Қолдану көрсеткіштері
Зиромин препараты азитромицинге сезімтал патогенді микроорганизмдерден туындаған инфекцияларды емдеу үшін көрсетілген:
- жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекцияларында, оның ішінде синуситте, фарингитте, тонзиллитте;
- төменгі тыныс алу жолдарының инфекцияларында, оның ішінде бронхитте және пневмонияда;
- жедел ортаңғы отитте;
- тері мен жұмсақ тіндердің инфекцияларында;
- Chlamydia trachomatis немесе Neisseria допоггһоеае (көптеген дәрілерге резистенттілігі жоқ штаммдар) туындатқан жыныстық жолмен берілетін асқынбаған инфекциялар.
Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше пайдалану жөніндегі ресми нұсқаулықтарда қамтылған ақпаратты назарға алу қажет.