daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Уральске қаласындағы Депакин Хроносферасы Түйіршіктер 250 Мг №50 | Sanofi Winthrop Industrie

Уральске қаласындағы Депакин Хроносферасы Түйіршіктер 250 Мг №50 | Sanofi Winthrop Industrie

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Бронь на 24 часа при самовывозе

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Ақ дерліктен сәл сарғыш түске дейінгі балауыз тәрізді микротүйіршіктер. Түйіршіктер агломерат түзбей еркін ағатын болуы тиіс.

Международное наименование:

Вальпрой қышқылы

Производитель:

Sanofi Winthrop Industrie

Страна производитель:

Франция

Действующее вещество:

72,61 мг немесе 145,14 мг вальпрой қышқылы (натрий вальпроатына шаққанда –250,00 немесе 500,00 мг сәйкес келеді). қосымша заттар: қатты парафин, глицерин дибегенаты.

Дозировка активного вещества:

250 мг

Количество в упаковке:

50 шт

Инструкция

Показания к применению

- ересектер мен балалардағы эпилепсияда монотерапия ретінде немесе эпилепсияға қарсы басқа препараттармен біріктіріп, жайылған (клонустық, тонустық, тонус-клонустық, абсанс, миоклонустық және атониялық ұстамалар; Леннокс-Гасто синдромы), сондай-ақ фокальді эпилепсияны (салдарлық жайылған немесе онсыз фокальді ұстамаларды) емдеу.

- егер бензодиазепинмен үзілісті профилактика тиімсіз болса, балаларда асқынған фебрильді құрысулар критерийлеріне сай келетін бір немесе бірнеше фебрильді құрысулардан кейін құрысулардың қайталануының профилактикасында.

Противопоказания

- анамнезінде вальпроатқа, вальпроат семинатрийге, вальпромидке немесе препарат компоненттерінің немесе қосымша заттардың қандай да бір компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- жүктілікте, қолдануға келетін баламалы ем жоқ болған жағдайларды қоспағанда

- ұрпақ өрбіту потенциалы бар әйелдерге қолдану, Жүктіліктің алдын алу бойынша бағдарлама шарттары орындалатын жағдайларды қоспағанда

- жедел гепатит

- созылмалы гепатит

- пациенттің жеке немесе отбасылық анамнезінде, атап айтқанда, дәрілік препараттардан туындаған ауыр гепатит жағдайлары

- бауыр порфириясы

- ядролық генде митохондриялық ферментті – γ-полимеразаны (POLG) кодтайтын мутациядан, мысалы Альперс-Гуттенлохер синдромынан туындаған диагностикаланған митохондриялық бұзылулар және POLG-мен байланысты бұзылулардың бар екендігіне күдікті 2 жасқа дейінгі балалар

- шайқураймен біріктіріп қабылдау

- мочевинаның түзілу циклінің диагностикаланған бұзылулары

- түзетілмеген гипокарнитинемиямен анықталған бастапқы жүйелі карнитин тапшылығы

Взаимодействие

Бұл дәрілік препаратты ламотриджинмен және/немесе пенемдермен (карбапенеммен) бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Когнитивті немесе экстрапирамидалық бұзылыстар

Когнитивті немесе экстрапирамидалық бұзылыстар нейровизуализация нәтижелері бойынша анықталған ми атрофиясымен байланысты болуы мүмкін. Осылайша, клиникалық көріністің бұл типін деменция немесе Паркинсон ауруымен шатастыруға болады. Бұл бұзылулар емдеуді тоқтатқан кезде қайтымды.

Құрамында натрий болуына қатысты ақпарат

Бұл дәрілік препарат құрамында сашеде 23 мг (250 мг доза үшін) және 46 мг (500 мг доза үшін) натрий бар, ол ДДҰ ұсынған ересектердегі 2 г натрийдің тәуліктік дозасына, тиісінше 1,2% және 2,3% баламалы. Бұл натрий мөлшері төмен қатаң диета ұстайтын пациенттерге қатысты ескерілуі тиіс.

Қарсы көрсетілімдегі біріктірілімдер

Шайқураймен біріктірілімі

Эпилепсияға қарсы дәрілердің плазмадағы концентрациясының және тиімділігінің төмендеу қаупі бар.

Ұсынылмайтын біріктірілімдер

Ламотриджинмен біріктірілімі

Ауыр тері реакцияларының жоғары даму қаупі бар (уытты эпидермалық некролиз).

Бұдан басқа, ламотриджиннің плазмадағы концентрациясы жоғарылауы мүмкін (натрий вальпроаты есебінен бауыр метаболизмі төмендейді).

Бірге қолдану қажет жағдайларда мұқият клиникалық мониторинг жүргізу қажет.

Пенемдермен (карбапенемдермен) біріктірілімі

Плазмадағы анықталмай қалуы мүмкін вальпрой қышқылы концентрацияларының жылдам төмендеуі аясында ұстамалардың пайда болу қаупі бар.

Вальпрой қышқылы мен карбапенемдерді бірге қолдану плазмадағы вальпрой қышқылының концентрациясының шамамен екі күнде шамамен 60-100% төмендеуіне әкелді. Плазмадағы концентрацияның тез басталуына және төмендеу дәрежесіне байланысты жағдайы вальпрой қышқылын қолдану аясында тұрақтандырылған, бақылау мүмкін емес пациенттерде карбапенемдерді бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.

Қолдану кезінде сақтық шараларын сақтауды талап ететін біріктірілімдер

Ацетазоламидпен біріктірілімі

Энцефалопатия қаупі жоғары гипераммонемияның туындау қаупі артуы мүмкін.

Клиникалық және зертханалық параметрлерді тұрақты мониторингілеу қажет.

Азтреонаммен біріктірілімі

Плазмадағы вальпрой қышқылының концентрацияларының төмендеуі салдарынан ұстамалардың пайда болу қаупі бар.

Клиникалық қадағалау қажет, плазмадағы препараттың концентрациясын анықтау керек, инфекцияға қарсы дәрімен емдеу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін құрысуға қарсы дәрілердің дозасы түзетілуі мүмкін.

Карбамазепинмен біріктірілімі

Артық дозалану белгілерімен плазмада карбамазепиннің белсенді метаболиті концентрациясының жоғарылауы мұмкін. Бұдан бөлек, карбамазепин әсерінен вальпрой қышқылының бауырлық метаболизмінің күшеюіне байланысты плазмадағы вальпрой қышқылының концентрациялары төмендейді.

Клиникалық қадағалау қажет, плазмадағы препараттың концентрациясын анықтау және құрысуға қарсы дәрілердің екеуінің де дозасын түзету қажет.

Фелбаматпен біріктірілімі

Сарысуда артық дозалану қаупімен, вальпрой қышқылы концентрациясының жоғарылауы мүмкін.

Клиникалық бақылау қажет, зертханалық параметрлерді мониторингілеу және фелбаматпен емдеу барысында және оны тоқтатқаннан кейін вальпрой қышқылының дозасын түзету керек.

Құрамында эстроген бар препараттар, құрамында эстроген бар гормональді контрацептивтер

Эстрогендер вальпроатты глюкуронизациялауға қатысты УДФ-глюкуронозилтрансфераза (УГТ) изоформаларын индукциялайды және вальпроат клиренсін арттыруы мүмкін, бұл сарысуда вальпроат концентрациясының төмендеуіне және вальпроат тиімділігінің потенциалды төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Сарысуда вальпроат деңгейіне мониторинг жүргізу ұсынылады.

Екінші жағынан, вальпроат энзим-индукциялаушы әсерге ие емес; соның салдарынан вальпроат гормональді контрацептивтерді қабылдайтын әйелдерде құрамында эстроген бар препараттардың тиімділігін төмендетпейді.

Метамизолмен біріктірілімі

Метамизолмен бірге қолданғанда сарысудағы вальпроат деңгейін төмендетуі мүмкін, бұл вальпроат тиімділігінің потенциалды төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Препаратты тағайындайтын дәрігерлер клиникалық әсерді бақылауы тиіс (құрысуды бақылау немесе көңіл-күйді бақылау) және қажет болғанда қан сарысуындағы вальпроат деңгейін бақылауды қарастыруы керек.

Метотрексатпен біріктірілімі

Кейбір жағдайларда метотрексатты қолданғаннан кейін қан сарысуындағы вальпрой қышқылы концентрациясының айтарлықтай төмендеуі және құрысулардың пайда болуы сипатталған.

Бұл препараттарды бір мезгілде қолданғанда клиникалық реакцияны (құрысуды немесе көңіл-күйді бақылау) бақылау керек және қажет жағдайда қан сарысуындағы вальпрой қышқылының концентрациясын бақылау мүмкіндігін қарастыру керек.

Рекомендации по применению

Депакин® Хроносфера™ балаларда (егер олар жұмсақ тағамды жұта алатын болса) немесе жұтынуда қиындық сезінетін ересектерде қолдануға қолайлы дәрілік түр болып табылады.

Депакин® Хроносфера™ босап шығуы ұзаққа созылатын вальпроаттың дәрілік түрі болып табылады, ол шектік плазмалық концентрациялардың төмендеуіне әкеледі және 24-сағаттық кезең ішінде неғұрлым біртекті концентрацияны қамтамасыз етеді.

11 жасқа толмаған балалар үшін пероральді дәрілік түрлерден шәрбат, ішуге арналған ерітінді және босап шығуы ұзаққа созылатын түйіршіктер қолайлырақ болады.

Дозалау режимі

Бастапқы тәуліктік доза әдетте 10-15 мг/кг құрайды, бұдан кейін оны оңтайлы дозаға жеткенге дейін арттырады.

Орташа доза тәулігіне 20-30 мг/кг құрайды. Алайда, егер эпилепсиялық ұстамалар мұндай дозаларда бақыланбайтын болса, оларды пациенттер мұқият бақылауда ұстай отырып, жоғарылатуға болады.

Сәбилер мен балалар үшін әдеттегі доза тәулігіне 30 мг/кг құрайды.

Ересектер үшін әдеттегі доза тәулігіне 20-30 мг/кг құрайды.

Егде жастағы пациенттер үшін дозаны эпилепсиялық ұстамаларды бақылау негізінде анықтау керек.

Тәуліктік доза жасына және дене салмағына байланысты анықталады, дегенмен, вальпроатқа елеулі жеке сезімталдықты ескерген жөн.

Тәуліктік доза, препараттың қан сарысуындағы концентрациясы мен емдік әсері арасындағы нақты байланыс анықталған жоқ: доза негізінен пациенттің емдеуге клиникалық жауабы негізінде анықталады. Егер эпилепсиялық ұстамалар бақылауға келмесе, немесе жағымсыз әсерлерге күдік бар болса, плазмада вальпрой қышқылының деңгейін анықтауды клиникалық бақылаумен қатар қарастыру керек. Тиімді емдік диапазоны әдетте 40-100 мг/л (300-700 мкмоль/л) құрайды.

Пациенттердің ерекше топтары

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозаны азайту немесе гемодиализдегі пациенттерде дозаны арттыру қажет болуы мүмкін. Вальпроат диализге ұшырайды. Дозаны пациенттің клиникалық бақылауына сәйкес өзгерту керек.

Форма выпуска

250 мг дозалы 0.75 г препараттан немесе 500 мг дозалы 1.5 г препараттан пакеттерге салынады.

30 немесе 50 пакеттен медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Условия хранения

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаДепакин Хроносферасы түйіршіктер 250 мг №50 онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube