daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Усть-Каменогорске қаласындағы Азмак Суспензиясы 400 Мг / 57 Мг 100 Мл | «Дева Холдинг A.Ш.»

Усть-Каменогорске қаласындағы Азмак Суспензиясы 400 Мг / 57 Мг 100 Мл | «Дева Холдинг A.Ш.»

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Ақтан крем түске дейінгі біртекті ұнтақ, қызғылт-сары алтын түстес шәрбат.

Производитель:

«Дева Холдинг A.Ш.»

Страна производитель:

Турция

Действующее вещество:

Амоксициллин (амоксициллин тригидраты түрінде) 200 мг клавулан қышқылы (калий клавуланаты түрінде) 28.5 мг қосымша заттар: кремнийдің қостотығы (Syloid AL-1-FP), гидроксипропилметилцеллюза (Metosel E-3(3cps), коллоидты кремнийдің қостотығы (Aerosil 200), натрий сахарині, метилпарабен, ксантум Гум, янтарь қышқылы, алтын түстес шәрбаттың хош иісі, ұнтақты апельсин хош иістендіргіші.

Дозировка активного вещества:

400 мг/57 мг

Количество в упаковке:

10 шт
...loading

Инструкция

Показания к применению

- жедел бактериялық синусит (диагноз расталғанда)

- жедел ортаңғы отит

- созылмалы бронхиттің өршуі (диагноз расталғанда)

- ауруханадан тыс пневмония

- цистит

- пиелонефрит

- терінің және жұмсақ тіндердің инфекциялары (атап айтқанда, тері асты шелінің қабынуы – целлюлит, жәндіктер шағып алғанда, жедел абсцестер мен жақсүйек-бет аумағының флегмоналары)

- сүйек және буын инфекциялары (атап айтқанда, остеомиелит)

Противопоказания

- пенициллиндерге немесе препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық

- басқа бета-лактамды антибиотиктерге (цефалоспориндер, карбапенемдер, монобактамдар) белгілі аса жоғары сезімталдық

- амоксициллин/клавулан қышқылы біріктірілімін қабылдау аясында дамыған сарғаю немесе бауыр функциясының бұзылуы

- фенилкетонурия (препарат құрамында аспартам болуына байланысты)

Меры предосторожности

Амоксициллин/клавулан қышқылымен емдеуді бастар алдында пенициллиндерге, цефалоспориндерге немесе басқа бета-лактамдық агенттерге аса жоғары сезімталдықтың алдыңғы реакцияларына қатысты егжей-тегжейлі анамнез жинау қажет.

Аллергиялық реакциялар кезінде назар аудару керек жағдайлар:

Взаимодействие

Пробенецид

Пробенецидпен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Пробенецид амоксициллиннің бүйректік өзекшелік секрециясын төмендетеді. Пробенецидті бір мезгілде қолдану қандағы амоксициллин деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін, бірақ клавулан қышқылының емес.

Аллопуринол

Амоксициллинмен емдеу кезінде Аллопуринолды бір мезгілде қолдану терінің аллергиялық реакцияларының даму ықтималдығын арттыруы мүмкін. Аллопуринол мен Азмакты бір мезгілде қолдану туралы деректер жоқ.

Оральді контрацептивтер

Басқа антибиотиктер сияқты, Азмак ішек микрофлорасына әсер етуі мүмкін, бұл эстроген реабсорбциясының төмендеуіне және біріктірілген оральді контрацептивтердің тиімділігінің төмендеуіне әкеледі.

Пероральді антикоагулянттар

Пероральді антикоагулянттар мен пенициллинді антибиотиктер іс жүзінде өзара әрекеттесу туралы хабарламаларсыз кеңінен қолданылады. Алайда, әдебиетте аценокумарол немесе варфарин қабылдаған және амоксициллин курсын тағайындаған пациенттерде халықаралық қалыптасқан қатынастардың жоғарылауы жағдайлары бар. Бірге қолдану қажет болған жағдайда протромбин уақытын немесе амоксициллинді қосумен немесе тоқтатумен халықаралық қалыптасқан қатынасты мұқият бақылау керек. Сонымен қатар, пероральді антикоагулянттардың дозасын түзету қажет болуы мүмкін.

Метотрексат

Пенициллиндер метотрексаттың шығарылуын төмендетуі мүмкін, бұл уыттылықтың жоғарылауына әкеледі.

Микофенолат мофетил

Микофенолат мофетилін қабылдаған пациенттерде пероральді амоксициллин плюс клавулан қышқылын қабылдау басталғаннан кейін Микофенол қышқылының (МПА) белсенді метаболиті концентрациясының шамамен 50% төмендегені туралы хабарланды. Алдын ала доза деңгейінің өзгеруі МПА жалпы әсеріндегі өзгерістерді дәл көрсетпеуі мүмкін.

Специальные указания

Күрделі және кейде өлімге әкелетін аса жоғары сезімталдық реакциялары (оның ішінде анафилактоидты және терінің күрделі жағымсыз реакциялары) пенициллинмен емделген пациенттерде тіркелген. Бұл реакциялар пенициллинге аса жоғары сезімталдық тарихы бар адамдарда және атопиялық индивидумдарда болуы мүмкін. Егер аллергиялық реакция пайда болса, амоксициллин/клавулан қышқылымен емдеуді тоқтатып, тиісті баламалы ем тағайындау керек. Күрделі анафилаксиялық реакциялар кезінде пациентке дереу эпинефрин енгізу керек. Сондай-ақ, оксигенотерапия, глюкокортикостероидтарды вена ішіне енгізу және интубацияны қамтитын тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету қажет болуы мүмкін.

Терінің аллергиялық реакциялары пайда болған жағдайда Азмак препаратымен емдеуді тоқтату қажет.

Инфекциялық мононуклеозға күдік туындаған кезде амоксициллин/клавулан қышқылынан аулақ болу керек, өйткені амоксициллинді пайдаланғаннан кейін қызылша тәрізді бөртпелер пайда болды.

Азмак препаратының бұл дәрілік түрі жоғары қауіп бар кезде, болжамды патогендердің бета-лактамдық агенттерге төзімділігі болғанда, яғни клавулан қышқылымен тежелуге сезімтал бета-лактамазалар арқылы емес болғанда, пайдалануға жарамсыз.

Препараттың бұл түрі пенициллинге төзімді S. pneumoniae емдеу үшін пайдаланылмауы тиіс.

Ұзақ мерзімді пайдалану кейде сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс өсуіне әкелуі мүмкін.

Азмак препаратын қабылдау аясында антибиотикпен астасқан колиттің даму жағдайлары хабарланды, оның дәрежесі елеусізден өмірге қауіп төндіретін дәрежеге дейін болды. Осыған байланысты антибиотиктерді қабылдау кезінде немесе одан кейін дамыған диареясы бар пациенттерде колиттің даму мүмкіндігін қарастыру қажет. Колит диагнозы расталған кезде Азмак препараты дереу тоқтатылуы тиіс; пациент қажетті ем жүргізу үшін дәрігермен кеңесуі тиіс. Бұл жағдайда антиперистальтикалық препараттар қарсы көрсетілген.

Емдеудің басында пустуламен байланысты қызбалық жайылған эритеманың пайда болуы жедел жайылған экзантематозды пустулездің (AGEP) симптомы болуы мүмкін. Бұл реакция Азмак препаратын енгізуді тоқтатуды талап етеді және амоксициллиннің кез келген кейінгі енгізілуіне қарсылықты көрсетеді.

Амоксициллин/клавулан қышқылын қабылдаған, кейінірек Aspergillus инфекциясы анықталмаған пациенттерде Platelia Aspergillus EIA Bio-Rad Laboratories тестісі қолданылған сынақтың оң нәтижелері туралы есептер болды. Aspergillus емес полисахаридтермен және Рlateia Aspergillus EIA био-Rad Laboratories тестімен полифураноздармен айқаспалы реакциялар туралы хабарламалар болды. Демек, амоксициллин/клавулан қышқылын қабылдайтын пациенттерде тесттің оң нәтижелерін абайлап түсіндіру және басқа диагностикалық әдістермен растау керек.

Қанайналымның бұзылуы

Бүйрек, бауыр және қан түзу функцияларын қоса, ағзалар жүйесінің функцияларын мерзімді бағалау ұзақ ем кезінде ұсынылады.

Протромбин уақытын ұзарту амоксициллин/клавулан қышқылын қабылдаған пациенттерде сирек хабарланды. Антикоагулянттар бір уақытта тағайындалған кезде тиісті мониторинг қажет. Пероральді антикоагулянттардың дозасын түзету антикоагуляцияның қажетті деңгейін демеу үшін қажет болуы мүмкін.

Азмак препаратында клавулан қышқылының болуы IgG мен альбуминді эритроциттер жарғақшаларымен спецификалық емес байланысуды туындатуы мүмкін, бұл жалған оң Кумбс тестін беруі мүмкін.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде дозаны сақтықпен тағайындау, сондай-ақ бауыр функциясын тұрақты бақылау керек. Амоксициллин/клавулан қышқылын бауыр жеткіліксіздігі белгілері бар пациенттерде сақтықпен пайдалану керек.

Бауыр зақымдануының белгілері мен симптомдары әдетте емдеу басталған кезде немесе одан кейін бірден пайда болады, бірақ кейбір жағдайларда ем тоқтатылғаннан кейін бірнеше апта ішінде байқалмауы мүмкін. Әдетте, олар қайтымды. Бауырдың бұзылуы өте күрделі болуы мүмкін және өте сирек жағдайларда өліммен аяқталу туралы хабарланды. Олар әрдайым дерлік күрделі негізгі ауруы бар пациенттерде немесе бауырға әсер етуі мүмкін препараттарды бір уақытта қабылдаған адамдарда тіркелді.

Бауыр оқиғалары негізінен ерлер мен егде жастағы пациенттерде тіркелген және ұзақ емделумен байланысты болуы мүмкін. Бұл оқиғалар балаларда өте сирек болды.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде доза бұзылу дәрежесіне сәйкес түзетілуі тиіс.

Несеп бөлінуі төмендеген пациенттерде кристаллурия өте сирек, негізінен парентеральді еммен бірге байқалды. Амоксициллиннің жоғары дозаларын енгізген кезде амоксициллин кристаллуриясы мүмкіндігін азайту мақсатында сұйықтықты талапқа сай қабылдауды және несеп шығаруды сақтаған жөн. Қуығына катетер қойылған пациенттерде өткізгіштігін үнемі тексеріп отыру керек.

Амоксициллинмен емдеу кезінде несептегі глюкозаның бар-жоғын тексеру үшін ферментативті глюкоза оксидазалық әдістерін қолдану керек, өйткені ферментативті емес әдістермен жалған оң нәтиже алуға болады.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде немесе жоғары дозаларды қабылдағанда құрысулар пайда болуы мүмкін.

Рекомендации по применению

Дозалау режимі

Дозасы әрбір компонент үшін жеке көрсетілетін жағдайларды қоспағанда, доза біріктірілімдегі амоксициллин мен клавулан қышқылының мөлшеріне қатысты көрсетіледі.

Жеке инфекцияны емдеу үшін таңдалған Азмак препаратының дозасын таңдау кезінде назарға алу қажет:

- Күтілетін патогендер және олардың бактерияға қарсы агенттерге ықтимал сезімталдығы

- Ауырлығы және жұқтыру орны

- Төменде көрсетілгендей пациенттің жасы, салмағы және бүйрек функциясы.

Азмак препаратын шығарудың баламалы түрлерін (мысалы, амоксициллиннің неғұрлым жоғары дозаларын және/немесе амоксициллиннің клавулан қышқылына әртүрлі арақатынасын қамтамасыз ететіндерді) қажетіне қарай қарастыру керек.

Ересектер мен балалар > 40 кг ересектерге арналған Азмак препаратының дозасымен емделуі тиіс.

Пациенттердің ерекше топтары

Салмағы 40 кг-ден кем балалар үшін Азмак препаратының бұл құрамы төменде ұсынылғандай енгізу кезінде 1000-2800 мг амоксициллин/143-400 мг клавулан қышқылының ең жоғары тәуліктік дозасын қамтамасыз етеді. Егер амоксициллиннің неғұрлым жоғары тәуліктік дозасы талап етілсе, клавулан қышқылының тым жоғары тәуліктік дозасын енгізуді болдырмау үшін басқа Азмак препаратын таңдау ұсынылады.

˂ 40 кг балалар: балаларды суспензиялар немесе педиатриялық саше түрінде шығарылатын дәрілік түрлерімен емдеуге болады.

Ұсынылатын дозалар:

- тәулігіне 25 мг/ 3,6 мг/кг –ден тәулігіне 45 мг/ 6,4 мг/кг дейін, жеке бөлінген екі доза түрінде қабылданатын (тері және жұмсақ тіндер инфекциялары, сондай-ақ қайталанатын тонзиллит);

- күніне 70 мг/10 мг/кг дейін, кейбір инфекциялар үшін (ортаңғы отит, синусит және төменгі тыныс алу жолдарының, несеп шығару жолдарының инфекциясы, сүйек және буын инфекциясы сияқты) қабылданатын жеке бөлінген екі доза ретінде.

Амоксициллиннің клавулан қышқылына арақатынасы 7:1 болатын Азмак препаратын 2 жасқа дейінгі балаларда күніне кг-ге 45 мг/ 6,4 мг-ден жоғары дозаларға қатысты қолдануды ұсыну үшін клиникалық деректер жеткіліксіз.

Азмак 7:1 препаратының құрамы үшін 2 айлық жасқа дейінгі пациенттер үшін ешқандай деректер жоқ. Сондықтан пациенттердің осы тобында дозалау бойынша ұсыныстар жоқ.

Егде жастағы пациенттер

Дозалау режимін түзету талап етілмейді, ересек пациенттердегідей дозалау режимі қолданылады. Бүйрек функциясы бұзылған егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясы бұзылған ересек пациенттер үшін тиісті дозалар тағайындалады.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Сақтықпен дозалау және бауыр функциясын үнемі бақылау.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Креатинин клиренсі (CrCl) 30 мл/мин астам пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді.

Креатинин клиренсі 30 мл/мин төмен пациенттерде амоксициллиннің клавулан қышқылына қатынасы 7:1 Азмак препаратының дәрілік түрін қолдану ұсынылмайды, өйткені дозаны түзету бойынша ешқандай ұсынымдар жоқ.

Передозировка

Симптомдары: асқазан-ішек бұзылыстары және су-электролит теңгерімінің бұзылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына әкелетін амоксициллиндік кристаллурия сипатталған.

Азмак препаратын бүйрек функциясы төмендеген пациенттерге тағайындаған кезде немесе жоғары дозаларды пайдаланған кезде құрысулар дамуы мүмкін.

Шұғыл емшаралар: симптоматикалық ем жүргізу, су-электролит теңгерімін түзету. Азмак препараты қаннан гемодиализдің көмегімен шығарылады.

Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігердің немесе фармацевттің кеңесіне жүгініңіз.

Форма выпуска

Азмак 200/28.5 мг және 400/57 мг пероральді суспензияға арналған ұнтақ, 100 мл III типті  янтарь түстес, көлемі 125 мл (100 мл дейін таңбаланған) шыны бөтелкелерге салынған және бөтелкемен үйлесімді қауіпсіздік белдігі бар, ақ полипропилен қақпақпен жабылған. 

Мөлдір қасықпен (1,25 мл, 2,5 мл және 5 мл дейін таңбаланған) және медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге 1 құтыдан картон қорапшаға салынған.

Условия хранения

Құрғақ жерде, 25° С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Дайындалған суспензияны тоңазытқышта 2 С-ден 8 С-ге дейінгі температурада сақтау және 10 күн ішінде пайдалану керек.

Ылғалдан қорғаңыз. Құтыны препаратты қабылдағаннан кейін бірден тығыз жабу керек.

Мұздатқыш камерада сақтамаған жөн.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

...loading

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаАзмак суспензиясы 400 мг / 57 мг 100 мл онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация
...loading

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube