Қолдану көрсеткіштері
- маусымдық және көпжылдық аллергиялық ринитті немесе ринитпен байланысты емес аллергиялық конъюнктивитті симптоматикалық емдеу
- идиопатиялық созылмалы есекжем
- аллергиялық дерматит.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- эбастинге және препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық.
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- 12 жасқа дейінгі балалар
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар
Қолданған кездегі қажетті сақтық шаралары
Аллергастинді тез әсер етуді қажет ететін жедел аллергиялық жағдайларда қолдануға болмайды.
Бауыр функциясының ауыр бұзылуында тәуліктік доза 10 мг аспауы тиіс.