daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Ношверин Ампуласы 20 Мг/мл 2 Мл №5 | ЧАО «Лекхим-Харьков»

Уральске қаласындағы Ношверин Ампуласы 20 Мг/мл 2 Мл №5 | ЧАО «Лекхим-Харьков»

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Жасыл-сары түсті мөлдір сұйықтық.

Халықаралық атауы:

Дротаверин

Өндіруші:

ЧАО «Лекхим-Харьков»

Өндіруші ел:

Украина

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: 96% этанол - 0,1638 мл, натрий метабисульфиті (Е 223) - 2,0 мг, инъекцияға арналған су - 2,0 мл. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Жасыл-сары түсті мөлдір сұйықтық.

Белсенді заттың дозасы:

20 мг/мл 2 мл

Дәрілік түрі:

Инъекцияға арналған ерітінді, 20 мг/мл Фармакотерапиялық тобы Ас қорыту жолы және зат алмасу. Асқазан-ішектің функционалдық бұзылыстарын емдеуге арналған препараттар. Папаверин және оның туындылары. Дротаверин. АТХ коды A03A D02.

Қаптамадағы саны:

5 шт

Аналогтары

Нұсқаулық

Құрамы

Бір ампуланың (2 мл) ішінде:

белсенді зат: 40,0 мг құрғақ затқа шаққанда дротаверин гидрохлориді

қосымша заттар: 96% этанол - 0,1638 мл, натрий метабисульфиті (Е 223) - 2,0 мг, инъекцияға арналған су - 2,0 мл.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Жасыл-сары түсті мөлдір сұйықтық.

Қолдану көрсеткіштері

Биллиарлық жол ауруларымен байланысты тегіс бұлшықет түйілулерінде: холецистолитиазда, холангиолитиазда, холециститте, перихолециститте, холангитте, папиллитте.

Несеп жолының аурулары кезіндегі тегіс бұлшықет түйілулерінде: нефролитиазда, уретролитиазда, пиелитте, циститте, қуықтың тенезмінде.

Қосымша ем ретінде (егер препаратты таблетка түрінде қолдану мүмкін болмағанда):

– асқазан-ішек жолының тегіс бұлшықеттерінің түйілулерінде: асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруында, гастритте, кардио- және/немесе пилороспазмда, энтеритте, колитте

– гинекологиялық ауруларда: дисменореяда.

Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

– әсер етуші затқа (заттарға) немесе кез келген қосымша заттарға (әсіресе натрий метабисульфитіне) аса жоғары сезімталдық

– натрий дисульфитіне жоғары сезімталдық

– бауыр, бүйрек немесе жүрек функцияларының ауыр жеткіліксіздігі (жүректің кіші лықсу синдромы).

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Препаратты вена ішіне енгізген кезде коллапстың туындау қаупіне байланысты науқас жатқызылуы тиіс!

Артериялық гипотензияда сақтықпен қолдану керек.

Препараттың құрамында метабисульфит бар, ол сезімтал пациенттерде, әсіресе анамнезінде демікпесі немесе аллергиясы бар пациенттерде анафилаксиялық шок симптомдарын және бронхтың түйілуін қоса, аллергиялық типті реакцияларды туындатуы мүмкін. Натрий метабисульфитіне сезімталдық жоғары болған жағдайда препаратты парентеральді түрде енгізуге жол бермеген жөн.

Жүкті әйелдерге препаратты парентеральді түрде енгізген кезде сақ болу керек. («Жүктілік немесе емшек емізу кезеңінде қолдану» бөлімін қараңыз).

Қарсы көрсеткіштер

Сақтық шаралары

Арнайы нұсқаулар

Балалар. Препаратты балаларға қолдануға клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ.

Жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолдану.

Жүктілік. Ретроспективті клиникалық зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, препаратты пероральді қолдану тератогенділік пен эмбриоуыттылықтың бірде-бір жағдайына әкелген жоқ. Алайда препаратты әйелдерге сақтықпен тағайындау қажет. Босану кезінде дротаверинді қолданбау керек.

Емшекпен емізу. Жануарларға тиісті зерттеулер деректерінің болмауына байланысты бала емізу кезеңінде препаратты енгізу ұсынылмайды.

Фертильділік. Адам фертильділігіне әсер етуге қатысты деректер жоқ.

Автокөлікті немесе басқа механизмдерді басқару кезінде реакция жылдамдығына әсер ету қабілеті.

Пациенттерге препаратты парентеральді, әсіресе вена ішіне енгізгеннен кейін автомобильді басқаруды және зейінді жұмылдыруды қажет ететін жұмыстар жасауды тоқтата тұру керектігін алдын ала ескерту қажет.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

Ересектер үшін бұлшықет ішіне әдеттегі орташа тәуліктік доза 40-240 мг (жеке 1-3 енгізу үшін) құрайды.

Несеп немесе өт жолдарында конкременттер бар ересек науқастардағы жедел шаншуларда – вена ішіне 40-80 мг.

Балалар. Препаратты балаларға қолдануға клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ.

Енгізу әдісі және жолы

Вена ішіне, бұлшықет ішіне.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: дротаверинмен артық дозалану жүрек ырғағының бұзылуымен, соның ішінде Гис бунағы аяқтарының толық блокадасымен және өліммен аяқталуы мүмкін жүректің тоқтап қалуымен астасты.

Артық дозаланғанда пациент дәрігердің мұқият қадағалауында болуы және құсу индукциясын және/немесе асқазанды шаюды қамтитын симптоматикалық ем алуы тиіс.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер

Осы дәрілік препарат  қолдану туралы Сізде  кейбір қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, емдеуші дәрігерге жүгініңіз.

Артық дозалану

Жанама әсерлері

Сирек

бас ауыруы, бас айналуы, ұйқысыздық

жүрек соғуы жиілеуі, артериялық қысымның төмендеуі

аллергиялық реакциялар (ангионевроздық ісіну, есекжем, бөртпе, қышыну, қызба, қалтырау, дене температурасының жоғарылауы, әлсіздік, әсіресе метабисульфитке жоғары сезімталдығы бар пациенттерде)

инъекция енгізу орнындағы реакциялар

жүрек айнуы, іш қатуы, құсу

инъекция енгізу орнындағы жергілікті реакциялар.

Белгісіз

инъекция түрінде ем алған пациенттерде өліммен аяқталған және өлімге соқтырмаған анафилаксиялық шок болды.

Шығарылу түрі

Сары түсті түтік тәрізді мөлдір шыныдан жасалған ампулаларда 2 мл-ден.

Ампулаларға өздігінен желімденетін заттаңбалар немесе заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңбалар жапсырылады.

5 ампуладан медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.

Полиэтилентерефталат үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 5 ампуладан. Пішінді ұяшықты бір қаптама медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Ампулаларда сындыру сақинасы немесе сындыру нүктесі жоқ болса, қорапшаға ампулалық скарификатор немесе ампулалық керамикалық пышақ, немесе кесетін керамикалық диск салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамаcында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Дәрігердің рецептісі арқылы.

Өндіруші туралы мәліметтер

ЖАҚ «Лекхим-Харьков».

Украина, 61115, Харьков обл., Харьков қаласы, Северин Потоцкий көшесі, 36-үй

Тел/факс: +38 (057) 714-77-90/+38 (057) 714-77-91

e-mail:

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Көлемі

2 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыНошверин ампуласы 20 мг/мл 2 мл №5 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube