daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Таразе қаласындағы Витапрост Форте Суппозиторийлері 20 Мг №10 | Нижфарм ОАО

Таразе қаласындағы Витапрост Форте Суппозиторийлері 20 Мг №10 | Нижфарм ОАО
Сипаттама:

Пішіні торпеда тәрізді, сарғыш, крем немесе сұр реңді ақ суппозиторийлер. Суппозиторий беткейінде ақ өңез пайда болуына және кесіндісінде ауалы өзекше мен құйғы тәрізді ойық болуына жол беріледі.

Өндіруші:

Нижфарм ОАО

Өндіруші ел:

Российская Федерация

Белсенді ингредиент:

қосымша зат – қатты май (Витепсол, H 15, W 35 маркасы; Суппосир, NA 15, NAS 50 маркасы) – салмағы 1,25 г суппозиторий алғанға дейін. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Пішіні торпеда тәрізді, сарғыш, крем немесе сұр реңді ақ суппозиторийлер. Суппозиторий беткейінде ақ өңез пайда болуына және кесіндісінде ауалы өзекше мен құйғы тәрізді ойық болуына жол беріледі.

Белсенді заттың дозасы:

20 мг

Дәрілік түрі:

Ректальді суппозиторийлер, 20 мг

Қаптамадағы саны:

10 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Кешенді ем құрамында:

созылмалы простатитте

қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясында

климактериялық және постклимактериялық кезеңде әйелдердегі қуықтың аса белсенділігінің асқынбаған түрлерінде несепті ургентті (императивті) ұстай алмаушылықты, несеп шығаруға ургентті (императивті) қысылу мен несеп шығарудың жиілеуін емдеуде

қуықасты безіне жүргізілетін операциялық араласуға дейінгі және кейінгі жағдайларда

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

жүктілік және лактация кезеңі

18 жасқа дейін

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Созылмалы простатитті және қуықасты безіне жүргізілген операциялық араласуға дейінгі және кейінгі жағдайларды емдеу Витапрост® Форте тағайындаумен қатар дәрілік препараттардың басқа топтарын және емдеудің дәрі-дәрмектік емес әдістерін қолдануды көздейтін кешенді ем болуы тиіс.

Созылмалы простатитті емдеуді бастамас бұрын және қажет болған жағдайда емдеу барысында қуықасты безінің секрециясына талдау жүргізу ұсынылады.

Препаратты қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясын емдеу үшін қолдану кезеңінде стандартты бақылау жүргізу үшін дәрігерге ұдайы барып тұру керек. Емдеу курсын бастамас бұрын, патологияның қатерсіз екеніне көз жеткізу керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған.

Арнайы ескертулер

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдануға рұқсат етілмеген.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

1 суппозиторийден, ішектің өздігінен босауынан немесе тазартушы клизмадан кейін, күніне 1 рет. Суппозиторийді енгізгеннен кейін пациенттің төсекте 30-40 минут жата тұрғаны дұрыс.

Енгізу әдісі мен жолы

Витапрост® Форте ректальді қолдануға арналған.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды. Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясында емдеу курсының ең аз ұзақтығы – 15 күн, созылмалы простатитте – 10 күн, аса жоғары қуық белсенділігінде – 20 күн.

Қажет болған жағдайда курстар қайталануы мүмкін.

Егер емдеуден кейін жай-күйінің жақсаруы байқалмаса немесе симптомдар өршісе, немесе жаңа симптомдар пайда болса, дәрігермен кеңесу қажет.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Витапрост® Форте препаратымен артық дозалану жағдайлары туралы хабарланған жоқ.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерден кеңес алу бойынша ұсынымдар

Егер Сізде осы препаратты қабылдау бойынша қосымша сұрақтар туындаса, дәрігерге немесе мейірбикеге кеңес алу үшін жүгініңіз.

Шығарылу түрі

5 суппозиторийден полиэтиленмен ламинацияланған поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыВитапрост Форте суппозиторийлері 20 мг №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube