daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Натрий Тиосульфаты Дарница 30% 5 Мл №10 Ерітінді | Дарница ФФ ЗАО

Уральске қаласындағы Натрий Тиосульфаты Дарница 30% 5 Мл №10 Ерітінді | Дарница ФФ ЗАО

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Мөлдір түссіз немесе аздап боялған сұйықтық.

Өндіруші:

Дарница ФФ ЗАО

Өндіруші ел:

Украина

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, динатрий эдетаты, инъекцияға арналған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Мөлдір түссіз немесе аздап боялған сұйықтық.

Белсенді заттың дозасы:

30%

Қаптамадағы саны:

10 шт.

Аналогтары

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Цианидтермен жедел улануды емдеуде натрий нитритімен бір ізді пайдалану үшін (цианидтермен улану диагнозы анық расталмаған жағдайларда натрий тиосульфатын қолданумен байланысты өмірге қауіп төндіретін қатерлерді, әсіресе пациент жағдайы ауыр болғанда оны қолданудан болатын пайдамен мұқият таразылау керек).

Қарсы көрсеткіштер

Белсенді компонентке немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.

Өзара әрекеттесуі

Ықтимал өзара әрекеттесу гидроксикобаламинмен орын алуы мүмкін. Натрий тиосульфатын сол инъекциялық жүйеде гидроксокобаламинмен бір мезгілде тағайындауға болмайды.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Енгізу тәсілі.

Вена ішіне пайдалануға арналған. Бір рет пайдалануға арналған.

Ересектер.

10 мл натрий нитритін (жылдамдығы 2,5-5 мл/мин) вена ішіне енгізу керек, бірден 50 мл натрий тиосульфатын (жылдамдығы 5 мл/мин) енгізу керек.

Арнайы популяциялар.

Егде жастағы пациенттер.

Егде пациенттерде (≥ 65 жаста) дозаны түзету керек емес.

Балалар.

0,2 мл/кг (6 мг/кг немесе 6-8 мл/м2 BSA) натрий нитриті (жылдамдығы 2,5-5 мл/мин) 10 мл көлемін асырмай, вена ішіне енгізу керек, бірден дене салмағының 1 мл/кг (250 мг/кг немесе шамамен 30-40 мл/м2 BSA) (жылдамдығы 2,5-5 мл/мин) жалпы дозаның 50 мл натрий тиосульфаты.

Ескертпе. Егер улану белгілері қайта пайда болса натрий нитритінің және натрий тиосульфатының бастапқы дозасының жартысын пайдалану арқылы емді қайталау қажет.

Ересек және анемиясы анықталған бала науқастарда натрий нитритінің дозасын гемоглобин концентрациясының төмендеуіне пропорциональді пайдалану ұсынылады.

Цианидтермен жедел уыттануды кешенді емдеу пациент организмінің өмірлік маңызды функцияларын демеуді талап етеді. Демеуші ем ауыр уыттану белгілері болмаған жағдайда антидоттар қолданусыз цианидтермен улануды емдеу үшін жеткілікті болуы мүмкін. Натрий нитритін, одан кейін натрий тиосульфатын енгізуді тыныс алу жолдарының өткізгіштігін жүзеге асыру, өкпені желдету және адекватты қан айналымын ұстап тұру сияқты демеуші емнің тіисті шараларына қосымша ретінде қарастыру керек. Оттегін енгізуді қоса, демеуші ем қолдану натрий нитритін және натрий тиосульфатын енгізгенге дейін шегерілмеуі тиіс.

Натрий нитритінің инъекциясын және натрий тиосульфатының инъекциясын баяу венаішілік инъекция арқылы жүргізеді. Оларды жедел және цианидпен өмірге қауіпті улану диагнозын қойғаннан кейін барынша ерте тағайындау керек. Алдымен натрий нитритін, сосын дереу натрий тиосульфатын енгізу керек. Артериялық қысымды ересектерде де, балаларда да инфузия уақытында бақылау қажет. Инфузия жылдамдығын егер айқын гипотония байқалса төмендету керек. Барлық парентеральді дәрілік заттар қатты бөлшектердің болуына және/немесе енгізуді бастар алдында ерітінді түсінің өзгеруіне қатысты қарап тексерілуі керек.

Енгізу әдісі және жолы

Вена ішіне пайдалануға арналған.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Дәрілік зат емдеу мекемесі жағдайында қолдану үшін ұсынылады. Әрқашан препаратты қосымша параққа немесе емдеуші дәрігердің ұсынымдарына сәйкес қабылдаңыз.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсын – дәрігер анықтайды.

Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар

Адамдарда натрий тиосульфатының үлкен дозаларының ықпалы туралы шектеулі ақпарат бар. Адамдарда 3 г натрий тиосульфатын 1-2 апта бойы күніне пероральді енгізу қанның 75 % дейін оттегімен қанығуының төмендеуіне әкелді, бұл оттегінің гемоглобинмен диссоциациясы қисығының оңға жылжуынан туындаған. Қанның оттегімен қанығу көрсеткіштері натрий тиосульфатын қолдануды тоқтатқаннан кейін 1 аптадан соң бастапқы деңгейіне оралды. 20 мл 10 % натрий тиосульфаты ерітіндісін бір рет вена ішіне енгізу хабарланғандай, қанның оттегімен қанығуын өзгертпейді.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар

Дәрілік зат емдеу мекемесі жағдайында қолдану үшін ұсынылады.

Дәрілік затты қабылдауды өткізіп алсаңыз, жіберілгеннің орнын толтыру үшін екі еселенген дозаны қабылдамаңыз. Препаратты қолдану бойынша сұрақтар болған жағдайда емдеуші дәрігерге хабарласыңыз.

Тоқтату симптомы қатерінің болуын көрсету

Бұл дәрілік затқа қатысы жоқ.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну керек

Әрқашан препаратты қосымша параққа немесе емдеуші дәрігердің ұсынымдарына сәйкес қабылдаңыз

Шығарылу түрі

5 мл препараттан шыны ампулаларда.

Ампулаға өздігінен жабысатын жабыны бар қағаз заттаңба жапсырады.

Ампулаларды ашуға арналған пышақпен бірге пішінді ұяшықты қаптамаға (кассетаға) 5 ампуладан салынады.

Түрлі-түсті сындырғыш сақиналары немесе түрлі-түсті сындырғыш нүктесі бар ампулаларды қаптау кезінде ампулаларды ашуға арналған пышақтар салынбайды.

Екі пішінді ұяшықты қаптама қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Көлемі

5 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладынатрий тиосульфаты Дарница 30% 5 мл №10 ерітінді дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube