daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Уральске қаласындағы Аминазин Таблеткалары 25 Мг №10 | Валента Фарм

Уральске қаласындағы Аминазин Таблеткалары 25 Мг №10 | Валента Фарм

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Бронь на 24 часа при самовывозе

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Дөңгелек, екі жағы дөңес, сарғыш реңді ақ түсті (25 мг дозасы үшін), қоңыр-қызғылт түсті (50 мг дозасы үшін), қызғылт-қоңырдан қоңыр түске дейінгі (100 мг дозасы үшін) үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар. Көлденең қимада ядросы ақ немесе ақ дерлік түсте болады

Международное наименование:

Хлорпромазин

Производитель:

Валента Фарм

Страна производитель:

Россия

Действующее вещество:

қосымша заттар: картоп крахмалы, микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, коповидон, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты; қабығы: 25 мг дозасы үшін – Опадрай II 85F38209: ішінара гидролизденген поливинил спирті, макрогол-3350, тальк, титанның қостотығы Е 171, темірдің сары тотығы бояғышы Е 172; 50 мг дозасы үшін – Опадрай II 85F240048: ішінара гидролизденген поливинил спирті, макрогол-3350, тальк, титанның қостотығы Е 171, темірдің қызыл тотығы бояғышы Е 172, темірдің сары тотығы бояғышы Е 172, темірдің қара тотығы бояғышы Е 172; 100 мг дозасы үшін – Опадрай II 85F25509: ішінара гидролизденген поливинил спирті, макрогол-3350, тальк, темірдің қызыл тотығы бояғышы Е 172, темірдің қара тотығы бояғышы Е 172, темірдің сары тотығы бояғышы Е 172. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Дөңгелек, екі жағы дөңес, сарғыш реңді ақ түсті (25 мг дозасы үшін), қоңыр-қызғылт түсті (50 мг дозасы үшін), қызғылт-қоңырдан қоңыр түске дейінгі (100 мг дозасы үшін) үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар. Көлденең қимада ядросы ақ немесе ақ дерлік түсте болады

Дозировка активного вещества:

25 мг

Количество в упаковке:

10 шт

Инструкция

Показания к применению

Ересектер

Жедел психоздық жағдайлар.

Созылмалы психоздық жағдайлар (шизофрения, созылмалы шизофрениялық емес сандырақ: параноидтық сандырақ, созылмалы елестеумен жүретін психоз).

6 жастан асқан балалар

Қозу мен озбырлық білінетін балалардағы күрделі мінез-құлық проблемалары.

Противопоказания

Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;

Жабық бұрышты глаукоманың даму қаупі;

Уретра және қуықасты безі тарапынан бұзылуларға байланысты несеп шығару іркілісінің даму қаупі;

Анамнезінде агранулоцитоздың болуы;

Бірге қолдану:

Паркинсон ауруын қоспағанда, дофаминергиялық препараттармен (каберголин, хинаголид);

циталопраммен;

эсциталопраммен.

Бір жасқа дейінгі балаларда фенотиазиндерді қолданумен және кенеттен болатын нәресте өлімі синдромы арасындағы байланыс мүмкіндігі;

Галактозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.

Взаимодействие

Құрысу шегін төмендететін дәрілер

Проконвульсанттарды (құрысу шегін төмендететін препараттарды) бірге қолдануды осы қауіпке байланысты ауырлығын ескере отырып, мұқият таразылау керек. Бұл препараттар, атап айтқанда, көптеген антидепрессанттардың (имипрамин, серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер), нейролептиктермен (фенотиазиндер мен бутирофенондар), мефлохинмен, хлорохинмен, бупропионмен, трамадолмен ұсынылған.

Атропин тәрізді дәрілік заттар

Хлорпромазинмен бірге қолданғанда атропин тәрізді дәрілік заттардың жағымсыз әсерлері күшеюі және несеп іркілісі, глаукоманың жедел ұстамасы, іш қату, ауыздың құрғауы және т. б. түрінде білінуі мүмкін екенін ескеру қажет. Бұл препараттар имипраминді антидепрессанттармен, көптеген антигистаминдік препараттармен (H1-гистаминді рецепторлардың блокаторлары), антихолинергиялық паркинсонға қарсы препараттармен, атропин тәрізді спазмолитиктермен, дизопирамидпен, фенотиазинді нейролептиктермен және клозапинмен ұсынылған.

Седативті препараттар

Көптеген дәрілер немесе заттар орталық жүйке жүйесіне бәсеңдететін әсерін күшейтіп, назар қоюдың төмендеуіне ықпал етуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Бұл морфиннің туындылары (анальгетиктер, жөтелге қарсы препараттар және орын басатын емге арналған дәрілер), нейролептиктер, барбитураттар, бензодиазепиндер, бензодиазепиннің туындылары емес анксиолитиктер (мысалы, мепробамат), ұйықтататын таблеткалар, седативті антидепрессанттар (амитриптилин, доксепин, миансерин, миртазапин, тримипрамапин), антигистаминдік препараттар-седативті әсері бар H1-гистаминді рецепторлардың блокаторлары, орталық әсері бар гипотензиялық препараттар, баклофен және талидомид.

«Пируэт» типті тахикардияны тудыруы мүмкін дәрілер

Бұл жүрек ырғағының ауыр бұзылуы аритмияға қарсы және онсыз бірқатар дәрілерден туындауы мүмкін. Ықпал етуші факторы гипокалиемия болып табылады (Гипокалиемиялық препараттарды қараңыз), сондай-ақ брадикардия (Жүректің жиырылу жиілігін төмендететін препараттарды қараңыз) немесе туа біткен не жүре пайда болған бұрын болған QT аралығының ұзаруы. Бұл атап айтқанда, Ia және III класты аритмияға қарсы дәрілер, кейбір нейролептиктер жайында. Сондай-ақ, бұл бұзылуларды бұл кластарға жатпайтын басқа препараттар да тудыруы мүмкін. Доласетрон, эритромицин, спирамицин және винкамин үшін бұл өзара әрекеттесу тек вена ішіне енгізілетін түрлеріне ғана қатысты.

«Пируэт» типті тахикардияны басқа препаратпен тудыруға қабілетті, сондай-ақ осындай әсер беруге қабілетті препаратты қолдану, әдетте, қарсы көрсетілім болып табылады.

Алайда, метадон, сондай-ақ кейбір қосалқы кластары бұл ережеден тыс болып табылады:

паразиттерге қарсы дәрілер (галофантрин, люмфантрин, пентамидин) тек «пируэт» типті тахикардияны туындатуы мүмкін басқа препараттармен ұсынылмайды;

«пируэт» типті тахикардияны тудыруы мүмкін нейролептиктер, сондай-ақ мұндай әсер етуге қабілетті басқа дәрілік заттармен бірге ұсынылмайды және қолдануға болады.

Қолдануға болмайтын біріктірілімдер

Циталопрам және эскиталопрам

Қарыншалық ырғақ бұзылу қаупінің жоғарылауы, оның ішінде «пируэт» типті тахикардия.

Паркинсон ауруынан басқа дофаминергиялық препараттар (каберголин, хинаголид)

Дофаминергиялық агонистер мен нейролептиктердің өзара антагонизмі.

Ұсынылмайтын біріктірілімдер

«Пируэт» типті тахикардия тудыруы мүмкін басқа препараттар: Ia класындағы (хинидин, гидрохинидин, дизопирамид) және III класындағы (амиодарон, дронедарон, соталол, дофетилид, ибутилид) аритмияға қарсы препараттар және құрамында мышьяк, бепридил, цизаприд, дифеманил, доласетрон (вена ішіне қолдануға арналған), домперидон, эритромицин (вена ішіне қолдануға арналған), левофлоксацин, мекитазин, мизоластин, прукалоприд, винкамин (вена ішіне қолдануға арналған), моксифлоксацин, спирамицин (вена ішіне қолдануға арналған), торемифен, вандетаниб

Қарыншалық ырғақтың бұзылу қаупінің жоғарылауы, атап айтқанда «пируэт» типті тахикардия.

«Пируэт» типті тахикардия тудыруы мүмкін басқа нейролептиктер (амисульприд, циамемазин, дроперидол, флупениксол, флуфеназин, проперициазин, галоперидол, левомепромазин, пимозид, пипамперон, пипотиазин, сертиндол, сульпирид, сультоприд, тиаприд, зуклопентиксол)

Қарыншалық ырғақтың бұзылу қаупінің жоғарылауы, атап айтқанда «пируэт» типті тахикардия.

«Пируэт» типті тахикардияны туындататын паразиттерге қарсы дәрілер (галофантрин, люмфантрин, пентамидин)

Қарыншалық ырғақтың бұзылу қаупінің жоғарылауы, атап айтқанда «пируэт» типті тахикардия.

Мүмкін болса, екі препараттың біреуін қолдануды тоқтатыңыз. Егер бірге қолдануды болдырмау мүмкін болмаса, алдымен QT аралығын тексеріп, ЭКГ мониторингін жүргізу керек.

Дофаминергиялық паркинсонға қарсы препараттар (амантадин, апоморфин, бромокриптин, энтакапон, лизурид, перголид, пирибедил, прамипексол, разагилин, ропинирол, ротиготин, селегилин).

Дофаминергиялық және нейролептикалық дәрілердің өзара антагонизмі. Дофаминергиялық дәрі психоздық бұзылыстарды тудыруы немесе ушықтыруы мүмкін. Егер дофаминергиялық дәрілерді қабылдайтын Паркинсон ауруы бар пациентке нейролептиктермен ем қажет болса, олардың дозасын біртіндеп толық тоқтатқанға дейін азайту керек (оларды кенеттен тоқтату «қатерлі нейролептикалық синдромның» пайда болу қаупін тудырады).

Алкоголь (сусын немесе қосымша зат)

Алкогольді қолдану нейролептикалық дәрілердің седативті әсерін күшейтеді. Қырағылықтың бұзылуы машина жүргізу мен пайдалануды қауіпті етуі мүмкін.

Алкоголь ішімдіктерді ішуден және құрамында алкоголь бар дәрілік заттарды қолданудан аулақ болыңыз.

Литий

Сананың шатасу синдромы, гипертония, кейде литиемияның тез ұлғаюымен гиперрефлексия.

Леводопа

Леводопа мен нейролептиктердің өзара антагонизмі.

Паркинсон ауруы бар пациенттерде екі препараттың әрқайсысының ең аз тиімді дозаларын қолданыңыз.

Метадон

Қарыншалық ырғақтың бұзылу қаупінің жоғарылауы, атап айтқанда «пируэт» типті тахикардия.

Қолданылуы сақтық шараларын сақтауды талап ететін біріктірілімдер

Инсулин

Хлорпромазинді жоғары дозаларда (тәулігіне 100 мг) қолданғанда қандағы қант деңгейінің жоғарылауы (инсулин босап шығуының төмендеуі) байқалады. Пациентке ескерту жасап, қандағы қант деңгейін бақылауды күшейту керек. Қажет болған жағдайда инсулиннің дозасын нейролептиктермен емдеу кезінде және оларды тоқтатқаннан кейін түзету керек.

Гипогликемиялық препараттар — сульфонилмочевина туындылары.

Хлорпромазинді жоғары дозаларда (тәулігіне 100 мг) қолданғанда қандағы қант деңгейінің жоғарылауы (инсулин босап шығуының төмендеуі) байқалады. Пациентке ескерту жасап, қандағы қант деңгейін бақылауды күшейту керек. Қажет болған жағдайда инсулиннің дозасын нейролептиктермен емдеу кезінде және оларды тоқтатқаннан кейін түзету керек.

Жүрек соғу жиілігін төмендететін препараттар (Ia класындағы аритмияға қарсы препараттар, бета-блокаторлар, III класындағы аритмияға қарсы кейбір препараттар, кейбір кальций антагонистері, кризотиниб, оймақгүл препараттары, пасиреотид, пилокарпин, антихолинестеразалық дәрілер)

Қарыншалық ырғақтың бұзылу қаупінің жоғарылауы, атап айтқанда «пируэт» типті тахикардия. Пациентті бақылау және ЭКГ мониторингі ұсынылады.

Гипокалиемиялық препараттар (калий жинақтаушы диуретиктер, жеке немесе біріктірілімде, стимуляциялайтын іш жүргізгіштер, глюкокортикоидтар, тетракозактид және амфотерицин B (вена ішіне қолдануға арналған)

Қарыншалық ырғақтың бұзылу қаупінің жоғарылауы, атап айтқанда «пируэт» типті тахикардия. Аминазин® препаратын қолданар алдында гипокалиемияны жою және ЭКГ, қандағы электролиттердің құрамына, сондай-ақ пациенттің клиникалық жағдайына мониторинг жүргізу керек.

Жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі бета-адреноблокаторлар (бисопролол, карведилол, метопролол, небиволол)

Қарыншалық ырғақтың бұзылу қаупінің жоғарылауы, атап айтқанда «пируэт» типті тахикардия. Көрсетілген препараттармен бірге қолданғанда клиникалық және электрокардиографиялық мониторинг жүргізген жөн.

Азитромицин, кларитромицин, рокситромицин

Қарыншалық ырғақтың бұзылу қаупінің жоғарылауы, атап айтқанда «пируэт» типті тахикардия. Көрсетілген препараттармен бірге қолданғанда клиникалық және электрокардиографиялық мониторинг жүргізген жөн.

Ескерілуі керек біріктірілімдер

Құрысу шегін төмендететін басқа препараттар

Құрысулардың жоғары қаупі.

Басқа атропин тәрізді дәрілік заттар

Несеп іркілісі, іш қату, ауыздың құрғауы және т.б. жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Басқа седативті препараттар

Орталық жүйке жүйесі депрессиясының күшеюі.

Қырағылықтың бұзылуы машина жүргізу мен пайдалануды қауіпті етуі мүмкін.

Гипертензияға қарсы препараттар

Гипотензия қаупінің жоғарылауы, әсіресе ортостаздық.

Дапоксетин

Жағымсыз әсерлердің күшею қаупі, әсіресе бас айналу немесе естен тану.

Артериялық қысымды төмендететін дәрілер

Гипотензияның, әсіресе ортостаздық түрінің күшею қаупі.

Бета-адреноблокаторлар (эсмолол мен соталолдан басқа) және жүрек жеткіліксіздігі кезінде қолданылатын бета-адреноблокаторлар

Қантамырларын кеңейтетін әсері мен гипотония қаупі, атап айтқанда ортостаздық (аддитивті әсер).

Нитраттар және олардың туындылары.

Гипотонияның, әсіресе ортостаздық түрі қаупінің жоғарылауы.

Ортостаздық гипотензияны тудыратын дәрілер.

Гипотензияның, әсіресе ортостаздық түрінің күшею қаупі.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану

Деректер жоқ.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік

Декомпенсацияны болдырмау үшін жүктілік кезінде ананың жақсы психикалық тепе-теңдігін сақтаған жөн. Егер осы тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін дәрімен емдеу қажет болса, ол жүктіліктің барлық кезеңінде тиімді дозада белгіленуі немесе жалғасуы керек.

Аналары жүктіліктің үшінші триместрінде нейролептиктер (хлорпромазинді қоса) қабылдаған жаңа туған нәрестелерде экстрапирамидалық симптомдар және/немесе туғаннан кейін ауырлық дәрежесі мен ұзақтығы бойынша ерекшеленуі ықтимал тоқтату симптомдарын қоса, жағымсыз әсерлер қаупі бар. Келесі реакциялар туралы хабарланды: қозу, гипертония, гипотония, тремор, ұйқышылдық, респираторлық дистресс, тамақтану тәртібінің бұзылысы.

Хлорпромазиннің клиникалық деректері үміттендіреді, бірақ әлі де шектеулі және жануарларды зерттеу репродуктивті уыттылықты көрсеткен.

Осы деректерді ескере отырып, сақтық шарасы ретінде жүктілік кезінде хлорпромазин қолданудан аулақ болған жөн және жүктіліктің соңында емделген жағдайда жаңа туған нәрестелерді мұқият бақылап отыру керек. Шұғыл жағдайларда қолданылатын инъекциялық нейролептиктер анасында гипотензияны тудыруы мүмкін.

Бала емізу

Хлорпромазин емшек сүтіне енетіндіктен, емдеу кезінде бала емізу ұсынылмайды.

Фертильділік

Фертильділіктің төмендеуі хлорпромазин алған аналық жануарларда байқалды. Еркек жануарларда хлорпромазиннің фертильділікке әсерін бағалау үшін деректер жеткіліксіз. Адамдарда хлорпромазин дофамин рецепторларымен өзара әрекеттесетіндіктен, ол гиперпролактинемияны тудыруы мүмкін, бұл әйел және/немесе ер адамның фертильділігінің төмендеуімен байланысты болуы ықтимал.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емдеу кезеңінде жоғары зейін қою мен психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысудан бас тартқан жөн.

Форма выпуска

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге тұтынушы ыдысына арналған картон қорапшаға салынады.

Условия хранения

Жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаАминазин таблеткалары 25 мг №10 онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube