Показания к применению
- шығу тегі әр түрлі бас ауыруында
- шығу тегі әр түрлі бас ауыруында
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы
- өршу фазасындағы АІЖ эрозиялық-ойық жаралы зақымданулары
- асқазан-ішектен қан кетулер
- «аспирин» демікпесі және «аспирин» үштігі
- геморрагиялық диатездер (Виллебранд ауруында, тромбоцитопениялық пурпурада, телеангиоэктазияда), гипопротромбинемия, гемофилия
- қолқаның қатпарланған аневризмасы
- портальді гипертензия
- К дәруменінің тапшылығ
- метотрексатты аптасына 15 мг және одан көп дозада қабылдау
- бүйрек және бауыр қызметінің жеткіліксіздігі
- жүктілік және лактация кезеңі
- подагра және подагралық артрит
- 15 жасқа дейінгі балаларда вирустық аурулар аясындағы гипертермиямен қатар жүретін аурулар
- III дәрежедегі артериялық гипертензия
- созылмалы жүрек жетіспеушілігі
- жүрек-қантамыр жүйесінің органикалық аурулары (оның ішінде атеросклероз)
- қатты қозғыштық, ұйқының бұзылуы
- глаукома
- көп қан кетумен қатар жүретін хирургиялық араласулар
Бір мезгілде қолданғанда метотрексаттың, вальпрой қышқылының, барбитурат препараттарының уыттылығын, есірткілік анальгетиктердің, диабетке қарсы ішуге арналған препараттардың, сульфаниламидтік дәрілердің, ко-тримаксозолдың, трийодтирониннің, дигоксиннің әсерін күшейтеді.
Біріктірілген ішуге арналған контрацептивтер, фенитоин, алкоголь, барбитураттар, рифампицин, фенилбутазон, трициклдық антидепрессанттар препарат құрамына енетін парацетамолдың гепатоуытты әсерін арттырады.
Макролидтік антибиотиктер (клартромицин, эритромицин), интерферон препараттары мен зеңге қарсы дәрілер (кетоконазол, флуконазол) препарат компоненттерінің метаболизмін баяулатады және олардың плазмадағы концентрациясын жоғарылатады.
Тікелей емес антикоагулянттармен, тромбоциттер агрегациясының тежегіштерімен, тромболитикалық дәрілермен бір мезгілде қолданғанда қан кету қаупін арттырады.
АӨФ тежегіштері тобына жататын гипотензиялық дәрілердің, ілмектік және калий жинақтағыш диуретиктердің әсерін әлсіретеді.
Глюкокортикостероидтар препарат компоненттерінің асқазан шырышты қабатына уытты әсерін күшейтеді, қан плазмасындағы ацетилсалицил қышқылының концентрациясын төмендетеді.
2-адреномиметиктермен (салметеролмен, сальбутамалмен, фенетеролмен) жоғары дозаларда бір мезгілде қолданғанда гипокалиемияның даму қаупін арттырады.
Теофиллинмен, аминофиллинмен бір мезгілде қолданғанда,олардың қан плазмасындағы концентрациясының жоғарылауы мен уыттану қаупінің артуы байқалады.
Плазмадағы литий иондарының концентрациясын арттырады.
Урикозуриялық дәрілердің әсерін әлсіретеді.
Алкогольдің асқазан-ішек жолының шырышты қабығына уытты әсерін күшейтеді.
Дозалау режимі
Ересектер мен 15 жастан үлкен балаларға күніне 2–3 рет 1 таблетка дозасында тағайындайды. Препаратты қабылдау аралықтарындағы үзілістер кемінде 6–8 сағатты құрауы тиіс. Ең жоғарғы бір реттік дозасы – 2 таблетка, ең жоғарғы тәулікті дозасы – 4 таблетка.
Ыстықты түсіретін дәрі ретінде дене температурасы 38,5°С-ден асқанда (анамнезінде фебрильдік құрысулары бар пациенттерде температура 37,5°С-ден асқанда) 1–2 таблетка дозасында тағайындайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке, дұрысы тамақтану аралықтарында немесе тамақтан кейін бірден қолданылады.
Емдеу ұзақтығы
Ауыруды басатын дәрі ретіндегі қолдану ұзақтығы 5 күннен, ыстықты түсіретін дәрі ретінде – 3 күннен аспауы тиіс.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Ұсынылған дозаны және қолдану ұзақтығын арттырмаған жөн!
Симптомдары:
- жеңіл уыттануда: жүрек айнуы, құсу, асқазанның ауыруы, бас айналуы, құлақтағы шуыл;
- ауыр уыттану кезінде: мәңгіру, ұйқышылдық, коллапс, құрысулар, тыныстың тарылуы, анурия, қан кетулер.
Емі: белсендірілген көмірді пайдаланып асқазанды шаю, зат алмасу жағдайына байланысты симптоматикалық ем – натрий гидрокарбонатын, натрий цитратын немесе натрий лактатын енгізу, бұл несепті сілтілендіру есебінен ацетилсалицил қышқылының шығарылуын күшейтеді.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Қолдану тәсілі туралы сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігерге немесе дәріхана қызметкеріне жүгіну қажет.
10 таблеткадан пішінді ұяшықты қаптамаға.
6 таблеткадан пішінді ұяшықсыз қаптамаға.
Пішінді ұяшықсыз/пішінді ұяшықты қаптамалар (қорапшаға салмай) медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге топтық қаптамаға салынады. Қазақ және орыс тілдеріндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтардың саны біріншілік қаптаманың санына сәйкес келуі керек.
1, 2, 5 пішінді ұяшықсыз қаптамалар немесе 1, 2, 5 пішінді ұяшықты қаптамалар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.