daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Усть-Каменогорске қаласындағы 3 Мг/0,02 Мг Таблеткадағы Димсам №84 | Гедеон Рихтер ОАО

Усть-Каменогорске қаласындағы 3 Мг/0,02 Мг Таблеткадағы Димсам №84 | Гедеон Рихтер ОАО

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Диаметрі 6 мм жуық, бір жағында «G73» өрнегі бар, екі беті дөңес, ақ немесе ақ дерлік түсті үлбірлі қабықпен қапталған дөңгелек пішінді таблеткалар. Диаметрі 6 мм жуық, екі беті дөңес, жасыл түсті үлбірлі қабықпен қапталған дөңгелек пішінді таблеткалар (плацебо).

Производитель:

Гедеон Рихтер ОАО

Страна производитель:

Венгрия

Действующее вещество:

Маркер-субстраттар ретінде омепразол, симвастатин және мидазолам қабылдайтын ерікті әйелдерде жүргізілген in vivo тежеліс зерттеулерінің нәтижелерін негізге алғанда, 3 мг дозадағы дроспиренонның P450 цитохромы жүйесі арқылы жүретін басқа әсер етуші заттар метаболизміне клиникалық мәнді әсер ету ықтималдығы аз. Клиникалық зерттеулер CYP1A2 субстраттары клиренсінің этинилэстрадиолмен тежелуінің қан плазмасында олардың әлсіз (мысалы, теофиллин) немесе орташа (мысалы, тизанидин) жоғарылауына алып келетінін айғақтайды. Өзара әрекеттесудің басқа түрлері Бүйрек жеткіліксіздігі жоқ пациенттерде дроспиренон және АӨФт немесе ҚҚСП тежегіштерін бір мезгілде қолдану қан сарысуында калий мөлшеріне елеулі ықпалын тигізбейді. Алайда, ДИМИА препаратын альдостерон антагонистерімен немесе калий жинақтаушы диуретиктермен бір мезгілде қолдану зерттелмеген. Бұл жағдайда препарат қабылдаудың алғашқы циклы кезінде қан сарысуында калий мөлшеріне өлшеу жүргізу қажет.

Дозировка активного вещества:

3 мг/0,02 мг

Лекарственная форма:

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 3 мг/0,02 мг

Количество в упаковке:

84 шт.

Аналоги

Инструкция

Состав

- Жер жаңғағы мен сояға жоғары сезімталдық

- ВТЭ болуы немесе туындау қаупі:

- Қазіргі уақытта (антикоагулянттар қабылдау) немесе анамнезде (мысалы, терең веналар тромбозы [ТВТ] немесе өкпе артериясының тромбоэмболиясы [ӨАТЭ] ВТЭ болуы.

- Анықталған тұқым қуалайтын немесе жүре пайда болған ВТЭ бейімділігі, мысалы, белсендірілген С протеиніне төзімділік (V Лейден фaкторын қоса), антитромбин III тапшылығы, С протеин тапшылығы, S протеин тапшылығы.

- Иммобилизациясы ұзаққа созылатын ауқымды операциялық араласулар («Арнайы сақтандырулар» бөлімін қараңыз).

- Көптеген қауіп факторлары салдарынан болатын жоғары ВТЭ қаупі («Арнайы сақтандырулар» бөлімін қараңыз).

- Артериялық тромбоэмболияның (АТЭ) болуы немесе даму қаупі:

- Қазіргі уақытта немесе анамнезде АТЭ (мысалы, миокард инфарктісі) немесе соның алдындағы жай-күйлердің (мысалы, стенокардия) болуы.

- Ми қан айналымының бұзылуы - қазіргі уақытта немесе анамнезде инсульттің немесе соның алдындағы жай-күйлердің (мысалы, транзиторлы ишемиялық шабуыл - [ТИШ]) болуы.

- Анықталған тұқым қуалайтын немесе жүре пайда болған АТЭ бейімділігі, мысалы, гипергомоцистеинемия және фосфолипидтерге антиденелер (кардиолипинге антиденелер, жегілік антикоагулянт).

- Анамнезде ошақтық неврологиялық симптоматикасы бар бас сақинасының болуы.

- Көптеген қауіп факторлары салдарынан болатын АТЭ дамуының («Арнайы сақтандырулар» бөлімін қараңыз) немесе төменде тізбеленгендерден бір күрделі қауіп факторы болуының жоғары қаупі:

- тамыр асқынуларымен болатын қант диабеті;

- ауыр артериялық гипертензия;

- ауыр дислипопротеинемия.

- Анамнезде немесе қазіргі уақытта бауыр функциясы көрсеткіштерінің қалыпқа түсуіне дейінгі бауырдың ауыр сипатты ауруының болуы.

- Бүйректің ауыр созылмалы жеткіліксіздігі немесе бүйректің жедел жеткіліксіздігі.

- Анамнезде немесе қазіргі уақытта бауыр (қатерсіз немесе қатерлі) ісіктерінің болуы.

- Белгілі немесе күмән тудыратын гормонға тәуелді (мысалы, жыныс мүшелерінің немесе сүт безінің) қатерлі ісіктер;

- Этиологиясы түсініксіз қынаптан қан кетулер.

- Бірінші етеккірлік оралымына дейін (менархе).

- Жүктілік немесе оған күмән болуы, емшекпен қоректендіру кезеңі.

