Показания к применению
Асқазанның ойық жарасы, жедел гастрит, созылмалы гастриттің өршу кезеңі, асқазан шырышты қабығындағы патологиялық өзгерістер (эрозия, қан кету, гиперемия, ісіну).
Асқазанның ойық жарасы, жедел гастрит, созылмалы гастриттің өршу кезеңі, асқазан шырышты қабығындағы патологиялық өзгерістер (эрозия, қан кету, гиперемия, ісіну).
- ребамипидке немесе «Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде аталған препараттың кез келген басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық,
- асқазанның қатерлі аурулары.
Ребамипидті дәстүрлі антихеликобактериялық сызбалардың құрамында қолданған кезде дәстүрлі емнің тиімділігі артуы мүмкін. Басқа препараттармен өзара әрекеттесуі зерттелмеген.
Арнайы ескертулер
Кейде лейкоциттер мен тромбоциттер санының төмендеуі байқалуы мүмкін. Нормадан ауытқу анықталған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату және пациенттің жағдайын жақсарту үшін тиісті шаралар жасау қажет.
Кейде АсАТ, АлАТ, y-ГГТП, СФ (сілтілі фосфатаза) деңгейінің жоғарылауы және бауыр функциясының басқа бұзылуы, сарғаю байқалуы мүмкін. Мұндай реакциялар туындаған жағдайда тиісті тексеру жүргізу, нормадан ауытқулар анықталған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату және пациенттің жағдайын жақсарту үшін тиісті шаралар қабылдау қажет.
Педиатрияда қолдану
Препаратты балаларға тағайындауға болмайды, өйткені осы жас санатына қолдану бойынша зерттеулер жүргізілмеген.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік
Жүктілік немесе лактация кезеңінде ребамипидті қолдану қауіпсіздігі дәлелденбегендіктен, препаратты қолдануға болмайды.
Бала емізу
Ребамипид емшек сүтіне өтетіндіктен, препаратты қолданғанда бала емізуді тоқтату керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ребамипидті қабылдаған кезде бас айналу, ұйқышылдық пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда автокөлік жүргізуден, механизмдермен жұмыс істеуден, сондай-ақ жоғары зейін қоюды және реакция жылдамдығын қажет ететін басқа да қызмет түрлерімен айналысудан бас тарту керек.
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
3 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °C -ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.