daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Усть-Каменогорске қаласындағы Dutas T Капсулалары 0,5 Мг/ 0,4 Мг №7 | Laboratorios Leon Farma S.A

Усть-Каменогорске қаласындағы Dutas T Капсулалары 0,5 Мг/ 0,4 Мг №7 | Laboratorios Leon Farma S.A

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Ұзынша пішінді, қалпақшасында қара сиямен С001 жазбасы бар, ақшыл сары түсті қалпақшасы бар қатты желатинді қоңыр түсті капсулалар. Капсуланың ішіндегісі: мөлдір сұйықтықпен және ақ немесе ағарыңқы түсті тамсулозин түйіршіктерімен толтырылған ашық-сары түсті ұзынша пішінді жұмсақ желатинді капсула (шамамен 16,5 * 6,5 мм).

Производитель:

Laboratorios Leon Farma S.A

Страна производитель:

Испания

Действующее вещество:

- Тамсулозин гидрохлориді 0.4 мг қосымша заттар: монокаприлат пропиленгликолі, II тип (1), бутилгидрокситолуол (E321), желатин (гель түзілу дәрежесі, B типі, 150 Bloom), глицерол, титанның қостотығы, метакрил қышқылы мен этилакрилат сополимерінің дисперсиясы (1:1) 30%, натрий лаурилсульфаты 0,7%, полисорбат 80 2,3%, микрокристалды целлюлоза, дибутилсебацинат, полисорбат 80, кремнийдің қостотығы, кальций стеараты, темірдің қара тотығы (Е172), темірдің қызыл тотығы (Е172), титанның қостотығы (Е171), темірдің сары тотығы (Е172), желатин

Дозировка активного вещества:

0,5 мг/ 0,4 мг

Лекарственная форма:

Капсулалар

Количество в упаковке:

7 шт.

Аналоги

Инструкция

Показания к применению

ДП ересектерде қолдануға арналған:

- Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясының (ҚБҚГ) орташа және ауыр симптомдарын емдеуде.

- ҚБҚГ орташа және ауыр симптомдары бар пациенттерде жедел несеп іркілу (ЖНІ) және хирургиялық араласым қаупінің төмендеуінде.

Противопоказания

- дутастеридке, 5-альфа редуктазаның басқа тежегіштеріне, тамсулозинге (тамсулозин индукцияланған ангионевроздық ісінуі бар пациенттерді қоса), сояға, арахиске немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- әйелдер

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

- бауыр жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесі

- анамнезінде ортостатикалық гипотензия ұстамалары

- катарактаға қатысты жоспарланған операция

Взаимодействие

Дутас Т® препаратының дәрілік өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілген жоқ. Төмендегі деректер жеке компоненттер үшін қол жетімді ақпаратты көрсетеді.

Дутастерид

Дутастеридпен емдеу кезінде қан сарысуындағы ПСА деңгейін төмендетеді және қуықасты безі обырын диагностикалауға қатысты ұсынымдар.

Басқа дәрілік заттардың дутастерид фармакокинетикасына әсері

Дутастерид негізінен метаболизм жолымен шығарылады. CYP3A4 және CYP3A5 метаболизм катализаторлары болып табылады. Күшті әсер ететін CYP3A4 тежегіштерімен өзара әрекеттесуге ресми зерттеулер жүргізілген жоқ. Верапамил немесе дилтиазем (орташа CYP3A4 тежегіштері және Р - гликопротеин тежегіштері) бір мезгілде қабылдаған пациенттердің аз санында қан сарысуындағы дутастерид концентрациясы басқа пациенттерге қарағанда орта есеппен жоғары болды.

Дутастеридті CYP3A4 ферментінің күшті әсер ететін тежегіштері болып табылатын басқа дәрілік препараттармен біріктіріп ұзақ уақыт қолдану (мысалы, ритонавир, индинавир, нефазодон, интраконазол, кетоконазол сияқты ішке қабылдауға арналған препараттар) қан сарысуындағы дутастеридтің концентрациясын арттыруы мүмкін. Дутастерид әсерінің артуы кезінде 5-альфа-редуктазаның одан әрі тежелуі екіталай. Алайда, жағымсыз реакциялар пайда болған кезде дутастеридтің дозалау жиілігін төмендету мүмкіндігін қарастыруға болады. Ферменттің тежелуі жағдайында жартылай шығарылудың ұзақ кезеңі қосымша ұлғаюы мүмкін, бұл жаңа тепе-теңдік концентрациясына қол жеткізу үшін 6 айдан астам уақыт бойы бір мезгілде ем қолдануды талап етуі мүмкін.

Дутастеридті 5 мг дозада бір рет қабылдағаннан кейін бір сағаттан соң 12 г холестираминді енгізу дутастеридтің фармакокинетикасына әсер еткен жоқ.

Дутастеридтің басқа дәрілік препараттардың фармакокинетикасына әсері

Дутастерид (тәулігіне 0.5 мг) ұзақтығы екі апта зерттеуде тамсулозин немесе теразозин фармакокинетикасына әсер етпеді. Сондай-ақ, бұл зерттеуде фармакодинамикалық өзара әрекеттесу байқалмады.

Дутастерид варфарин немесе дигоксиннің фармакокинетикасына әсер етпейді. Бұл дутастерид CYP2С9 ферментін немесе Р-гликопротеин тасымалдаушысын тежемейді/индукцияламайды дегенді білдіреді. Дутастерид CYP1A2, CYP2D6, CYP2C9, CYP2C19 немесе CYP3A4 ферменттерін тежемейді.

Тамсулозин

Тамсулозинді анестетиктерді, ФДЭ-5 тежегіштерін және альфа1-адренорецепторлардың басқа антагонистерін қоса алғанда, артериялық қысымды төмендететін препараттармен бір мезгілде қабылдау гипотензивті әсердің күшеюіне әкелуі мүмкін. Дутастерид-тамсулозин біріктірілімін альфа1-адренорецепторлардың басқа антагонистерімен бірге қолдануға болмайды.

Тамсулозин гидрохлориді мен кетоконазолды бір мезгілде қабылдау (CYP3A4 күшті тежегіші) тамсулозин гидрохлоридінің Cmax және AUC ұлғаюына әкелді. Тамсулозин гидрохлориді мен пароксетинді бір мезгілде қабылдау (күшті CYP2D6 тежегіші) тамсулозин гидрохлоридінің Cmax және AUC ұлғаюына әкелді. CYP3A4 күшті тежегішімен бір мезгілде қолданған кезде жылдам метаболизмі бар пациенттермен салыстырғанда CYP2D6 баяу метаболизмі бар пациенттерде әсердің ұқсас ұлғаюы күтіледі. Тамсулозин гидрохлоридімен CYP3A4 және CYP2D6 тежегіштерін бір мезгілде қабылдау әсері клиникалық практикада бағаланбаған, алайда тамсулозин әсерінің айтарлықтай ұлғаю ықтималдығы бар.

Тамсулозин гидрохлоридін (0.4 мг) және циметидинді (алты тәулік ішінде әрбір алты сағат сайын 400 мг) бір мезгілде қабылдау клиренстің төмендеуіне және тамсулозин гидрохлоридінің AUC ұлғаюына әкелді. Дутастерид-тамсулозин біріктірілімін циметидинмен бірге сақтықпен қолдану керек.

Диклофенак пен варфарин тамсулозиннің шығарылу жылдамдығын арттыруы мүмкін. Варфарин мен тамсулозин гидрохлоридін бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек.

Тамсулозин гидрохлоридін атенололмен, эналаприлмен, нифедипинмен немесе теофиллинмен бір мезгілде қолданғанда өзара әрекеттесу байқалған жоқ. Фуросемидпен бір мезгілде қабылдау қан плазмасындағы тамсулозин деңгейінің төмендеуін туындатады, бірақ деңгейлер қалыпты ауқым шегінде қалатындықтан, дозаны түзету қажет емес.

Диазепам, пропанолол, трихлорметизиад, хлормадинон, амитриптилин, диклофенак, глибенкламид, симвастин адамның қан плазмасындағы тамсулозиннің бос фракциясын өзгертпеді. Тамсулозин сонымен қатар диазепам, пропанолол, трихлорметиазид және хлормадинонның бос фракцияларын өзгертпеді.

Форма выпуска

7 немесе 30 капсуладан бұрандалы қақпағы бар құтыда (HDPE).

Кремнезем бар қақпақ құрғатқыш ретінде су өткізбейтін камерада.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Картон қорапшасындағы бірінші ашылуды қорғайтын қораптың екі жағында да мөлдір жапсырма болады.

Условия хранения

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

2 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаDutas t капсулалары 0,5 мг/ 0,4 мг №7 онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube