daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Зетринал Сиропы 5мг / 5мл 200мл | Абди Ибрахим Глобал Фарм

Қоймада жоқ
Уральске қаласындағы Зетринал Сиропы 5мг / 5мл 200мл | Абди Ибрахим Глобал Фарм

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Түссіз, мөлдір шәрбат тәрізді, банан дәмі бар сұйықтық

Халықаралық атауы:

Цетиризин

Өндіруші:

Абди Ибрахим Глобал Фарм

Өндіруші ел:

Турецкая Республика

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: натрий сахарині, глицерин, пропиленгликоль, сорбитол 70%, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, мұзды сірке қышқылы, банан хош иістендіргіші, натрий ацетат тригидраты, тазартылған су.

Белсенді заттың дозасы:

5мг/5мл

Дәрілік түрі:

Шәрбат, 5мг / 5мл

Қаптамадағы саны:

1 шт.

Аналогтары

Нұсқаулық

Құрамы

5 мл (1өлшегіш қасық) шәрбаттың құрамында

белсенді зат - 5 мг цетиризин дигидрохлориді,

қосымша заттар: натрий сахарині, глицерин, пропиленгликоль, сорбитол 70%, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, мұзды сірке қышқылы, банан хош иістендіргіші, натрий ацетат тригидраты, тазартылған су.

Қолдану көрсеткіштері

Ересектер және 1 жастан асқан балалар үшін

маусымдық және жыл бойғы аллергиялық риниттің мұрын және көз симптомдарын жеңілдетуге

есекжем симптомдарын жеңілдетуге

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе 6.1 бөлімінде атап көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- 1 жасқа дейінгі балаларға

- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар және креатинин клиренсі 10 мл/мин аз пациенттер

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактоза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қолдануға болмайды

- жүктілік және лактация кезеңі

- бүйрек немесе бауыр функциясы бұзылуында 6 жасқа дейінгі балаларға

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Несеп іркілуіне бейімдейтін факторлары (мысалы, жұлынның зақымдануы, қуықасты безінің гиперплазиясы) бар пациенттерде сақтық таныту керек, өйткені цетиризин несептің іркілу қаупін арттыруы мүмкін.

Эпилепсиясы бар пациенттерге және құрысулардың даму қаупі бар пациенттерге сақтықпен қолдану ұсынылады.

Тері аллергиясына тестілерді антигистаминдер бәсеңдетеді, олардың шайылуы 3 күн ішінде жүреді, оларды орындаудан бұрын осыған назар аударған жөн.

Цетиризинді тоқтатқан кезде, тіпті егер бұл симптомдар емдеуді бастағанға дейін жоқ болса да, қышыну және/немесе есекжем туындауы мүмкін. Кейбір жағдайларда симптомдар қарқынды болуы және емдеуді қайта жаңғыртуды қажет етуі мүмкін. Емдеуді қайта жаңғыртқаннан кейін симптомдар жойылуға тиіс.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Емдік дозаларында алкогольмен клиникалық мәні бар өзара әрекеттесулер анықталған жоқ (қандағы алкоголь деңгейі 0,5 г/л болғанда). Дегенмен, алкогольді бір мезгілде қабылдаған кезде сақтық танытқан жөн.

Цетиризиннің және псевдоэфедрин, антипирин, циметидин, кетоконазол, эритромицин, азитромициннің, глипизидтің, диазепамның өзара әрекеттесулеріне фармакокинетикалық зерттеулер жағымсыз өзара әрекеттесуіне ешбір дәлел анықтай алмаған.

Теофиллиннің (тәулігіне бір рет 400 мг) және цетиризиннің дозаларының бірнеше зерттеулерінде цетиризин клиренсі аздап төмендегені (16%) бақыланған, бұл арада цетиризинді бір мезгілде тағайындағанда теофиллин орны өзгермеген.

Цетиризинді макролидтермен (мысалы, азитромицинмен, эритромицинмен) немесе кетоконазолмен бір мезгілге тағайындағанда клиникалық елеулі ЭКГ өзгерістеріне алып келмеген.

Ритонавирдің (тәулігіне екі рет 600 мг) және цетиризиннің (күніне 10 мг) бірнеше дозасын зерттеуде цетиризиннің өзара әрекеттесу дәрежесінің шамамен 40% артқаны, ал ритонавир бейіні цетиризинді қатарлас қабылдағанда сәл (-11%) өзгергені анықталған. Цетиризин натрий гепаринінің антикоагулянттық әсерін әлсіретеді. Азеластин, алпразолам, бупренорфин, галоперидол, гидроксизин, диазепам, дроперидол, золпидем, флуразепам, кветиапин, флуфеназин, клозапин, трифлуоперазин, тиоридазин, фенобарбитал, фентанил, темазепам, рисперидон, пропофол, ремифентанил, прометазин, перфеназин, кодеин, лоразепам, оланзапин, оксазепам, мидазолам, хлорпромазин, хлордиазепоксид, эстазолам –депримацияны күшейтеді (өзара) және психомоторлық реакциялар жылдамдығын төмендетеді.

Метогекситал, кетамин, изофлуран, энфлуран наркоздан кейінгі кезеңде - депримацияны күшейтеді (өзара) және психомоторлық реакциялар жылдамдығын төмендетеді.

Цетиризиннің сіңу дәрежесі тамақ ішкенде азаймайды, алайда сіңу жылдамдығы 1 сағатқа төмендейді.

Арнайы сақтандырулар

Метилпарагидроксибензоат және пропилпарагидроксибензоат баяу типтегі аллергиялық реакцияларды туғызуы мүмкін.

Пропиленгликоль алкогольдің әсеріне ұқсайтын әсерлер туғызуы мүмкін.

Сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар пациенттер ішке қабылдауға арналған 1 мг/мл цетиризин ерітіндісін қабылдамауы керек.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Цетиризинді жүкті және емшек емізетін әйелдерге тағайындаған кезде сақ болу керек.

Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік жүргізу қабілетінің, ұйқы латенттілігінің объективті өлшемдері ұсынылған 10 мг дозасында қандай да бір клиникалық маңызы бар әсерлерін көрсеткен жоқ.

Алайда ұйқышылдық байқалатын пациенттер көлік құралдарын басқарудан, қауіптілігі зор әрекет түрлерімен шұғылданудан немесе механизмдермен жұмыс істеуден тартынуы керек. Олар ұсынылған дозадан асырмауға тиіс және өздерінің препаратқа реакциясына көңіл бөлуі қажет.

Арнайы нұсқаулар

Метилпарагидроксибензоат және пропилпарагидроксибензоат баяу типтегі аллергиялық реакцияларды туғызуы мүмкін.

Пропиленгликоль алкогольдің әсеріне ұқсайтын әсерлер туғызуы мүмкін.

Сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар пациенттер ішке қабылдауға арналған 1 мг/мл цетиризин ерітіндісін қабылдамауы керек.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Цетиризинді жүкті және емшек емізетін әйелдерге тағайындаған кезде сақ болу керек.

Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік жүргізу қабілетінің, ұйқы латенттілігінің объективті өлшемдері ұсынылған 10 мг дозасында қандай да бір клиникалық маңызы бар әсерлерін көрсеткен жоқ.

Алайда ұйқышылдық байқалатын пациенттер көлік құралдарын басқарудан, қауіптілігі зор әрекет түрлерімен шұғылданудан немесе механизмдермен жұмыс істеуден тартынуы керек. Олар ұсынылған дозадан асырмауға тиіс және өздерінің препаратқа реакциясына көңіл бөлуі қажет.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалану режимі

1 жастан 2 жасқа дейінгі балаларға күніне 1 рет 2.5 мг (½ өлшегіш қасық) тағайындайды.

2-ден 6 жасқа дейінгі балаларға тәулігіне 2 рет 2,5 мг-ден (½ өлшегіш қасық) немесе тәулігіне 1 рет 5 мг-ден (1 өлшегіш қасық) тағайындайды.

Ересектер мен 6 жастан асқан балаларға тәулігіне 10 мг (2 өлшегіш қасық) дозада тағайындайды.

Егде жастағы пациенттер

Бүйрек функциясы қалыпты егде жастағы пациенттерге дозаны түзетудің қажеті жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауыр жеткіліксіздігі ғана бар пациенттерде дозаны түзетудің қажеті жоқ.. Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету ұсынылады (Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді қараңыз).

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде тиімділік/қауіпсіздік арақатынасын растайтын деректер жоқ. Цетиризин негізінен бүйрекпен шығарылатындықтан («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз), баламалы емдеу мүмкін болмаған жағдайларда дозалау аралықтарын бүйрек функциясына сәйкес әркімге жеке таңдау керек. Келесі кестеге жүгініңіз және дозаны көрсетілгендей етіп түзетіңіз. Осы дозалау кестесін пайдалану үшін, пациенттің креатинин клиренсін (КК) мл/мин бағалау қажет. КК (мл/мин) сарысудағы креатининді (мг/дл) анықтау негізінде мынадай формула бойынша бағалауға болады:

Артық дозалану

Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі.

Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмір тағайындау, демеуші және симптоматикалық ем.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар

Егер Сізде осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтар туындаса, дәрігермен кеңесіңіз.

Жанама әсерлері

Жиі емес

- қозу

- парестезия (сезімталдықтың бұзылуы)

- диарея

- бөртпе, қышыну

- астения, дімкәстік

Сирек

- аса жоғары сезімталдық реакциясы

- агрессия, сананың шатасуы, депрессия, елестеулер, ұйқының бұзылуы

- құрысулар

- тахикардия

- бауыр функциясының бұзылуы (трансаминазалар, сілтілік фосфатаза, γ-ГT және билирубин деңгейінің жоғарылауы)

- есекжем

- шеткері ісінулер

- дене салмағының ұлғаюы

Өте сирек

- тромбоцитопения

- анафилаксиялық шок

- тартылу

- дисгевзия, дискинезия, дистония, естен тану, тремор

- аккомодацияның бұзылуы, анық көрмеу, окулогирация

- ангионевроздық ісіну, тұрақты дәрілік бөртпе

- дизурия, энурез

Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)

- тәбеттің жоғарылығы

- суицидтік ойлар, түнгі қорқыныштар

- жадының бұзылуы, оның ішінде амнезия

- бас айналуы

- жедел жайылған экзантематозды пустулез

- артралгия

- несептің іркілуі

- тәбеттің жоғарылауы

Шығарылу түрі

100 мл немесе 200 мл препараттан бірінші ашылуы бақыланатын бұралып жабылатын пластмасса қақпағы бар түрлі-түсті шыныдан жасалған құтыда.

1 құтыдан өлшегіш қасығымен жиынтықта медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшада.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

200 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыЗетринал сиропы 5мг / 5мл 200мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube