Показания к применению
Анемиясыз темір тапшылығын және темір тапшылықты анемияны емдеу үшін. Темір тапшылығы мен оның дәрежесіне тиісті зертханалық талдаулар арқылы диагностика жүргізілуі тиіс.
Анемиясыз темір тапшылығын және темір тапшылықты анемияны емдеу үшін. Темір тапшылығы мен оның дәрежесіне тиісті зертханалық талдаулар арқылы диагностика жүргізілуі тиіс.
темір (III)-гидроксидполимальтозалы кешеніне (ТПК) немесе «Құрамы» бөлімінде атап келтірілген қосымша заттардың қандай-да біреуіне белгілі аса жоғары сезімталдық
темірмен шамадан тыс қанығу, мысалы гемохроматоз, гемосидероз
қорғасыннан уланудан туындаған анемия, сидеробластты анемия, талассемия сияқты темір сіңірілуінің бұзылуы
темір тапшылығынан туындамаған анемия, мысалы гемолиздік анемия немесе B12 дәруменінің тапшылығынан туындаған мегалобластты анемия
ТПК (фолий қышқылының болуымен немесе онсыз) тетрациклинмен немесе алюминий гидроксидімен өзара әрекеттесуі адамдарда жүргізілген 3 зерттеуде қаралды. Тетрациклиннің сіңірілуінің елеулі төмендеуі байқалған жоқ. Тетрациклиннің плазмадағы концентрациясы тиімді болуы үшін қажетті деңгейден төмен түскен жоқ. Алюминий гидрооксидін немесе тетрациклинді қолданған кезде ТПК-ден темірдің сіңірілуі төмендеген жоқ. Демек, ТПК тетрациклинмен және басқа да фенолды қосылыстармен, сондай-ақ, алюминий гидрооксидімен бір мезгілде қолдануға болады.
Сол сияқты, ТПК қолданумен in vitro зерттеулер барысында тамақ өнімдерінің құрамына кіретін фитин қышқылы, қымыздық қышқылы, танин, натрий альгинаты, холин және холин тұздары, А дәрумені, D3 дәрумені және Е дәрумені, соя майы және соя ұны сияқты компоненттермен өзара әрекеттесулері анықталған жоқ. Бұл нәтижелер ТПК тамақтану кезінде немесе тамақтан кейін бірден қабылдауға болатындығын растайды.
Жасырын қан кетуді анықтауға арналған гемоккульт-тест нәтижелерінің нашарлауы байқалмайды (Hb үшін селективті), демек, емдеуді тоқтату қажет емес.
Темір препараттарын бір мезгілде парентеральді енгізу және пероральді қабылдау ұсынылмайды, себебі бұл кезде пероральді препараттың сіңірілуі нашарлайтын болады.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолданылуы
Мальтофер® шайнайтын таблеткаларын 12 жастан кіші балаларға қолдану ұсынылмайды.
Жүктілік
Жүктілік кезіндегі Мальтофер® әсері туралы клиникалық деректер жүктілікке, шарананың немесе жаңа туған нәрестенің денсаулығына жағымсыз әсерін анықтаған жоқ. Эпидемиологиялық зерттеулердің деректері жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулер репродуктивтік уыттылықты анықтаған жоқ. Жүктілік кезінде сақтықпен пайдалану ұсынылады. Сақтық шарасы ретінде Мальтофер® препаратын дәрігермен кеңескеннен кейін ғана қабылдау керек.
Бала емізу
ТПК-дегі темір ана сүтімен бөлінетін-бөлінбейтіндігі белгісіз. Емшек сүтінде лактоферринмен байланысқан темір болады. Сақтық шарасы ретінде бала емізу кезінде Мальтофер® препаратын дәрігермен кеңескеннен кейін ғана қабылдау керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Тиісінше зерттеулер жүргізілген жоқ. Алайда, Мальтофер® препаратының автомобиль жүргізу және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуі ықтималдылығы аз.
Дозалау режимі
1 кесте: Балалар мен ересектерге арналған дозасы
10 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
3 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдерінде нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.