Показания к применению
этиологиясы әртүрлі жөтелді симптоматикалық емдеуде.
этиологиясы әртүрлі жөтелді симптоматикалық емдеуде.
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
фруктозаға тұқым қуалайтын төзбеушілік (алмасу нәтижесінде фруктозаға айналатын препаратта сорбиттің болуына байланысты)
қақырық түсіретін препараттармен бір уақытта қолдану тиімсіз
жүктілік, 1-ші триместр
лактация кезеңі
балалар 2 айға дейінгі.
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Бутамират жөтел рефлексін басатындықтан, қақырық түсіретін дәрілермен бір мезгілде қолдану тыныс алу жолдарындағы шырыштың іркілуіне әкелуі мүмкін, бұл бронх түйілуінің даму қаупін мен тыныс алу жолдарының инфекциясын жоғарылатады.
Егер препаратты қабылдағаннан кейін 7 күн ішінде жақсару болмаса немесе симптомдар нашарласа және/немесе дене қызуының көтерілуі, бөртпе немесе үнемі бас ауыруы болса, аурудың негізгі себептерін білу үшін дәрігермен кеңесу керек.
Препарат 2 жастан кіші балаларға тек дәрігердің тағайындауы бойынша қолдануға болады.
Қосымша заттар
Сорбитол
Препарат құрамында 405.00 мг сорбитол бар. Сорбитол фруктозаның көзі болып табылады. Сирек тұқым қуалайтын фруктозаға жақпаушылығынан зардап шегетін пациенттер бұл дәріні қабылдамауы керек.
Сорбитол эпигастрий аймағында ыңғайсыздық тудыруы мүмкін және аздап іш өткізгіш әсер береді.
Этанол
Препарат құрамында аз мөлшерде этанол бар (3.00 мг / 1 мл).
Натрий
Құрамында дозада 1 ммоль натрий бар, яғни дерлік «құрамында натрий жоқ».
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Қақырық түсіретін немесе муколитикалық заттармен бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.
Орталыққа әсер ететін препараттың болжамды жөтелге әсерін ескере отырып, алкогольді қоса, ОЖЖ бәсеңдететін дәрілермен бір мезгілде қабылдау кезінде әсердің жоғарылау мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Препарат 2 жастан кіші балаларға тек дәрігердің тағайындауы бойынша қолдануға болады.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Бутамираттың жануарлардың репродуктивті функциясына әсерін зерттеу шарана үшін қауіпті анықтаған жоқ. Алайда жүкті әйелдерде спецификалық зерттеулер жүргізілген жоқ. Жүктілік кезінде бұл өнімді тек дәрігердің нұсқауы бойынша қолдану керек. Егер ананың күтілетін пайдасы шарана үшін мүмкін болатын қауіптен жоғары болса, ең аз тиімді дозаны және емдеудің ең қысқа мерзімін ескеру қажет.
Емшек сүтімен бутамираттың бөліну туралы ақпарат жоқ болғандықтан, емізу кезінде бұл өнімді тек дәрігердің ұсынысы бойынша ғана қолдану керек. Егер ананың күтілетін пайдасы сәби үшін ықтимал қауіптен жоғары болса, ең аз тиімді дозаны және емдеудің ең қысқа мерзімін ескеру қажет.
Препаратты көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
СИНТУС ұйқышылдық пен шаршауды тудыруы мүмкін. Мұндай симптомдар пайда болған жағдайда көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқарудан бас тартқан жөн.

Дозалау режимі
Ішуге арналған.
Балалар
2 айлықтан 1 жасқа дейін: тәулігіне 10 тамшыдан 4 рет. Ең жоғарғы күндізгі доза: 40 тамшы;
1 жастан 3 жасқа дейін: тәулігіне 15 тамшыдан 4 рет. Ең жоғарғы күндізгі доза: 60 тамшы;
3 жастан және одан асқандар: тәулігіне 25 тамшыдан 4 рет. Ең жоғарғы күндізгі доза: 100 тамшы.
Препарат 2 жасқа дейінгі балаларда тек дәрігермен кеңескеннен кейін қолданылады.
Енгізу әдісі және жолы
Ішуге арналған.
Тамшыларды тамақтанар алдында қабылдау керек.
Тамшылардың құрамында тәттілендіргіштер ретінде сахарин мен сорбитол бар, сондықтан бұл препаратты қант диабетімен ауыратын науқастарға қабылдауға болады.
1 мл ерітіндіде (28 тамшыға баламалы) 5.00 мг цитрат бутамираты бар
Ұсынылған дозадан асырмау керек. Әсерге жету үшін қажет препараттың ең аз дозасын емдеудің ең қысқа кезеңінде қолдану керек.
Емдеу ұзақтығы
Медициналық кеңестерсіз қолданудың ең ұзақ мерзімі: 7 күн.
Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар
Симптомдары: ұйқышылдық, жүрек айнуы, құсу, диарея, бас айналуы және гипотензия.
Емі: симптоматикалық. Шұғыл шаралар ретінде белсендірілген көмірді, тұзды іш жібіткіштерді қолдануға болады. Жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйелерінің функциясын демеу.
Спецификалық антидот белгісіз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
20 мл препараттан тамшылатқышы бар және алғашқы ашылуын бақылайтын полиэтиленнен жасалған қақпақпен тығындалған қара шыныдан жасалған (III класс) құтыларға салынады.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Түпнұсқалық қаптамада 25 °С жоғары емес температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл.
Құтыны ашқаннан кейін қолдану мерзімі – 4 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамада 25 °С жоғары емес температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.