- Менопаузадан кейінгі кезең.

- Лактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза-галактозалық мальабсорбция.

Показания к применению

Ішуге арналған контрацепция.

ДИМИА препаратын тағайындар алдында әйелде, әсіресе, вена тромбоэмболияcына (ВТЭ) қатысты жеке қауіп факторларының бар-жоғын есепке алу керек, сондай-ақ ДИМИА препаратын қолдану кезіндегі ВТЭ қаупін басқа біріктірілген гормональді контрацептивтер (БГК) қабылдау кезіндегі ВТЭ қаупімен салыстыру керек («Қолдануға болмайтын жағдайлар» және «Арнайы сақтандырулар» бөлімдерін қараңыз).

Взаимодействие

Плацебо-таблеткалар құрамында аллергиялық реакциялар туғызуы мүмкін «күн батар түстес сары» бояғыш (E110) бар.

Рекомендации по применению

Дозалану режимі

ДИМИА препаратын қалай қабылдау керек

Таблеткаларды пішінді ұяшықты қаптамада көрсетілген тәртіпте, қажет болса, аздаған су мөлшерімен ішіп, күн сайын шамамен белгілі бір уақытта қабылдау керек. Таблеткаларды қабылдау арасында үзілістер болмауы тиіс. Препаратты 28 күн бойы тәулігіне 1 таблеткадан үздіксіз режимде қабылдау керек. Әр келесі қаптаманы қабылдауды алдыңғы қаптамадан соңғы таблетканы қабылдаудан кейін келесі күні бастау керек. «Тоқтатудан» болатын қан кету, әдетте, жасыл плацебо-таблеткалар (соңғы қатар) қабылдаудың басталуынан кейін 2-3 күні басталады және оның келесі қаптаманы қабылдаудың басталуына дейін аяқталуы міндетті емес.

ДИМИА препаратын қабылдау қалай басталу керек

Егер бұрын гормональді контрацептивтер пайдаланылмаса (алдыңғы айда):

Таблеткалар қабылдауды әйелдің етеккір оралымының 1 күнінен (яғни, етеккірлік қан кетудің бірінші күнінен) бастау керек.

Біріктірілген гормональді контрацептивтерден (біріктірілген пероральді контрацептивтен (БІК), қынаптық сақинадан немесе трансдермалық бұласырдан) ауысқанда:

Әйелге ДИМИА препаратын қабылдауды алдыңғы БІК соңғы белсенді таблеткасын (құрамында белсенді зат бар соңғы таблетка) қабылдаудан кейінгі келесі күні бастаған дұрыс; ондай жағдайларда ДИМИА препаратын қабылдау алдыңғы БІК таблеткаларын қабылдаудағы немесе белсенді емес плацебо таблеткаларын қабылдаудағы әдеттегі үзілістен кейін келесі күннен кешікпей басталуы тиіс. Қынаптық сақина немесе трансдермалық бұласыр жағдайында ДИМИА препаратын қабылдауды алдыңғы құрал алып тасталған күні бастаған дұрыс; ондай жағдайларда ДИМИА препаратын қабылдау жаңа сақинаны енгізу немесе кезекті бұласыр жапсыру керек болатын күннен кешікпей басталуы тиіс.

Құрамында тек прогестаген бар басқа препараттардан («мини-пили», инъекциялар, имплантаттар) немесе прогестаген босатып шығаратын жатырішілік жүйеден (ЖІЖ) ауысқанда:

«Мини-пили» қабылдайтын әйел ДИМИА препаратын қабылдауға кез келген күні көше алады (имплантат немесе жатырішілік жүйені пайдаланушы - оларды алып тастаған күні, инъекциялық түрлерін қолданушы - келесі инъекция жасалуы тиіс күні), бірақ осы жағдайлардың бәрінде препарат қабылдаудың алғашқы 7 күнінде қосымша контрацепциялық бөгеу әдісін пайдалану ұсынылады.

Бірінші триместрде жүктілікті үзуден кейін:

Препарат қабылдауды дереу бастауға болады. Осы жағдайда контрацепцияның қосымша әдісі қажет емес.

Босанудан немесе жүктілікті екінші триместрде үзуден кейін:

Әйелге препарат қабылдауды босанудан немесе жүктілікті ІІ триместрде үзуден кейінгі 21-28 күні бастауға кеңес беріледі. Препарат қабылдаудың басында, кешірек мерзімдерде таблеткалар қабылдаудың алғашқы 7 күні ішінде контрацепциялық бөгеу әдісін қосымша қолдану ұсынылады. БІК қолданудың басталуына дейін жыныстық қатынас болған жағдайда жүктіліктің бар-жоғы анықталуы тиіс немесе алғашқы етеккірді күте тұру қажет. Бала емізу кезінде «Жүктілік немесе лактация кезінде» бөлімін қараңыз.

Форма выпуска

ПВХ/ПЭ/ПВДХ үлбірінен және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 24 таблеткалық препараттан және 4 таблеткалық плацебодан.

Пішінді ұяшықты 1 немесе 3 қаптамадан жалпақ картон сауытымен және медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Условия хранения

Түпнұсқалық қаптамасында, жарықтан қорғалған жерде, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупка3 мг/0,02 мг таблеткадағы димсам №84 онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube