дене салмағына
5-7 мг/кг тәуліктік дозада вена ішіне тағайындайды.

Әдетте балалар үшін тәуліктік дозалар мынаны құрайды:

6 айға дейінгі жаста – 30 мг,

6-12 ай – 35 мг,

1-3 жас – 40 мг,

4-10 жас – 45 мг,

11-14 жас – 50 мг.

Ең жоғары тәуліктік доза – 100 мг.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Аскорбин қышқылын бүйрек тастарының пайда болу қаупіне байланысты бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Бүйректе тас түзілуі қайталанатын пациенттер үшін аскорбин қышқылының тәуліктік дозасы 100-200 мг аспауы тиіс. Ауыр немесе терминалдық бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін (диализдегі науқастар) аскорбин қышқылының тәуліктік дозасы 50-100 мг аспауы тиіс. Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар науқастар үшін аскорбин қышқылының тәуліктік дозасы 100-500 мг аспауы тиіс.

Енгізу әдісі мен жолы

Бұлшықет ішіне және вена ішіне қолданылады.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Симптомдары: аскорбин қышқылының артық дозалануы диареяны қоса, асқазан-ішек жолы тарапынан болатын симптомдармен қатар жүруі мүмкін. Аскорбин қышқылын жоғары дозада қолдану гипероксалурияға және несептің қышқыл реакциясы кезінде бүйректе кальций оксалатынан конкременттер түзілуіне әкелуі мүмкін. Аскорбин қышқылы тәулігіне 600 мг және одан жоғары дозада диурездік әсерге ие.

Емі: дозаны азайту немесе препаратты тоқтату, симптоматикалық ем. Гемодиализ және перитонеальді диализ тиімсіз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну ұсынылады

Шығарылу түрі

2 мл препараттан шыны ампулада.

Әр ампулаға өздігінен желімделетін заттаңба жапсырылады немесе мәтінді терең басу әдісімен жылдам бекитін бояумен ампулаға жазады.

10 ампуладан ампуланы ашуға арналған пышақпен немесе скарификатормен бірге гофрлауға арналған қағаздан жасалған гофрланған қосымша беті бар картон қорапқа салынады.

Қорапты офсеттік қағаздан немесе көп бояулы баспаға арналған қағаздан немесе баспаға арналған қағаздан жасалған бандероль-заттаңбамен желімдейді .

Қораптар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге топтық қаптамаға буып-түйіледі.

Медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың саны қораптардың санына сәйкес келуі тиіс.

10 ампуладан ампуланы ашуға арналған пышақпен немесе скарификатормен және медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге ампулаларды бекітуге арналған картоннан жасалған қосымша беті бар картон қорапшаға салынады.

Қорапшаларды топтық қаптамаға орайды.

Сындыру сақинасы немесе сындыру кертігі мен нүктесі бар ампулаларды пайдаланған жағдайда ампулаларды ашуға арналған пышақ немесе скарификатор салу көзделмеген.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

1 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

2 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыампула аскорбин қышқылы 5% 2 мл №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube